1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар
жүргізудің ережесі бекітілсін. 2. "Бюджеттік ұйымдарда кассалық операциялар жүргізудің уақытша тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі N 298 V970385_ бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Бірінші вице-министр Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже кассалық операцияларды жүргiзудің, мемлекеттiк мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитiн және қолма-қол ақшаны есеп айырысуда пайдаланудың шектi сомасын айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк мекемелердің өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысулары, әдетте, қолма-қол ақшасыз тәртiппен жүргiзiледi.
Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, 131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу", 132 "Дәрi-дәрмек пен таңғыш құралдар сатып алу", 139 "Өзге тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алу, 146 "Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа негiзгi құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу 159 "Өзге де ағымдағы шығыстар" ерекшелiктерi бойынша жалпы сомада айына: <*>
бюджеттiк қаражат үшін - 50 еселенген есептiк көрсеткiштен;
ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынатын қаражат үшiн 100 еселенген есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерде есеп айырысуды жүзеге асыруға рұқсат етiледi.
Жылдық бюджеттiк қаржы бөлудің қалған сомасына Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртіпке сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi беруге арналған шарттар жасалады.
Қолма-қол ақша алуға шектеу мыналар:
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 110 iшкi сыныбы бойынша бюджет қаражатының және ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынатын қаражаттың есебiнен жалақы төлеуге, 121 "Әлеуметтiк салық" ерекшелiгi бойынша еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктiлiгi мен босануы бойынша жұмсалатын шығыстар бойынша;
136 "Ел iшiндегi iссапарлар мен қызмет бабындағы жолсапарлар", 137 "Елден тысқары жерлерге iссапарлар мен қызмет бабындағы жолсапарлар" ерекшелiктерi бойынша iссапар шығыстарына;
131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу" ерекшелiгi бойынша мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн темекi бұйымдарының орнына ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстар бойынша;
134 "Мүлiктiк зат нәрселер мен басқа пiшiндiк және арнайы киiм-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу" ерекшелiгi бойынша әскери қызметшілерге нысанды киiм-кешектiң орнына ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстар бойынша; <*>
146 "Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негiзгi құралдарды ұстау, қызмет көрсету ағымдағы жөндеу" ерекшелiгi бойынша "Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа негiзгі құралдарды ұстаумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын штаттан тыс жеке тұлғалардың еңбегiне ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша" <*>
149 "Өзге де қызметтер" ерекшелiгi бойынша штаттан тыс қызметкерлердiң, оның iшiнде еңбек шарттары бойынша жүргiзушiлердiң еңбегiне ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша, сондай-ақ штаттан тыс қызметкерлер мен еңбек шарттары бойынша жүргiзушiлердiң iссапар шығыстары бойынша"; <*>
157 "Ерекше шығыстар" ерекшелiгi бойынша Ұлттық қауіпсiздiк комитетiнiң органдарынан басқа, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі, Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi органдарының ерекше шығыстары бойынша. 157 "Ерекше шығыстар" ерекшелiгi бойынша ұлттық қауiпсiздiк органдарын қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету, Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің осы Ереженің талаптарын мiндеттi сақтауымен, олардың шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру ерекшелiктерiне және алынатын қолма-қол ақшаның көлемi үшiн олардың жауапкершілігiне негiзделген тәртiппен жүзеге асырылады;
"Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 ерекшелiгi бойынша бостандықты шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне дейiн жолақы билеттерiн сатып алуға арналған шығыстар бойынша және сайлау өткiзуге (кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк iс-шараларын жүргiзуге және кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға, көлiк шығыстарына (көлiк жалдау, жанар-жағармай материалдары), партиялық тiзiмдер бойынша сайлауға түсiп отырған талапкерлердi қоспағанда, Президенттiкке, Парламент депутаттығына, сондай-ақ мәслихатқа депутаттыққа талапкерлердiң жалақысын өтеуге арналған) шығыстар бойынша; <*>
<*>
332 "Жеке тұлғаларға трансферттер" ерекшелiгi бойынша репатрианттарға (оралмандарға) олардың отбасыларына, спортшылардың және спорттық iс-шараларға қатысушылардың тамақтануына ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша бiр жолғы жәрдемақылар төлеуге арналған, шығыстар бойынша белгіленбейдi. <*>
Айрықша жағдайларда, мыналардың бюджеттiк шоттардан лимиттен жоғары қолда бар ақшаларды пайдалануы:
республикалық бюджеттен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердің - республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтінішi бойынша берiлген Қазынашылық комитетiнің жазбаша рұқсаты бойынша рұқсат етiледi;
жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердің - лимиттi жоғарылатуды тиiстi жергiлiктi атқарушы органмен келiсу және Қазынашылықтың аумақтық органына осындай шығыстардың жүзеге асырылуын растайтын тиiстi құжаттарды (өтiнiш, қажеттiлiк есептемесi және басқалар) ұсыну жолымен жүзеге асырылады. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.19. N 146
бұйрығымен. V011483_
3. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi орталық аппарат және республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен ұсталатын бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер үшiн алдағы қаржы жылына арналған шығыстардың сметасын жасаған кезде кассадағы қолма-қол ақша қалдығы лимитiнің есептемесiн жасайды (1-қосымша). Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы лимитінің есептемесi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi үшiн - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде, ал бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер үшiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерi бюджеттен шығыстардың бекiтілген сметасы негiзiнде растайды.
4. Жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер де кассадағы қолма-қол ақша қалдығы лимитiнің есептемесiн жасайды және оны шығыстардың сметасымен бiрге тиiстi жергiлiктi атқарушы органда растайды.
5. Мемлекеттiк мекеменің кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитiн бюджеттiк ұйымдардың 136 "Ел iшiндегi iссапарлар мен қызмет бабындағы жолсапарлар", 137 "Елден тысқары жерлерге iссапарлар мен қызмет бабындағы жолсапарлар" ерекшелiктерi бойынша бюджеттен бөлiнетiн қаржының бекiтiлген жылдық сомасын ескере отырып, мынадай шекте айқындайды:
5 млн. теңгеге дейiн - 20 мың теңге;
5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейiн - 40 мың теңге;
10 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейiн - 100 мың теңге;
20 млн. теңгеден жоғары - 150 мың теңге.
Алдағы жылдың басында республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн шығыстар сметасы әлi бекiтiлмеген жағдайда, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының 16-бабына сәйкес алдағы жылдың I тоқсанына арналған шығыстар сметасы жасалады және оған тиiсiнше кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимитi айқындалады.
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының 18-бабына сәйкес, Мәслихаттар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiткенге дейiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган ағымдағы қаржы жылына арналған жылдық жергiлiктi бюджет жобасының 1/4 бөлiгi мөлшерiнде бiрiншi тоқсанға арналған жергiлiктi бюджет шығыстарының сметасын жасайды және оған тиiсiнше кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимитi айқындалады.
Егер қаржы жылы iшiнде аталған ерекшелiктер бойынша шығыстар сметасы өзгертiлетiн болса, тиiсiнше кассадағы қолма-қол ақша қалдығының нақтыланған лимитi өзгертiліп, бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге хабарланады.
Бюджеттiк шотқа есепке алу үшiн ағымдағы қаржы жылында өткiзiлмеген мемлекеттiк мекеменiң кассасындағы қолма-қол бюджет ақшаларының қалдықтары 201232 "Республикалық бюджеттен бұрын алынған пайдаланылмаған қаражаттарды қайтару" және 201233 "Бұрын жергiлiктi бюджеттен алынған пайдаланылмаған қаражаттарды қайтару" кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша тиiстi бюджетке кейiннен аударыла отырып, міндеттi тәртіппен келесi қаржы жылында қайтарылады <*>
Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.19.
N 146 бұйрығымен. V011483_
6. Мемлекеттiк мекемелер өздерiнің кассаларында екiншi деңгейдегi банктен чек бойынша алынған қолма-қол ақшаны қызмет көрсететiн банктен ақша алған күндi қоспағанда, кемiнде 3 жұмыс күн сақтауға құқығы бар.
7. Мемлекеттiк мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол ақша, олар қабылданған күнiнен бастап 3 банк күнiнен кешiктiрмей, "Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынатын қаражат", демеушілік және қайырымдылық көмек үшiн, депозиттiк шоттар және Алматы қаласының әкiмi жанындағы бюджеттен тыс қоры тиiстi ағымдағы шоттарына есепке алу үшiн екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банкке тапсырылады.
Осы қаражатты, оларды алдын ала тиiстi шоттарға тапсырмастан, пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
2. Уәкілетті банктерде
қолма-қол ақша алу тәртібі
8. Қолма-қол ақша алу үшiн мемлекеттiк мекеменің кассирi немесе оны ауыстыратын тұлға Қазынашылықтың аумақтық органындағы Қазынашылықтың аумақтық органының транзит шотына мемлекеттiк мекеменің шотынан ақша аударуға төлем тапсырмасында көрсетiлген сомаға чек толтырады. Содан кейiн бас бухгалтер немесе бөлiмшенi басқаратын, мемлекеттiк мекеменің бухгалтерлiк есебiн қамтамасыз ететiн тұлға чектің дұрыс толтырылуын тексередi және оны төлем тапсырмасымен бiрге Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органының жауапты атқарушысына бередi.
