Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн бекiту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасы 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1170

Қолданыстағы
      Бухгалтерлiк есептi жетiлдiре түсу және екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына көшуi мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Рахметова С.К.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге белгiленген тәртiппен тиiстi шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк Төрағасы

               Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi
            банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау
                        ережесi

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Заң күшi бар Жарлығына, бухгалтерлiк есептiң қазақстандық және халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалды.
      Бұл Ереже Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есеп беру ұғымын анықтайды, сондай-ақ оны құрастыру тәртiбiн және ұсыну мерзiмiн белгiлейдi.

                   1-бөлiм. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде қолданылатын, негiзгi ұғымдар:
      1) бақылау - еншiлес ұйымның қызметiнен пайда табу мақсатында қаржылық және басқа да саясатын белгiлеу құқы. Бақылау банк инвестициялаушы ұйымның дауыс берушi акцияларының 50%-iнен астамын алған кезде пәрмендi болады, ал тек бақылау белгiленбейдi деп анық көрсетiлген жағдайларда басқаша болады. Банктердi бақылау тәртiбiн анықтау Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi;
      2) еншiлес ұйым - бас банктiң бақылауындағы заңды тұлға;
      3) еншiлес банк - жарғылық капиталының елу проценттен астамы бас банкке тиесiлi екiншi деңгейдегi банк. Еншiлес банктiң басқа еншiлес банк құруға құқы жоқ;
      4) бас банк - бұл бiр және/немесе одан да көп еншiлес және/немесе бағынышты ұйымдары бар банк. Қолданылып жүрген заңға сәйкес еншiлес немесе бағынышты ұйымда үлестiк қатысы бар еншiлес банкте бас банк бола алады;
      5) топ - бас банкпен оның барлық бағынышты және еншiлес ұйымдары;
      6) шоғырландырылған қаржылық есеп беру - бас банктiң, оның бағынышты және еншiлес ұйымдарының жеке қаржылық есептi бiр ұйымның есебіндей жасауы;
      7) жеке қаржылық есеп беру - бас банктiң, оның бағынышты және еншiлес ұйымдарының шоғырландырылуға жататын қаржылық есеп беруi;
      8) азшылық үлесi - бұл бас банк иеленбейтiн, қаржы-шаруашылық қызметтен түскен таза табысының (шығынның) және еншiлес ұйымдардың үлесiне тиетiн таза активтiң бiр бөлiгi;
      9) толық дерлiк иелiк - бас банк еншiлес ұйымның дауыс беру акциясының 90 проценттен астамын иеленушi;
      10) бағынышты ұйым - бас банктiң едәуiр ықпалындағы, бiрақ оның еншiлес ұйымы емес заңды тұлға;
      11) едәуiр ықпал - бас банктiң инвестициялаушы ұйымның қаржылық және басқа да саясаты бойынша оны бақылау мүмкiндiгiнсiз шешiм қабылдау құқығы. Егер бас банк инвестициялаушы ұйымның дауыс беру акциясының жиырма процентiнен астамын алған жағдайда едәуiр ықпалы болады;
      12) үлеске қатысу әдiсi - бас банк инвестициясын бағынышты ұйым қабылдаған кезде сатып алу бағасын келешек өсiмiмен (азаюымен) қоса бағалағанда бағынышты ұйымның таза активтерiнiң өзгерiстерiндегi есептеу әдiсi. Бағынышты ұйымның таза кiрiсiнде (шығынында) бас банктiң үлесiн мойындау бойынша бас банк үлесiнiң өзгеруi қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары туралы есепте бас банктiң кiрiсi (шығысы) деп есептеледi;
      13) бағалау әдiсi - инвестициялар сатып алынған кезде сатып алу бағасы бойынша көрсетiлетiн есеп әдiсi. Инвестициядан түскен кiрiс бас банктiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есепте бағынышты ұйымның жинақталған таза табысының жалпы сомасынан сатып алынған тиiстi күннен кейiн пайда болған дивиденд мөлшерiнде қабылданады;
      14) Консорциум - бiрiгiп қызмет ету туралы шарт негiзiндегi уақытша ерiктi тең құқықты одақ (бiрлестiк), мұнда заңды тұлғалар нақты шаруашылық мәселелерiн шешу үшiн қор атаулыны бiрiктiредi және күш-жiгердi жұмылдырады;
      15) бiрлескен қызмет - екi немесе одан да көп тараптардың жалпышаруашылықтық мақсатқа жету үшiн бiрлесiп қызмет етуге мiндеттенуi.
      2. Еншiлес немесе бағынышты ұйымды тiкелей иемдену мынадай жағдайда: бұл ұйымдардың дауыс беру акцияларын бас банк өзi сатып алғанда жүзеге асады. Жанама иелiк еншiлес және бағынышты ұйымдардың дауыс беру акцияларын бас банкке өз кезегiнде еншiлес немесе бағынышты ұйымдардың сатып алғандығымен анықталады.
      3. Бас банк акциялардың жартысын немесе жартысынан азын алғаннан кейiн инвестициялаушы дауыс құқы бар ұйым жағдайында бақылауды жүзеге асыра алады, егерде:
      1) басқа инвесторлармен келiсiм негiзiнде дауыстың жартысынан көбiн алатын болса;
      2) жарғыға немесе келiсiмге сәйкес инвестициялаушы ұйымның қаржы-шаруашылық саясатын белгiлеуге өкiлдiгi болса;
