1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Рахметова С.К.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге белгiленген тәртiппен тиiстi шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
орталық аппаратының мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесi <*> Ескерту: Ереженiң барлық мәтiнi бойынша "кредиттер", "кредиттердiң", "депозиттер" деген сөздер тиiсiнше "заемдар", "заемдардың", "салымдар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен.
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z952444_ , бухгалтерлiк есептiң қазақстандық және халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалды.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебi деген ұғымды, оны жасау тәртiбiн және ұсыну мерзiмiн, сондай-ақ шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды. <*>
Ескерту: Кіріспе өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен.
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде қолданылатын, негiзгi ұғымдар:
1) <*>
2) еншiлес ұйым - банк тура (тiкелей) немесе жанама (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы) дауыс беретiн акциялардың елу процентiнен астамын иеленетiн немесе дауыс беру мүмкiндiгi бар немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (немесе өзге тәсiлмен) осы заңды тұлға қабылдайтын шешiмдi анықтауға банктiң мүмкiндiгi болатын заңды тұлға; <*>
3) <*>
4) бас банк - бұл бiр және/немесе одан да көп еншiлес және/немесе бағынышты ұйымдары бар банк. <*>
5) топ - бас банкпен оның барлық бағынышты және еншiлес ұйымдары;
6) шоғырландырылған қаржылық есеп беру - бас банктiң, оның бағынышты және еншiлес ұйымдарының жеке қаржылық есептi бiр ұйымның есебіндей жасауы;
7) жеке қаржылық есеп беру - бас банктiң, оның бағынышты және еншiлес ұйымдарының шоғырландырылуға жататын қаржылық есеп беруi;
8) азшылық үлесi - бұл бас банк иеленбейтiн, қаржы-шаруашылық қызметтен түскен таза табысының (шығынның) және еншiлес ұйымдардың үлесiне тиетiн таза активтiң бiр бөлiгi;
9) толық дерлiк иелiк - бас банк еншiлес ұйымның дауыс беру акциясының 90 проценттен астамын иеленушi;
10) бағынышты ұйым - банк дауыс беретiн акцияларының жиырма процентiнен астамын иеленетiн заңды тұлға; <*>
11) <*>
12) үлеске қатысу әдiсi - бас банк инвестициясын бағынышты ұйым қабылдаған кезде сатып алу бағасын келешек өсiмiмен (азаюымен) қоса бағалағанда бағынышты ұйымның таза активтерiнiң өзгерiстерiндегi есептеу әдiсi. Бағынышты ұйымның таза кiрiсiнде (шығынында) бас банктiң үлесiн мойындау бойынша бас банк үлесiнiң өзгеруi қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары туралы есепте бас банктiң кiрiсi (шығысы) деп есептеледi;
13) бағалау әдiсi - инвестициялар сатып алынған кезде сатып алу бағасы бойынша көрсетiлетiн есеп әдiсi. Инвестициядан түскен кiрiс бас банктiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есепте бағынышты ұйымның жинақталған таза табысының жалпы сомасынан сатып алынған тиiстi күннен кейiн пайда болған дивиденд мөлшерiнде қабылданады;
14) Консорциум - бiрiгiп шаруашылық қызмет ету туралы шарт негiзiндегi уақытша ерiктi тең құқықты одақ (бiрлестiк), мұнда заңды тұлғалар нақты шаруашылық мәселелерiн шешу үшiн қор атаулыны бiрiктiредi және күш-жiгердi жұмылдырады; <*>
15) бiрлескен шаруашылық қызмет - екi немесе одан да көп тараптардың жалпышаруашылықтық мақсатқа жету үшiн бiрлесiп қызмет етуге мiндеттенуi. <*>
16) жанама әдiс - таза кiрiс немесе шығын ағымдағы активтердi және мiндеттемелердi, ақшамен жасалмайтын операцияларды, сондай-ақ операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтiң нәтижесi болып табылатын есептелген кiрiстi және шығынды алдыңғы кезеңмен салыстыра өзгерту арқылы түзетiлетiн әдiс. <*>
Бұл әдiс топтың қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы шоғырландырылған баланстағы және шоғырландырылған есептегі ақпаратқа негізделген; <*>
17) банктiк топ - банк қатысушысы болып табылатын банк және ұйым. <*>
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107
V021835_ қаулысымен.
