Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының оқушыларының ауысуы және оқушы қатарына қайта тағайындалуы туралы қағиданы бекіту

Бұйрық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 25 сәуір N 391 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 5 мамыр N 1143 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Z990389_ Заңына сәйкес бұйырамын:
      1. "Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының оқушыларының ауысуы

және оқушы қатарына қайта тағайындалуы туралы қағида" бекітілсін (қоса 
беріліп отыр).
     2. Бастауыш және орта кәсіптік білім департаменті (Қ.А. Лекер) 
белгілі ретпен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 
мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
     3. Облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармалары 
(департаменттері) осы бұйрықты бастауыш және орта кәсіптік білім 
ұйымдарының оқу орындарына мәлімдеп жеткізсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау вице-Министр Ә.С.Ахметовке 
жүктелсін.
     
     Министрдің міндетін
     атқарушы
     


                                 Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігінің 2000 жылғы сәуір айының 25 күні N 391 бұйрығымен бекітілген


      Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының оқушыларының ауысуы
             және оқушы қатарына қайта тағайындалуы туралы қағида
                          1. Жалпы ереже

      1. Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының оқушыларының ауысуы, оқушы қатарына қайта тағайындалуы жөніндегі осы ереже Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Z990389_ Заңының орындалуы мақсатында әзiрленген және оқушылардың оқу орындарының бiрiнен екiншiсiне, бiр мамандықтан басқа мамандыққа немесе оқудың бiр түрiнен екiншi түрiне, мемлекеттiк емес оқу орнынан мемлекеттiк оқу орнына ауысу ретін анықтайды.
      2. Бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының бiрiнен екіншiсiне ауысу, сонымен қатар орта кәсiптiк оқу орындарынан оқудан шыққан оқушыларды оқуға қайта тағайындау жаздық және қыстық демалыс уақыттарында жүргiзiледi.
      3. Оқу орнының бiрiншi курсына ауысу және оқушы қатарына қайта қабылдау бiрiншi семестр аяқталған соң ұқсас мамандығы бойынша қабылдаудан қалған бос орынға рұқсат етiледi.

                  2. Оқушылардың ауысуы

      4. Бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының бiрiнен екiншісiне, бiр мамандықтан басқа мамандыққа немесе оқудың бiр түрінен екiншi түрiне, мемлекеттік емес оқу орнынан мемлекеттiк оқу орнына оқушылардың ауысуы қос оқу орындарының басшыларының келiсiмi бойынша шешіледi. Бiр мамандықтан екiншісiне немесе оқу орнындағы оқудың бiр түрiнен екiншi түрiне ауысу да басшының шешiмi бойынша орындалады.
      Егер оқушы өндiрiспен, ұйыммен, мекемемен жеке-дара келiсiм шарт жасаса, онда оқу орнының бiр мамандығынан екiншiсiне ауысуы немесе басқа оқу орнына ауысуы келiсiм шарттың өзгеруiнен немесе бұзылуынан бұрын алдын-ала жүргiзiлуi керек.
      5. Бастауыш және орта кәсiптiк оқу орнының оқушысы басқа оқу орнына ауысқысы келсе, өзi оқитын оқу орнының басшысының атына басқа оқу орнына ауысуы жөнiнде өтінiш жазады және ауысуға басшының жазбаша келiсiмiн алған соң ауысқысы келетiн оқу орнының басшысының атына өтiнiш жасайды. Өтiнiшi қанағаттандырылған кезде ғана, басшының бұйрығымен оқушы сабаққа қатысады және оқушының бұрынғы оқыған оқу орнынан iс қағазы сұратылады.
      6. Оқушының бұрынғы оқыған оқу орнының басшысы сұранысты алғаннан кейiн "Басқа оқу орнына ауысуына байланысты оқудан шығарылды" деген мәлiметпен бұйрық шығарады және оқушының академиялық анықтама қағазының, сынақ кiтапшасының көшірмелерін оқу орнында қалдырғаннан кейiн, жiберілетiн құжаттардың тiзiмдемесiмен мекен-жайы көрсетілген, оқушыны оқуға қабылдаған оқу орнына құжаттарды үш күннiң ішінде жiбередi.
      7. Оқушының бастапқы оқыған оқу орнынан құжаттары келгеннен кейiн ғана, бастауыш және орта кәсiптiк оқу орнының оқушы қатарына қабылданғаны туралы бұйрық шығарылады.