      3) директорлар кеңесi мүшелерiнiң көпшiлiгiн тағайындауға және босатуға өкiлеттiгi болса;
      4) директорлар кеңесiнiң жиналысында көпшiлiк дауыс алуға құқы болса.
      4. Қаржы есеп-қисабын пайдаланушылардың бүкiл топтың қаржы жағдайы туралы және қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратқа деген қажетi шоғырландырылған қаржылық есептермен қамтамасыз етiледi.
      5. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудi құрастыруды бас банк қазақстандық бухгалтерлiк есеп стандарттарының талаптары негiзiнде жүргiзедi, ал мынадай жағдайларда:
      1) еншiлес ұйымдар, сондай-ақ бағынышты ұйымдарға инвестиция жақын арада (алған күннен бастап алты айдан асырмай) сату мақсатында алынғанда және еншiлес ұйымды бақылау уақытша болғанда;
      2) еншiлес немесе бағынышты ұйымдар қатаң ұзақ мерзiмдiк шектеу жағдайында жұмыс iстеп, олардың бас банкке беретiн қаржылық қабiлетi төмендеген жағдайда жүргiзе алмайды.
      6. Бас банк бағынышты ұйымдардың қаржылық есептерiн мынадай жағдайда шоғырландырады, егерде оның бағынышты ұйымдағы жарғылық капиталы:
      1) дауыс беру акцияларының 20 (жиырма) процентiнен асса;
      2) дауыс беру акцияларының 20 (жиырма) және одан аз процентi болып, бiрақ басқа инвесторлармен келiсу нәтижесiнде ол едәуiр ықпалды құқыққа ие болса.
      7. Бас банктiң инвестицияларына шоғырландырылған қаржылық есеп жасалғанда бағынышты ұйымдарға үлестiк қатысу әдiсi бойынша есептеледi.
      Yлестiк қатысу әдiсi мынадай белгiлермен сипатталады:
      1) инвестициялар сатып алынған сәттегi бағалары бойынша есептеледi;
      2) таза пайда бағынышты ұйымның үлесiн үлкейтедi, ал шығын үлесi - инвестицияның баланстық бағасын азайтады;
      3) тиесiлi дивиденд сомасы инвестицияның баланстық бағасының азайғанын көрсетедi.
      Бас банк бағынышты ұйымға елеулi ықпал көрсетпеген кезде үлестiк қатысу әдiсiн пайдалануды тоқтатады. Қалған инвестициялар банктiң қаржылық инвестициясы болып саналады.
      8. Банктiң жеке қаржылық есебiнде оның инвестицияларын бағынышты ұйымдарда көрсету үшiн баға әдiсi қолданылады:
      1) бағынышты ұйымдарға инвестициялар таяу арада (алынған күнiнен бастап алты айдан асырмай) пайдалану мақсатында алынса;
      2) бағынышты ұйымдар қатаң ұзақ мерзiмдi шектеулер жағдайында iстейдi.
      Қатаң ұзақ мерзiмдi шектеулер талаптары болатын жағдайлар:
      1) бағынышты ұйым оның дивидендтiк саясатына араласатын өкiмет орындарының қадағалауында болуы мүмкiн;
      2) бағынышты ұйым өз қызметiн таза кiрiстi шектеу қойылған елде жүзеге асырса;
      3) саяси жағдайлардың өзгеруi бағынышты ұйымның қызметiн шектеуге әкелiп соғуы мүмкiн.
      9. Топ мүшелерi бас банкке шоғырландырылған қаржылық есеп бермеуi де мүмкiн, егерде бас банк оны талап етпесе және оған азшылық үлес иелерiнiң келiсiмi болса.
      10. Бас банктiң және оның еншiлес, бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерге енгiзiлетiн қаржылық есептерi бiр күнде, бiр мерзiмде жасалады. Шоғырландырылған қаржылық есептер әртүрлi есептi беру күндерi жасалған қаржылық есептер негiзiнде жасалуы мүмкiн, алайда аралары үш айдан аспауы керек. Мұндай жағдайда есеп беру күндерi бiр мерзiмнен екiншi мерзiмге жалғасып жатуы қажет. Мұндай қаржылық есептердi шоғырландыру мақсатында осы күндер аралығындағы елеулi операциялардың немесе басқа да оқиғалардың нәтижелерi болып табылатын өзгертулерге түзетулер енгiзiледi.
      11. Бас банктiң және оның еншiлес, бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерге енгiзiлетiн қаржылық есептерi қаржы-шаруашылық қызметiнiң осы тәрiздес операциялары мен оқиғалары үшiн бiрыңғай есеп саясатын пайдалана отырып дайындалады. Егер топ мүшесi шоғырландырылған қаржылық есеп құрастыру үшiн қабылданғаннан өзгеше есеп саясатын пайдаланса, онда шоғырландырылған кезде оның қаржы есептерiне тиiстi түзетулер жасалады. Егер мұндай түзетулердiң есебiн шығару мүмкiн болмаса, онда бұл жағдай шоғырландырылған қаржылық есеп беру баптарының әртүрлi есеп саясаты қолданылған бөлiктерiмен бiрге шешiлуi тиiс.
      12. Банктердiң шоғырландырылған қаржылық есеп беру нысандары Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде берiледi.
      13. Бас банк шоғырландырылған қаржылық есеп берудi Ұлттық Банк белгiлеген талаптар мен тәртiптерге сәйкес жариялайды.
      Жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп беру нысандарын мiндеттi түрде тәуелсiз аудиторлар растауы қажет.
      14. Еншiлес ұйымды сатқанда, еншiлес ұйым шыққаннан кейiн алынған сома мен оның активтерiнiң шыққан күнгi мiндеттемелерiн (таза активтерiн) шегерiп тастағандағы, баланстық құны арасындағы айырмашылығы қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есепке еншiлес ұйым шығып кеткен күнгi кiрiс немесе шығын деп саналады.