2. Еншiлес немесе бағынышты ұйымды тiкелей иемдену мынадай жағдайда: бұл ұйымдардың дауыс беру акцияларын бас банк өзi сатып алғанда жүзеге асады. Жанама иелiк еншiлес және бағынышты ұйымдардың дауыс беру акцияларын бас банкке өз кезегiнде еншiлес немесе бағынышты ұйымдардың сатып алғандығымен анықталады.
3. Бас банк акциялардың жартысын немесе жартысынан азын алғаннан кейiн инвестициялаушы дауыс құқы бар ұйым жағдайында шешiмдi айқындау мүмкiндiгi болады, егерде: <*>
1) басқа инвесторлармен келiсiм негiзiнде дауыстың жартысынан көбiн алатын болса;
2) жарғыға немесе келiсiмге сәйкес инвестициялаушы ұйымның қаржы-шаруашылық саясатын белгiлеуге өкiлдiгi болса;
3) директорлар кеңесi мүшелерiнiң көпшiлiгiн тағайындауға және босатуға өкiлеттiгi болса;
4) директорлар кеңесiнiң жиналысында көпшiлiк дауыс алуға құқы болса.
Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен.
4. Қаржы есеп-қисабын пайдаланушылардың бүкiл топтың қаржы жағдайы туралы және қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратқа деген қажетi шоғырландырылған қаржылық есептермен қамтамасыз етiледi.
5. Бас банк шоғырландырылған қаржылық есепке өзiнiң барлық еншiлес ұйымдарын енгiзуi және мынадай жағдайларды қоспағанда үлеске қатысу әдiсi бойынша бағынышты ұйымдарға инвестицияларды ескеруi тиiс:
1) еншiлес ұйымдар, сондай-ақ бағынышты ұйымдарға инвестициялар жақын
болашақта (алған күннен бастап алты айдан асырмай) сату мақсатында сатып алынғанда және еншiлес ұйымның шешiмiн айқындау мүмкiндiгi уақытша болғанда; 2) еншiлес немесе бағынышты ұйымдар, олардың бас банкке ақша беру қабiлетiн төмендететiн қатаң ұзақ мерзiмдi шектеу жағдайында жұмыс iстегенде. <*> Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 6. <*> Ескерту: 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 7. <*> Ескерту: 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 8. <*> Ескерту: 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 9. <*> Ескерту: 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен.
10. Бас банктiң және оның еншiлес, бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерге енгiзiлетiн қаржылық есептерi бiр күнде, бiр мерзiмде жасалады. Шоғырландырылған қаржылық есептер әртүрлi есептi беру күндерi жасалған қаржылық есептер негiзiнде жасалуы мүмкiн, алайда аралары үш айдан аспауы керек. Мұндай жағдайда есеп беру күндерi бiр мерзiмнен екiншi мерзiмге жалғасып жатуы қажет. Мұндай қаржылық есептердi шоғырландыру мақсатында осы күндер аралығындағы елеулi операциялардың немесе басқа да оқиғалардың нәтижелерi болып табылатын өзгертулерге түзетулер енгiзiледi.
11. Бас банктiң және оның еншiлес, бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерге енгiзiлетiн қаржылық есептерi қаржы-шаруашылық қызметiнiң осы тәрiздес операциялары мен оқиғалары үшiн бiрыңғай есеп саясатын пайдалана отырып дайындалады. Егер топ мүшесi шоғырландырылған қаржылық есеп құрастыру үшiн қабылданғаннан өзгеше есеп саясатын пайдаланса, онда шоғырландырылған кезде оның қаржы есептерiне тиiстi түзетулер жасалады. Егер мұндай түзетулердiң есебiн шығару мүмкiн болмаса, онда бұл жағдай шоғырландырылған қаржылық есеп беру баптарының әртүрлi есеп саясаты қолданылған бөлiктерiмен бiрге шешiлуi тиiс.
