Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 70 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1169

Жаңартылған

      Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді:

       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда беріледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 256  (2008 жылғы 1 мамырда қолданысқа енеді) Қаулысымен. 
      1. Екінші деңгейдегі банктер үшін резервтік капиталдың ең аз мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес жіктеуге жатпайтын банк активтері көлемінің кем дегенде 5 проценті сомасында белгіленсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгiзiлсiн. 
      3. Банктердi қадағалау департаментi (Мекішев А. А.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң облыстық филиалдарына және екiнші деңгейдегi банктерге жiберсiн. 
      4. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын. 
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

       Ескерту: Жаңа қосымшамен толықтырылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30.  N 256  (2008 жылғы 1 мамырда қолданысқа енеді) Қаулысымен.