           2-бөлiм. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудi оның түрлерi
                    бойынша жасау нысандары және әдiстемелерi

      15. Шоғырландыру мақсатында бас банктiң оның еншiлес, бағынышты ұйымдарының қаржылық есептерi әр бап және әр жол бойынша активтердiң, мiндеттемелердiң, өз капиталының, кiрiс және шығыс баптарында көрсетiлген сомаларды қосу жолымен бiрiктiрiледi.
      16. Шоғырландырылған қаржылық есептер бiртұтас ұйым ретiндегi топ туралы қаржылық ақпарат болып шығуы үшiн кейбiр баптар бойынша қайталауға жол берiлмеуi тиiс. Ол үшiн шоғырландырылған қаржылық есептердi құрастырғанда жүргiзiлген есептер негiзiнде түзету жазбалары жазылады. Түзету (жөндеу) жазбалары бухгалтерлiк есепте көрсетiлмейдi, шоғырландырылған қаржылық есептер дайындау барысында жұмыс кестесiне енгiзiледi.
      17. Бас банктiң, оның бағынышты, еншiлес ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есебiн дайындау үшiн бiрiктiрiлуi, түзетiлуi немесе бас банктiң, оның бағынышты, еншiлес ұйымдарының қаржылық есебiнен шоғырландырылған қаржылық есепке ауыстырылуы тиiс баптар белгiленедi.
      18. Шоғырландырылған қаржылық есепке мыналар кiредi:
      1) бухгалтерлiк баланс (N 1 қосымша);
      2) қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есеп (N 2 қосымша);
      3) ақша қозғалысы туралы есеп (N 3 қосымша);
      4) жазбаша түсiнiктеме.