12. Банктердiң шоғырландырылған қаржылық есеп беру Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде берiледi. <*>
Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен.
13. Бас банк шоғырландырылған қаржылық есеп берудi Ұлттық Банк белгiлеген талаптар мен тәртiптерге сәйкес жариялайды.
Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептi мiндеттi түрде тәуелсiз аудитор растауы қажет. <*>
Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен.
14. Еншiлес ұйымды сатқанда, еншiлес ұйым шыққаннан кейiн алынған сома мен оның активтерiнiң шыққан күнгi мiндеттемелерiн (таза активтерiн) шегерiп тастағандағы, баланстық құны арасындағы айырмашылығы қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есепке еншiлес ұйым шығып кеткен күнгi кiрiс немесе шығын деп саналады.
2-бөлiм. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудi оның түрлерi
бойынша жасау <*>
Ескерту: 2-бөлімнің атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен.
15. Шоғырландыру мақсатында бас банктiң және оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептерi активтер, мiндеттемелер, өз капиталы, кiрiс және шығыс баптарында көрсетiлген сомаларды қосу арқылы әр бап және әр жол бойынша сипаты және мәнi бойынша бiрiктiрiледi. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының қаржылық есептерiн шоғырландыру құн әдiсi және үлеске қатысу әдiсi бойынша жүзеге асырылады. <*>
Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107
V021835_ қаулысымен.
16. Шоғырландырылған қаржылық есептер бiртұтас ұйым ретiндегi топ туралы қаржылық ақпарат болып шығуы үшiн кейбiр баптар бойынша қайталауға жол берiлмеуi тиiс. Ол үшiн шоғырландырылған қаржылық есептердi құрастырғанда жүргiзiлген есептер негiзiнде түзету жазбалары жазылады. Түзету (жөндеу) жазбалары бухгалтерлiк есепте көрсетiлмейдi,
шоғырландырылған қаржылық есептер дайындау барысында жұмыс кестесiне енгiзiледi. 17. Шоғырландырылған қаржылық есептi дайындау үшiн бiрiктiруге, түзетуге және бас банктiң, оның еншiлес және бағынышты ұйымдарының жекелеген қаржылық есептерiнен шоғырландырылған қаржылық есепке ауыстырылуға жататын баптар белгiленеді. <*> Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 18. Шоғырландырылған қаржылық есепке мыналар кiредi: 1) бухгалтерлiк баланс (N 1 қосымша); 2) қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есеп (N 2 қосымша); 3) ақша қозғалысы туралы есеп (N 3 қосымша); 4) жазбаша түсiнiктеме. 18-1. Шоғырландырылған қаржылық есеп Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жасалады. <*> Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 1-тарау. Шоғырландырылған баланс 19. <*> Ескерту: 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 20. Бас банктiң, бухгалтерлiк оның еншiлес ұйымдарының баланстарының мынадай баптары бiрiктiрiлуi тиiс:
1) "Актив" бөлiмi бойынша: банктердегi ақша, корреспонденттiк есепшоттар, берiлген заемдар мен салымдар, бағалы қағаздар, негiзгi құрал-жабдықтар, жинақталған тозу, материалдық емес активтер, материалдық емес активтердiң амортизациясы, аяқталмаған негiзгi құрылыс, тауар-материалдық қорлар, дебиторлық қарыздар және басқа да активтер;
2) "Мiндеттемелер" бөлiмi бойынша: заемдар, салымдар, меншiктi бағалы қағаздар, кредиторлық берешек және басқа да мiндеттемелер;
3) "Меншiктi капитал" бөлiмi бойынша: қосымша капитал, резервтегi капитал, негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау бойынша резервтер, қайта бағалау бойынша резервтер, өткен жылдардағы және ағымдағы жылы бөлiнбеген таза табыс (жабылмаған шығын). <*>
Ескерту: 20-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен.
21. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдарының бухгалтерлiк баланстарынан мынадай баптары түзетiлуi тиiс:
1) "Актив" бөлiмi бойынша: заемдар, салымдар, дебиторлық, арыздар, қысқа мерзiмдi қаржылық инвестициялар, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына инвестициялар, басқа активтер;
2) "Мiндеттемелер" бөлiмi бойынша: заемдар, салымдар, ұзақ мерзiмдi заемдардың ағымдағы бөлiгi, кредиторлық қарыздар, өздерi шығарған бағалы қағаздар, басқада мiндеттемелер;
3) "Меншiк капитал" бөлiмi бойынша: төленген жарғылық капитал бөлiнбеген кiрiс (шығын). <*>
Ескерту: 21-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107
V021835_ қаулысымен.
22. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдары бухгалтерлiк балансының
бiрiктiруге және түзетуге жатпайтын, шоғырландырылған балансқа өзгерiссiз ауысатын баптары. <*> Ескерту: 22-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 23. Шоғырландырылған қаржылық есептi құрастырған күнi еншiлес ұйымның меншiк капиталы сомасынан әр еншiлес ұйымның таза активiнен азшылық үлесi анықталады. Еншiлес ұйымның таза активiнен азшылық үлесi, шоғырландырылған бухгалтерлiк баланстан оның мiндеттемесiнен жеке және "Азшылық үлесi" бабы бойынша меншiк капиталынан берiледi және бас банкке жатпайтын еншiлес ұйымның таза активiнiң көлемiн көрсетедi. 2-тарау. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп 24. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп, топтан тыс жасалған операциялардың қаржылық нәтижелерiн көрсетуге тиiс.. 25. Шоғырландыру мақсатында iшкi топтар операциялары бойынша кiрiс, шығыс және дивидендтер, бiр ұйымдарда толық аяқталған, бiрақ басқаларында аяқталмаған немесе толық аяқталмаған, сондай-ақ осы операциялардың нәтижесiнде туындаған пайдаланылмаған кiрiстер мен шығындарды алып тастау қажет. Iшкi операциялар тобына мыналарды жатқызуға болады: қызмет сату және сатып алу; негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi алу және өткiзу; займдар беру және алу; салымдарды орналастыру және тарту; басқалар.
26. Шоғырландыру есептер құрастыруды байланыстыру мақсатында қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы шоғырландырылған есептегi "Таза кiрiс (шығын)" ("оны жабылмаған шығын") жолынан шоғырландырылған баланстағы "Ағымдағы жылғы бөлiнбейтiн таза кiрiс" жолына ауыстырылады.
27. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдарының қаржышаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есептерiндегi мәлiметтер, олардың талдамалары мен түсiнiктемелерi бойынша бiрiктiрiлген және түзетiлген баптары анықталады. <*>
Ескерту: 27-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен.
28. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдарының қаржышаруашылық қызмет нәтижесi туралы есебiнiң баптары бiрiктiруге, және түзеуге келмесе, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есепке өзгерiссiз ауыстырылады. <*>
Ескерту: 28-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 29. Еншiлес ұйымның таза кiрiстегi (шығындағы) азшылық үлесi, ұйымның есеп берiп отырған мерзiмдегi таза кiрiс сомасына қарай анықталады. Азшылық үлесi еншiлес ұйымның банкке тиесiлi емес таза кiрiсiнiң көлемiн көрсетедi. Қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы шоғырландырылған есепте азшылық үлесi "Азшылық үлесi" деген жеке бапта азайтылған (көбейтiлген) шоғырландырылған таза кiрiс (шығын) көрсеткiшi ретiнде көрсетiледi. 3-тарау. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп 30. Бас банк жанама әдiстi қолдана отырып, ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп құрастырады. 31. <*> Ескерту: 31-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 32. Жанама әдiс қаржы-шаруашылық қызметi нәтижесi туралы шоғырландырылған есептiң әрбiр бабын түзеудi қарастырмайды. Осы әдiске сәйкес таза кiрiс (шығын) сомасы есептi мерзiмдегi шоғырландырылған баланстағы соманы алдындағы есептi мерзiммен салыстыру бойынша түзетiледi. 33. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есептегi топтар iшiнде айналысқа түскен және шыққан ақша есептелмейдi. 3-1-тарау. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерiн жасау тәртiбi <*> Ескерту: 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен.