               3. Оқушы қатарына қайта тағайындау

      8. Бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарынан бұрын шығарылған оқушылардың студенттер қатарына қайта тағайындалуы, оқудың барлық түрлерiне, оқудағы болған үзiлiсіне, оқудан шығарылу және еңбек өтілiне байланыссыз басшының бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда оқушының бұрынғы оқыған оқу орнының келiсiмi керек емес.
      9. Жоғары оқу орындарынан шығарылған тұлғалар осы ереженiң 3 және 8 тармақтарына сәйкес орта кәсiптiк оқу орындарына оқуға қайта тағайындалады.
      10. Оқушылардың мемлекеттік емес оқу орнынан мемлекеттiк оқу орнына сәйкес немесе ұқсас мамандығына ауысуы, оқушы қатарына қайта қабылдануы қысқы және жазғы демалыс кездерiнде оқуға кететін қаражатты оқушының толық төлеуi арқылы жүзеге асады.
      Оқу орны келесi сессияның басталуына дейiн академиялық айырмашылықтың ретiн, оны жою уақытын анықтайды. Академиялық айырмашылықты тапсыруға оқушы төлем ақы төлейдi.

            4. Оқушылардың ауысу және оқушы қатарына қайта
               тағайындалу жөнiндегі құжаттарды рәсiмдеу

      11. Бастауыш және орта кәсiптiк оқу орны екi аптаның көлемiнде ауысу және қайта тағайындалу туралы берiлген өтiнiштi қарастырып уақытын, курсын және қайта тағайындалу шартын немесе өтінiштi орындамау себебiн өтiнiш иесiне хабарлайды. Ауысу туралы өтінiшке , оқушының сынақ кiтапшасы немесе оқу карточкасы, ал тағайындалу жөнiндегi өтiнiшке-академиялық анықтамасы тiркеледi.
      12. Ауысу және қайта тағайындалу кезiнде оқу орнының директоры

академиялық қарызды жоюдың уақыты мен ретiн немесе оқу жоспары мен 
бағдарламасының айырмашылығын белгілейдi.
     13. Орта кәсіптiк оқу орнына ауысу немесе қайта тағайындалу кезінде 
өндiрiстен қол үзбей оқу үшiн таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа ауысудың 
қажеттілігiн оқу орны анықтайды.
     14. Ауыстырылған немесе қайта тағайындалған оқушының iс қағазына 
бұйрық, өтiнiшi және академиялық анықтама тiркеледi.
     15. Оқу орны жыл сайын 1-қазан айынан кешiктiрмей бағынышты 
оқу-басқару ұйымына академиялық анықтама-бланк қағазының керектi санын 
көрсетiп тапсырыс бередi. Анықтама бланкiсi оқу орнының есебiнде қатаң 
сақталады және берiлетiн кезде тiркеледi.
     
                               Бастауыш және орта кәсіптік оқу
                               орындарының оқушыларының
                               ауысуы, оқушы қатарына қайта
                               тағайындалуы туралы қағидаға
                               қосымша
     
     ______________________________________________________________
                 (ұжымның, министрліктің атауы)
     ______________________________________________________________
                     (оқу орнының атауы)
     
                 Академиялық анықтама N
     
     Берілді аз. ______________________________________________
     (тегі, аты-жөні)
     
     2000 жылдың ____айының ____күнінен 2000 жылдың ____айының____
     күнінен дейін ____________________________________________
                     (оқу орнының аты, мамандығы, оқу түрі)
     
     Оқыған кезде _____________________________________________
                           (Т.А.Ж.)
     
     келесі пәндер оқып, сынақ тапсырған және мынадай бағалар алған:
     
     _________________________________________________________________
 NN   ! Оқу           !Оқу жоспарына ! Бағасы ! Баға түрінде көрсету
 қатар! жоспарына       сәйкес сағат.   сан     
 лары   сәйкес          тардың саны    арқылы
        пәндердің       (оның ішінде   және 
        атауы           оқушының оқы.  жазбаша
                        ған сағаттары)
   ____________________________________________________________________
    1       2                 3            4             5
   ____________________________________________________________________
                                                  *Сынақтар*
                                                  *Семестрлік
                                                  қорытындылар*
                                                  Қорытындылар*
   ____________________________________________________________________
     
     Шығарылды _________________________________________________
                (шығарылу себебі, бұйрық реті және күні)
     
     Мемлекеттік мөр               Оқу жұмысының басшысы
                                   (басшының орынбасары)
     
                                                       (қолы)
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Балабекова Г.Г.