               1-тарау. Шоғырландырылған баланс

      19. Шоғырландырылған қаржылық есептi дайындау үшiн бiрiктiрiлуi, түзетiлуi және банктiң еншiлес және бағынышты ұйымдардың қаржылық есебiнен шоғырландырылған қаржылық есепке ауыстырылатын баптар анықталады.
      20. Бас банктiң, бухгалтерлiк оның бағынышты, еншiлес ұйымдарының баланстарының мынадай баптары бiрiктiрiлуi тиiс:
      1) "Актив" бөлiмi бойынша: банктердегi ақша, корреспонденттiк есепшоттар, берiлген кредиттер мен депозиттер, бағалы қағаздар, негiзгi құрал-жабдықтар, жинақталған тозу, материалдық емес активтер, материалдық емес активтердiң амортизациясы, аяқталмаған негiзгi құрылыс, тауар-материалдық қорлар, дебиторлық қарыздар және басқа да активтер;
      2) "Мiндеттемелер" бөлiмi бойынша: кредиттер, депозиттер, меншiктi бағалы қағаздар, кредиторлық берешек және басқа да мiндеттемелер;
      3) "Меншiктi капитал" бөлiмi бойынша: қосымша капитал, резервтегi капитал, негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау бойынша резервтер, қайта бағалау бойынша резервтер, өткен жылдардағы және ағымдағы жылы бөлiнбеген таза табыс (жабылмаған шығын).
      21. Бас банктiң, оның бағынышты, еншiлес ұйымдарының бухгалтерлiк баланстарынан мынадай баптары түзетiлуi тиiс:
      1) "Актив" бөлiмi бойынша: кредиттер, депозиттер, дебиторлық, арыздар, қысқа мерзiмдi қаржылық инвестициялар, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына инвестициялар, басқа активтер;
      2) "Мiндеттемелер" бөлiмi бойынша: кредиттер, депозиттер, ұзақ мерзiмдi кредиттердiң ағымдағы бөлiгi, кредиторлық қарыздар, өздерi шығарған бағалы қағаздар, басқада мiндеттемелер;
      3) "Меншiк капитал" бөлiмi бойынша: төленген жарғылық капитал.
      22. Бас банктiң, оның бағынышты, еншiлес ұйымдары бухгалтерлiк

балансының бiрiктiруге және түзетуге жатпайтын, шоғырландырылған балансқа 
өзгерiссiз ауысатын баптары. 
     23. Шоғырландырылған қаржылық есептi құрастырған күнi еншiлес ұйымның 
меншiк капиталы сомасынан әр еншiлес ұйымның таза активiнен азшылық үлесi 
анықталады. Еншiлес ұйымның таза активiнен азшылық үлесi, шоғырландырылған 
бухгалтерлiк баланстан оның мiндеттемесiнен жеке және "Азшылық үлесi" бабы 
бойынша меншiк капиталынан берiледi және бас банкке жатпайтын еншiлес 
ұйымның таза активiнiң көлемiн көрсетедi. 

             2-тарау. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы
                           шоғырландырылған есеп 

     24. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп, 
топтан тыс жасалған операциялардың қаржылық нәтижелерiн көрсетуге тиiс.. 
     25. Шоғырландыру мақсатында iшкi топтар операциялары бойынша кiрiс, 
шығыс және дивиденттер, бiр ұйымдарда толық аяқталған, бiрақ басқаларында 
аяқталмаған немесе толық аяқталмаған, сондай-ақ осы операциялардың 
нәтижесiнде туындаған пайдаланылмаған кiрiстер мен шығындарды алып тастау 
қажет. 
     Iшкi операциялар тобына мыналарды жатқызуға болады:
     қызмет сату және сатып алу;
     негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi алу және 
өткiзу;
     займдар беру және алу; 
     салымдарды орналастыру және тарту;
     басқалар. 