33-1. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының қаржылық есептерiн шоғырландыру осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
33-2. Шоғырландырылған қаржылық есепте бас банктiң бағынышты ұйымдарға инвестициялары үлеске қатысу әдiсi бойынша есептеледi.
Үлеске қатысу әдiсi мынадай белгiлермен сипатталады:
1) инвестициялар сатып алынған сәттегi сатып алу құны бойынша есептеледi;
2) бағынышты ұйымның таза кiрiс үлесi инвестициялардың баланстық құнын көбейтедi, ал шығын үлесi - азайтады;
3) есептелетiн дивидендтер сомасы инвестициялардың баланстық құнын азайту ретiнде көрсетiледi.
33-3. Мынадай жағдайларда банктiң жекелеген қаржылық есебiнде оның бағынышты ұйымдарға инвестицияларын көрсету үшiн құн әдiсi пайдаланылады:
1) бағынышты ұйымдарға инвестициялар жақын болашақта (алған күннен бастап алты айдан асырмай) сату мақсатында сатып алынды;
2) бағынышты ұйымдар қатаң түрде ұзақ мерзiмдi шектеулер жағдайында жұмыс iстейдi.
Мынадай жағдайлар қатаң түрде ұзақ мерзiмдi шектеулердiң шарттары болып табылады:
1) бағынышты ұйым оның дивидендтiк саясатына араласа алатын өкiметтiң қадағалауында бола алатын;
2) бағынышты ұйым өз қызметiн таза кiрiстi шет елге аударуға шектеу қойылған елде жүзеге асырғанда;
3) бағынышты ұйымның қызметiн шектеудiң пайда болуына әкелiп соқтыруы ықтимал саяси жағдай өзгергенде.
33-4. Бас банктiң бағынышты ұйымының шығынындағы қатысу үлесi инвестициялардың баланстық құнына тең немесе одан артық болса, онда нольдiк құнға дейiн жеткiзiлетiн шығындардың үлесi инвестициялардың баланстық құнын азайтып көрсетедi, ал инвестициялардың құнынан асып кеткен сома балансқа есептеледi. Бас банк бағынышты ұйымның таза кiрiсiне өзiнiң үлестiк қатысуын таза кiрiс үлесi есепке алынбаған таза шығын үлесiне тең болғаннан кейiн ғана көрсетедi.
33-5. Егер бағынышты ұйым активтердi қайта бағалайтын болса, қайта бағалауға байланысты бас банк үлесiнiң өзгеруi инвестициялардың баланстық құнын өсiредi (азайтады). Бас банктiң инвестицияларының баланстық құнының өсуi өз капиталы бөлiмiнде қосымша төленбеген капитал ретiнде көрсетiледi. Бас банктiң инвестицияларының баланстық құнының кемуi бұрын бағалағанға дейiн жүргiзiлген сома шегiнде қосымша төленбеген капиталдың азаюымен көрiнедi. Егер шығынның үлесi бұрын жүргізiлген бағалағанға дейiнгi сомадан асып кетсе, онда айырмашылық сомасы үлеске қатысу шығыны ретiнде танылады.
4-тарау. Түсiндiрме жазба
34. Түсiндiрме жазба бас банктiң (есептеу әдiстерiн және бiрiктiрудi көрсетiп) шоғырланған қаржылық есептi құрастыру негiзiне алынған және қаржы-шаруашылық қызметi нәтижесiн тану есеп саясатын ашып бередi.