      26. Шоғырландыру есептер құрастыруды байланыстыру мақсатында қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы шоғырландырылған есептегi "Таза кiрiс (шығын)" ("оны жабылмаған шығын") жолынан шоғырландырылған баланстағы "Ағымдағы жылғы бөлiнбейтiн таза кiрiс" жолына ауыстырылады.
      27. Бас банктiң, оның бағынышты еншiлес ұйымдарының қаржышаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есептерiндегi мәлiметтер, олардың талдамалары мен түсiнiктемелерi бойынша бiрiктiрiлген және түзетiлген баптары анықталады.
      28. Бас банктiң, оның бағынышты еншiлес ұйымдарының қаржышаруашылық қызмет нәтижесi туралы есебiнiң баптары бiрiктiруге, және түзеуге келмесе, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есепке өзгерiссiз ауыстырылады.
      29. Еншiлес ұйымның таза кiрiстегi (шығындағы) азшылық үлесi, ұйымның есеп берiп отырған мерзiмдегi таза кiрiс сомасына қарай анықталады. Азшылық үлесi еншiлес ұйымның банкке тиесiлi емес таза кiрiсiнiң көлемiн көрсетедi.
      Қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы шоғырландырылған есепте азшылық үлесi "Азшылық үлесi" деген жеке бапта азайтылған (көбейтiлген) шоғырландырылған таза кiрiс (шығын) көрсеткiшi ретiнде көрсетiледi.

             3-тарау. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп

      30. Бас банк жанама әдiстi қолдана отырып, ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп құрастырады.
      31. Жанама әдiс - бұл әдiс бойынша таза кiрiс немесе шығын ағымдағы активтер мен мiндеттемелердiң, ақшамен жасалмайтын операциялардың өзгеруiне қарай, сондай-ақ алдыңғы кезеңмен салыстырғанда операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтердiң нәтижесi болып табылатын есептелген кiрiстер мен шығындарға қарай түзетiледi.
      Бұл әдiс қаржы-шаруашылық тобы қызметiнiң нәтижесi туралы шоғырланған баланс және шоғырланған есеп ақпаратына негiзделедi.
      32. Жанама әдiс қаржы-шаруашылық қызметi нәтижесi туралы шоғырландырылған есептiң әрбiр бабын түзеудi қарастырмайды. Осы әдiске сәйкес таза кiрiс (шығын) сомасы есептi мерзiмдегi шоғырландырылған баланстағы соманы алдындағы есептi мерзiммен салыстыру бойынша түзетiледi.
      33. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есептегi топтар iшiнде айналысқа түскен және шыққан ақша есептелмейдi.

                   4-тарау. Түсiндiрме жазба

      34. Түсiндiрме жазба бас банктiң (есептеу әдiстерiн және бiрiктiрудi көрсетiп) шоғырланған қаржылық есептi құрастыру негiзiне алынған және қаржы-шаруашылық қызметi нәтижесiн тану есеп саясатын ашып бередi.
      35. Шоғырландырылған қаржы есебi тобының түсiндiрме жазбасында төмендегiдей ақпарат болуға тиiс, онымен де шектелмейдi:
      1) iрi еншiлес және бағынышты ұйымдардың аты көрсетiлген тiзiмi, тiркелген елi немесе мекен-жайы, акцияларға қатысу үлесi және дауыс берушi акциялар үлесiнiң айырмашылығы болған жағдайда, байланысты тараптар туралы ақпаратты жария ету (аффилирлеу) - қатынастар сипаты мен ауқымы;
      2) бас банк дауыстың жартысынан астамына ие бола алмаған жағдайда, бас банкке еншiлес банктiң үстiнен қадағалауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн, бас банк пен оның еншiлес ұйымы арасындағы қарым-қатынас сипаттамасы;
      3) бас банктiң қарамағында дауыс берушi акциясының жартысынан астамы бар, бiрақ бақылаудың жоқтығынан оның еншiлес ұйымы болып саналмайтын ұйымдардың тiзiмi;
      4) еншiлес ұйымдарды сатып алудың немесе сатудың есеп берiлетiн кезеңнiң және оның алдындағы кезеңнiң қаржылық көрсеткiштерiне әсерi;
      5) бас банктiң еншiлес ұйымдардың инвестицияларын есептеу үшiн пайдаланатын жекелеген қаржылық есебiнiң әдiсi;
      6) бағынышты ұйымдардың инвестицияларын есептеу үшiн пайдаланылған әдiстер;
      7) еншiлес ұйымның шоғырландырылған есепке кiрмеу себептерi;
      8) бас банк пен оның еншiлес бағынышты ұйымдарының есеп саясатының осы баптарға қолданылатын айырмашылықтары салдарынан есептеу мүмкiн емес шоғырландырылған қаржылық есеп баптарына түзетулер;
      9) бас банктiң, оның бағынышты еншiлес ұйымдарының қаржылық

есептерiнде бiрiктiруге, түзеуге және ауыстыруға жататын баптар, сондай-ақ 
шоғырландырудың нәтижелерi; 
     10) азшылық үлестi жария ету туралы ақпарат - қатысушылардың атауын 
көрсете отырып, азшылық үлестi құрайтын бас банктiң еншiлес, бағынышты 
ұйымдардағы олардың үлеске қатысуы; 
     11) топ мүшелерiнiң консорциумге және бiрлескен қызметке қатысуы топ 
туралы ақпаратты жария ету. 
     36. Ұйым еншiлес немесе бағынышты ұйымға сәйкес емес деп танылған 
күннен бастап, бұл ұйымға инвестициялар қазақстандық бухгалтерлiк есеп 
стандарттарына сәйкес есептеледi. 
     37. Бағынышты ұйымдарға үлестiк қатысу әдiсiмен есептелген, 
инвестициялар, жеке баланстың жеке бабында капиталға инвестиция ретiнде 
ашылады. 
     38. Бас банктiң үлесi апат жағдайларында немесе өткен кезеңдердегi 
түзетулерде жеке көрсетiледi .

               3-бөлiм. Шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру



      39. Ұлттық Банк банктер қызметiне және олардың пруденциалдық-нормативтердi орындауын қадағалау және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi банктердiң ұсынған шоғырландырылған қаржы есептерi негiзiнде, сондай-ақ инспекторлық тексеру жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
      40. Ұлттық Банктiң шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыруы үшiн банк ай сайын Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға және тәртiпке сәйкес шоғырландырылған есептер ұсынады.
      41. Топтағы жағдайлар және олардың жекелеген мүшелерiнiң қызметi банк тәуекелдерiне байланысты болуы мүмкiн, осыған байланысты соңғысы топтың әр мүшесiнiң қаржы жағдайына әсерiн, оның пруденциалдық нормативтердi орындауын мұқият талдайды.
      Банкте шоғырландырылған қаржылық есептi дайындауға қажеттi топтың барлық мүшелерiнiң қызметi туралы ақпараттың болуын қамтамасыз ететiн iшкi бақылаудың сенiмдi механизмi болуы керек.
      42. Бас банк барлық топтың және оның жекелеген мүшелерiнiң қызметiне тиiмдi бақылауды жүзеге асыруына қажеттi Ұлттық Банктiң талап еткен кез келген ақпаратты алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      43. Ұлттық Банк жеке, сондай-ақ қажет болған жағдайда топқа кiретiн кәсiпорын қызметiн қадағалайтын басқа мекеме мамандарымен бiрлесiп, олардың қызметiне инспекторлық тексеру жүргiзуге құқылы.
      44. Ұлттық Банк топ қызметiне тиiмдi қадағалау жасау үшiн, бас құрамына банктiң қаржылық есебi кiретiн шоғырландырылған қаржылық есеп жасау бойынша қосымша талаптар белгiлеуге құқылы.