35. Шоғырландырылған қаржы есебi тобының түсiндiрме жазбасында төмендегiдей ақпарат болуға тиiс, онымен де шектелмейдi:
1) еншiлес және бағынышты ұйымдардың аты көрсетiлген тiзiмi, тiркелген елi немесе мекен-жайы, акцияларға қатысу үлесi және дауыс берушi акциялар үлесiнiң айырмашылығы болған жағдайда, байланысты тараптар туралы ақпаратты жария ету (аффилирлеу) - қатынастар сипаты мен ауқымы; <*>
2) бас банк дауыстың жартысынан астамына ие бола алмаған жағдайда, бас банкке еншiлес банктiң шешiмiн айқындауға мүмкiндiк беретiн, бас банк пен оның еншiлес ұйымы арасындағы қарым-қатынас сипаттамасы; <*>
3) дауыс берушi акцияларының жартысынан астамы бас банктiң иелiгiндегi ұйымдардың тiзiмi, бiрақ олардың шешiмiн айқындауға бас банктiң мүмкiндiгi жоқ; <*>
4) еншiлес ұйымдарды сатып алудың немесе сатудың есеп берiлетiн кезеңнiң және оның алдындағы кезеңнiң қаржылық көрсеткiштерiне әсерi;
5) бас банктiң еншiлес ұйымдардың инвестицияларын есептеу үшiн пайдаланатын жекелеген қаржылық есебiнiң әдiсi;
6) бағынышты ұйымдардың инвестицияларын есептеу үшiн пайдаланылған әдiстер;
7) еншiлес ұйымның шоғырландырылған есепке кiрмеу себептерi;
8) бас банк пен оның еншiлес бағынышты ұйымдарының есеп саясатының осы баптарға қолданылатын айырмашылықтары салдарынан есептеу мүмкiн емес шоғырландырылған қаржылық есеп баптарына түзетулер;
9) бас банктiң, оның бағынышты еншiлес ұйымдарының қаржылық есептерiнде бiрiктiруге, түзеуге және ауыстыруға жататын баптар, сондай-ақ шоғырландырудың нәтижелерi;
10) азшылық үлестi жария ету туралы ақпарат - қатысушылардың атауын
көрсете отырып, азшылық үлестi құрайтын бас банктiң еншiлес, бағынышты ұйымдардағы олардың үлеске қатысуы; 11) топ мүшелерiнiң консорциумге және бiрлескен қызметке қатысуы топ туралы ақпаратты жария ету. <*> Ескерту: 35-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. 36. Ұйым еншiлес немесе бағынышты ұйымға сәйкес емес деп танылған күннен бастап, бұл ұйымға инвестициялар қазақстандық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес есептеледi. 37. Бағынышты ұйымдарға үлестiк қатысу әдiсiмен есептелген, инвестициялар, жеке баланстың жеке бабында капиталға инвестиция ретiнде ашылады. 38. Бас банктiң үлесi апат жағдайларында немесе өткен кезеңдердегi түзетулерде жеке көрсетiледi . 3-бөлiм. Шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру
39. Ұлттық Банк белгiлейтiн банктiк топтар үшiн мiндеттi түрде сақталуы тиiстi пруденциалдық нормативтердi есептеу банктердiң шоғырландырылған қаржылық есебi негiзiнде жүзеге асырылады.
Банктiк топтар үшiн пруденциалдық нормативтердi есептеу тәртiбi және екiншi деңгейдегi банктердiң оларды орындағаны туралы есептердi ұсыну мерзiмдерi Ұлттық Банктiң жекелеген нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi. <*>
Ескерту: 39-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107
V021835_ қаулысымен.
40. Ұлттық Банктiң шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыруы үшiн банк ай сайын Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға және тәртiпке сәйкес шоғырландырылған есептер ұсынады.
41. Топтағы жағдайлар және олардың жекелеген мүшелерiнiң қызметi банк тәуекелдерiне байланысты болуы мүмкiн, осыған байланысты соңғысы топтың әр мүшесiнiң қаржы жағдайына әсерiн, оның пруденциалдық нормативтердi орындауын мұқият талдайды.
Банкте шоғырландырылған қаржылық есептi дайындауға қажеттi топтың барлық мүшелерiнiң қызметi туралы ақпараттың болуын қамтамасыз ететiн iшкi бақылаудың сенiмдi механизмi болуы керек.