             4-бөлiм. Қорытынды ереже

      45. Шоғырландырылған қаржылық есептi жасаған кезде, топтар қызметiнiң жариялы болуына және шоғырландырылған қаржылық есептiң дұрыстығына жету мақсатында Ұлттық Банк банктен активтер мен мiндеттемелердiң, кiрiс пен шығыстың жеке баптарының мазмұнын неғұрлым толық ашуға қажеттi қосымша ақпарат (шоғырландырылған қаржылық есептi жасау жөнiндегi жұмыс кестелерiн) сұрауға құқылы.
      46. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шешiлуге тиiс.
                                                Қазақстан Республикасы     

Ұлттық Банкi басқармасы 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 бекітілген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiне N 1 қосымша


        N 1 нысан

                    Топтың ХХХХ жылғы шоғырландырылған балансы
                                                                мың теңге



     ____________________________________________________________________
                 Баптардың атауы                   Жылдың         Жылдың 
                                                   басында       аяғында
     ____________________________________________________________________
                     1                               2              3
     ____________________________________________________________________
     Активтер
     ____________________________________________________________________
     Қолма-қол валюта
     ____________________________________________________________________
     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі
     депозиттер
     ____________________________________________________________________
     Басқа банктердегі депозиттер(шығынды жабуға
     арналған провизияларды алып тастағанда)
     ____________________________________________________________________
     Бағалы қағаздар
     ____________________________________________________________________
     Несиелер және лизингтер(шығынды жабуға
     арналған провизияларды алып тастағанда)
     ____________________________________________________________________
     Капиталды инвестициялар
     ____________________________________________________________________
     Негізгі құрал-жабдықтар(амортизацияны алып
     тастағанда) 
     ____________________________________________________________________
     Материалдық емес активтер(амортизацияны алып
     тастағанда)                                                           
     ____________________________________________________________________
     Басқа да активтер
     ____________________________________________________________________
     Минус:Жіктелген активтер мен дебиторлық
     берешек бойынша шығынды жабуға арналған
     басқа да провизиялар
     ____________________________________________________________________
     Барлық активтер
     ____________________________________________________________________
     
     ____________________________________________________________________
                 Пассивтер
     ____________________________________________________________________
     Міндеттемелер
     ____________________________________________________________________
     ____________________________________________________________________
     Депозиттер
     ____________________________________________________________________
     Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
     алдындағы берешек
     ____________________________________________________________________
     Басқа банктер мен ұйымдардың арасындағы
     берешек
     ____________________________________________________________________
     Банктің бағалы қағаздары
     ____________________________________________________________________
     Халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы
     берешек
     ____________________________________________________________________
     Басқа да қарыз алу(реттелген борыш)
     ____________________________________________________________________
     Басқа міндеттемелер
     ____________________________________________________________________
     Барлық міндеттемелер(І)
     ____________________________________________________________________
     Азшылықтың үлесі(ІІ)
     ____________________________________________________________________
     ____________________________________________________________________
     Капитал
     ____________________________________________________________________
     Жарғылық акционерлік капитал(сатып алынған
     меншік акцияларын қоспағанда)
     ____________________________________________________________________
     Қосымша капитал
     ____________________________________________________________________
     Банктің резерв капиталы
     ____________________________________________________________________
     Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау
     жөніндегі резерв
     ____________________________________________________________________
     Қайта бағалау резерві
     ____________________________________________________________________
     Өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі
     ____________________________________________________________________
     Бөлінбеген таза кіріс(жабылмаған шығын)
     ____________________________________________________________________
     Барлық капитал(ІІІ)
     ____________________________________________________________________
     Барлық пассивтер(І+ІІ+ІІІ)
     ____________________________________________________________________
     
     


                                                Қазақстан Республикасы     

Ұлттық Банкi басқармасы 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 бекітілген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiне N 2 қосымша


        N 2 нысан

                 Топтың ХХХХ жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің

                  нәтижелері бойынша шоғырландырылған есебі
      
     
                                                             мың теңге
     ____________________________________________________________________
     р/с
      N             Баптардың атауы                            Сома
     ____________________________________________________________________
     1                    2                                      3
     ____________________________________________________________________
     1   Сыйақы алумен байланысты кіріс
     2   Сыйақы төлеуге байланысты шығыс
     3   Сыйақы алумен байланысты таза шығыс
     
     4   Сыйақы алумен байланысты емес кіріс
     5   Сыйақы төлеуге байланысты емес шығыс
     6   Резервке есептегенге дейінгі таза операциялық
         кіріс(3+4+5)
     
     7   Жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер
         бойынша зиянды жабуға арналған резерв
     8   Резервке есептегеннен кейінгі таза операциялық
         кіріс(6-7)
     9   Активтерді сатудан түскен түсім/зиян
     10  Көзделмеген баптар
     11  Салық зияны төлегенге дейінгі кіріс/зиян(8+9+10)
     12  Салық төлемдері
     13  Топтың таза кірісі/зияны
     14  Азшылықтың үлесі
     15  Азшылықтың үлесін ескере отырып таза кіріс/зиян
     ____________________________________________________________________
     


                                               Қазақстан Республикасы      

Ұлттық Банкi басқармасы 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 бекітілген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiне N 3 қосымша


        N 3 нысан

                 Топтың ХХХХ жылға ақша қозғалысы туралы

                       шоғырландырылған есебі
     
                                                               мың теңге
     ____________________________________________________________________
     р/с
     N                Баптардың атауы                       Сома
     ____________________________________________________________________
     1                      2                                 3
     ____________________________________________________________________
     1   Топтың таза кірісі
     2   Топтың мынадай таза кірісіне түзетулер:
     
     1.1.Қамтамасыз етуге қаржы бөлу
     1.2.Амортизациялық есептеулер
     1.3.Сыйақы алумен байланысты емес есептелген кіріске
         өзгеріс
     1.4.Сыйақы төлеуге байланысты емес есептелген шығысқа
         өзгеріс
     1.5.Басқа есептелген кіріс минус есептелген шығыс
     ____________________________________________________________________
     1.6.Топтың таза кірісімен байланысты барлық ақша
         қозғалысы    
     ____________________________________________________________________
     2   Операция активтері мен міндеттемелеріне өзгеріс
     2.1.Мемлекеттік бағалы қағаздар портфеліне өзгеріс
     1.2.Басқа бағалы қағаздар портфеліне өзгеріс
     2.3.Банктерге берілген мерзімді депозиттер мен
         кредиттер
     2.4.Клиенттерге кредиттер
     2.5.Басқа активтер
     2.6."Лоро" корреспонденттік есепшоты
     2.7.Банктер мен ұйымдардан алынған мерзімді депозиттер
         мен кредиттер
     2.8.Клиенттің депозиттері
     2.9.Басқа міндеттемелер
     ____________________________________________________________________
     2.10.Операциялық (банктік) қызметке байланысты ақша 
          қозғалысының жиынтығы
     ____________________________________________________________________
     3.  Инвестициялық қызмет бойынша ақша қозғалысы 
     3.1.Басқа заңды тұлғалардың акциялары
     3.2.Реттелген борышқа инвестициялар
     3.3.Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес
         активтерге инвестициялар
     3.4.Инвестициялық қызметке байланысты ақша қозғалысының
         жиынтығы
     ____________________________________________________________________
     4.  Қаржылық қызмет бойынша қозғалыс
     4.1.Жарғылық капиталдағы өзгерістер
     4.2.Сатып алынған меншік акциялары
     4.3.Қосымша капиталдағы өзгерістер
     4.4.Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар
     4.5.Басқа да қарыз алу (реттелген борыш) өзгерістері
     4.6.Акциялар бойынша дивидендтер төлеу
     4.7.Қаржы қызметіне байланысты ақша қозғалысының 
         жиынтығы
     ____________________________________________________________________
     5.  Ақша қозғалысына байланысты операциялар
     5.1.Банктердің резервтері
     5.2.Бағам айырмашылығының әсері
     ____________________________________________________________________
     5.3.Ақша қозғалысымен байланысты емес операциялар жиынтығы
     ____________________________________________________________________
     ____________________________________________________________________
     6.  Азшылық үлесі
     ____________________________________________________________________
     ____________________________________________________________________
     7.  Барлығы (1.6;2.11;3.4;4.7;5.3;6 жолдардың 
         сомасы - 10 жол)
     8.  Жыл басындағы ақша қалдығы 
     9.  Жыл соңындағы ақша қалдығы
     ____________________________________________________________________
     ____________________________________________________________________
     10. Ақша қозғалысы (9 және 8 жолдар айырмашылығы)
    
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.