42. Бас банк барлық топтың және оның жекелеген мүшелерiнiң қызметiне тиiмдi бақылауды жүзеге асыруына қажеттi Ұлттық Банктiң талап еткен кез келген ақпаратты алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
43. Ұлттық Банк жеке, сондай-ақ қажет болған жағдайда топқа кiретiн кәсiпорын қызметiн қадағалайтын басқа мекеме мамандарымен бiрлесiп, олардың қызметiне инспекторлық тексеру жүргiзуге құқылы.
44. Ұлттық Банк топ қызметiне тиiмдi қадағалау жасау үшiн, бас құрамына банктiң қаржылық есебi кiретiн шоғырландырылған қаржылық есеп жасау бойынша қосымша талаптар белгiлеуге құқылы.
4-бөлiм. Қорытынды ереже
45. Шоғырландырылған қаржылық есептi жасаған кезде, топтар қызметiнiң жариялы болуына және шоғырландырылған қаржылық есептiң дұрыстығына жету мақсатында Ұлттық Банк банктен активтер мен мiндеттемелердiң, кiрiс пен шығыстың жеке баптарының мазмұнын неғұрлым толық ашуға қажеттi қосымша ақпарат (шоғырландырылған қаржылық есептi жасау жөнiндегi жұмыс кестелерiн) сұрауға құқылы.
46. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шешiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi басқармасы 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 бекітілген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiне N 1 қосымша
N 1 нысан
Топтың ХХХХ жылғы шоғырландырылған балансы
мың теңге
____________________________________________________________________ Баптардың атауы Жылдың Жылдың басында аяғында ____________________________________________________________________ 1 2 3 ____________________________________________________________________ Активтер ____________________________________________________________________ Қолма-қол валюта ____________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі салымдар ____________________________________________________________________ Басқа банктердегі салымдар(шығынды жабуға арналған провизияларды алып тастағанда) ____________________________________________________________________ Бағалы қағаздар ____________________________________________________________________ Несиелер және лизингтер(шығынды жабуға арналған провизияларды алып тастағанда) ____________________________________________________________________ Капиталды инвестициялар ____________________________________________________________________ Негізгі құрал-жабдықтар(амортизацияны алып тастағанда) ____________________________________________________________________ Материалдық емес активтер(амортизацияны алып тастағанда) ____________________________________________________________________ Басқа да активтер ____________________________________________________________________ Минус:Жіктелген активтер мен дебиторлық берешек бойынша шығынды жабуға арналған басқа да провизиялар ____________________________________________________________________ Барлық активтер ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Пассивтер ____________________________________________________________________ Міндеттемелер ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ салымдар ____________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алдындағы берешек ____________________________________________________________________ Басқа банктер мен ұйымдардың арасындағы берешек ____________________________________________________________________ Банктің бағалы қағаздары ____________________________________________________________________ Халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы берешек ____________________________________________________________________ Басқа да қарыз алу(реттелген борыш) ____________________________________________________________________ Басқа міндеттемелер ____________________________________________________________________ Барлық міндеттемелер(І) ____________________________________________________________________ Азшылықтың үлесі(ІІ) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Капитал ____________________________________________________________________ Жарғылық акционерлік капитал(сатып алынған меншік акцияларын қоспағанда) ____________________________________________________________________ Қосымша капитал ____________________________________________________________________ Банктің резерв капиталы ____________________________________________________________________ Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау жөніндегі резерв ____________________________________________________________________ Қайта бағалау резерві ____________________________________________________________________ Өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі ____________________________________________________________________ Бөлінбеген таза кіріс(жабылмаған шығын) ____________________________________________________________________ Барлық капитал(ІІІ) ____________________________________________________________________ Барлық пассивтер(І+ІІ+ІІІ) ____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi басқармасы 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 бекітілген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiне N 2 қосымша <*>
Ескерту: N 2 қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. N 2 нысан Топтың ХХХХ жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша шоғырландырылған есебі мың теңге ____________________________________________________________________ р/с N Баптардың атауы Сома ____________________________________________________________________ 1 2 3 ____________________________________________________________________ 1 Сыйақы алумен байланысты кіріс 2 Сыйақы төлеуге байланысты шығыс 3 Сыйақы алумен байланысты таза шығыс 4 Сыйақы алумен байланысты емес кіріс 5 Сыйақы төлеуге байланысты емес шығыс 6 Резервке есептегенге дейінгі таза операциялық кіріс(3+4+5) 7 Жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер бойынша зиянды жабуға арналған резерв 8 Резервке есептегеннен кейінгі таза операциялық кіріс(6-7) 9 Активтерді сатудан түскен кiрiс (шығын) <*> 10 Көзделмеген баптар 11 Салық зияны төлегенге дейінгі кіріс/зиян(8+9+10) 12 Салық төлемдері 13 Топтың таза кірісі/зияны 14 Азшылықтың үлесі 15 Азшылықтың үлесін ескере отырып таза кіріс/зиян ____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi басқармасы 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 бекітілген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiне N 3 қосымша <*>
Ескерту: N 3 қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 V021835_ қаулысымен. N 3 нысан Топтың ХХХХ жылға ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есебі мың теңге ____________________________________________________________________ р/с N Баптардың атауы Сома ____________________________________________________________________ 1 2 3 ____________________________________________________________________ 1 Топтың таза кірісі 2 Топтың мынадай таза кірісіне түзетулер: 1.1.Қамтамасыз етуге қаржы бөлу 1.2.Амортизациялық есептеулер 1.3.Сыйақы алумен байланысты емес есептелген кіріске өзгеріс 1.4.Сыйақы төлеуге байланысты емес есептелген шығысқа өзгеріс 1.5.Басқа есептелген кіріс минус есептелген шығыс ____________________________________________________________________ 1.6.Топтың таза кірісімен байланысты барлық ақша қозғалысы ____________________________________________________________________ 2 Операция активтері мен міндеттемелеріне өзгеріс 2.1.Мемлекеттік бағалы қағаздар портфеліне өзгеріс 2.2.Басқа бағалы қағаздар портфеліне өзгеріс 2.3.Банктерге берілген мерзімді салымдар мен заемдар 2.4.Клиенттерге заемдар 2.5.Басқа активтер 2.6."Лоро" корреспонденттік есепшоты 2.7.Банктер мен ұйымдардан алынған мерзімді салымдар мен заемдар 2.8.Клиенттің салымдары 2.9.Басқа міндеттемелер ____________________________________________________________________ 2.10.Операциялық (банктік) қызметке байланысты ақша қозғалысының жиынтығы ____________________________________________________________________ 3. Инвестициялық қызмет бойынша ақша қозғалысы 3.1.Басқа заңды тұлғалардың акциялары 3.2.Реттелген борышқа инвестициялар 3.3.Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерге инвестициялар 3.4.Инвестициялық қызметке байланысты ақша қозғалысының жиынтығы ____________________________________________________________________ 4. Қаржылық қызмет бойынша қозғалыс 4.1.Жарғылық капиталдағы өзгерістер 4.2.Сатып алынған меншік акциялары 4.3.Қосымша капиталдағы өзгерістер 4.4.Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар 4.5.Басқа да қарыз алу (реттелген борыш) өзгерістері 4.6.Акциялар бойынша дивидендтер төлеу 4.7.Қаржы қызметіне байланысты ақша қозғалысының жиынтығы ____________________________________________________________________ 5. Ақша қозғалысына байланысты операциялар 5.1.Банктердің резервтері 5.2.Бағам айырмашылығының әсері ____________________________________________________________________ 5.3.Ақша қозғалысымен байланысты емес операциялар жиынтығы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 6. Азшылық үлесі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 7. Барлығы (1.6;2.10;3.4;4.7;5.3;6 жолдардың сомасы - 10 жол) <*> 8. Жыл басындағы ақша қалдығы 9. Жыл соңындағы ақша қалдығы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 10. Ақша қозғалысы (9 және 8 жолдар айырмашылығы) Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.