9. Экономикалық сыныптама ерекшеліктерінің құрылымында белгілі бір шығыстар бойынша жалақының дұрыс төленуін бақылау және басқа мақсаттарға қолма-қол ақша алу мақсатында мемлекеттік мекемелер, берілуге тиіс соманы көрсете отырып, Қазынашылықтың тиісті аумақтық органдарына "Ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат" бюджеттік және ағымдағы шотынан, демеушілік және қайырымдылық көмек үшін шотынан және депозиттік шоттан қолма-қол ақша алуға өтінім береді. Қолма-қол ақша алуға арналған өтінім бюджеттік қаражат, ақылы қызмет көрсетулерді сатудан алынатын қаражат бойынша, демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттік сома және Алматы қаласы әкімінің бюджеттен тыс қорының қаражаты түрінде ақша чегімен бірге
жеке беріледі. Бұл ретте, демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттік сома түрінде алынатын қаражат және Алматы қаласы әкімінің бюджеттен тыс қорының қаражаты бойынша шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды толтырылмайды. Өтінім төлем тізімдемелері немесе мынадай нысандағы кассалық шығыс ордерлері негізінде жасалады. Қолма-қол қаражат алуға өтінім ______________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы) N____________чекке күні___________ _______________________________________________________________ N Төлемнің атауы Бюджеттік сыныптаманың Сомасы коды (теңге) _______________________________________________________________ 1. 2. 3. Жиыны М.О. Мемлекеттік мекеменің басшысы Бас бухгалтер
Мемлекеттік мекемеге тікелей қызмет көрсететін Қазынашылықтың аумақтық органы жауапты атқарушысы өтінімді, төлем тапсырмасын және чекті қабылдайды және тексереді. Олардың ресімделуінің дұрыстығын, сондай-ақ шотта қаражаттың бар-жоғын, сомасы мен ерекшелігі бойынша әрбір құжаттың сәйкестігін тексере отырып, жауапты атқарушы чек жазып берiлген соманы чек түбiртегінің бет жағында көрсетiлген сомамен салыстырады және чектiң бет және артқы жағына қол қояды. Тексерілген және қол қойылған төлем тапсырмасы чектер тiзiлiмiн қалыптастыру үшiн жауапты қызметкерiне берiледi. Чектердің тiзiлiмi басшысының, жауапты қызметкерiнің қолдары қойылған және Қазынашылықтың аумақтық органының мөрiмен расталған чектермен бiрге төлеу үшiн қызмет көрсететiн банкке жiберiледi, өтiнiм Қазынашылықтың аумақтық органының iсiнде қалады.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен ұсталатын және ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынатын қаражаты бар мемлекеттiк мекемелердің есеп айырысу ақша құжаттарына бақылауды жүзеге асырған кезде Қазынашылықтың аумақтық органының қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету жөнiндегi жауапты қызметкерi бюджеттiк және ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынатын қаражаттың есебiнен алынатын қолма-қол ақшаның лимиттің сақталуын тексередi (жалпы сомасы 131, 132, 139, 146, 159 ерекшелiктерi бойынша). Бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органы әрбiр мемлекеттiк мекемеге бiр айда алынатын қолма-қол ақшаны тiркеу бойынша талдамалық карточка ашады. <*>
Қолма-қол ақшаның мемлекеттiк мекеменiң кассасына уақытылы кiрiске алынуына бақылау жасау мақсатында операциялық бөлiмдi қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету жөнiндегi жауапты қызметкер төленген чектердің тiзiлiмiмен бiрге чек кiтапшасының арғы бетiнде қолма-қол ақшаның кiрiске алынғаны туралы жазбаға салыстыру жүргiзедi. Чек кiтапшасының арғы бетiндегi жазбалар қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету жөнiндегi жауапты қызметкерiнің қолымен расталады. <*>
Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.19. N 146
бұйрығымен. V011483_
10. Қажет болған жағдайда, Қазынашылықтың аумақтық органдары мемлекеттiк мекемелерден қолма-қол ақша алуға арналған өтiнiмге енгiзiлген соманың ұқсастығын тексеру үшiн бастапқы құжаттарды (жалақыға, сыйлық беруге және с.с. арналған тiзiмдемелер) тапсыруын талап етуге құқығы бар.
11. Банктен қолма-қол ақша алған кезде мемлекеттiк мекеменің кассирi немесе оны ауыстыратын тұлға банктiң бақылаушысының қатысуымен алынған жалпы соманы парақтап санауға және чекте көрсетiлген сомаға сәйкес екендiгiне көзiн жеткiзуге мiндеттi. Егер кассир банктің бақылаушысының қатысуымен алынған соманы парақтап санамаған болса, онда кейiннен жетiспеушілік болған жағдайда, ол жауап бередi.
12. Уәкiлеттi банктен алынған қолма-қол ақша дәл сол күнi мемлекеттiк мекеменің кассасына кiрiске алынады, сол үшiн кассир кассалық кiрiс ордерiн жазып бередi (N КО-1 нысаны). Бухгалтерлiк қызмет кассалық кiрiс ордерiн кассаға берiлерге дейiн кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiн тiркеу журналына тiркейдi (N КО-3а). <*>
Бұдан басқа, бас бухгалтердiң қол қойылған кiрiс ордерiнің нөмiрi мен күнi көрсетiле отырып, осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты қызметкерiнің қолымен расталатын чек кiтапшасы түбiртегiнің арғы бетiнде қолма-қол ақшаның кассаға кiрiске алынғаны туралы жазба жасалады.
Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.19.
N 146 бұйрығымен. V011483_
3. Қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру
және кассалық құжаттарды ресімдеу тәртібі
13. Банкнот пен тиынды төлемге қабылдау кезiнде мемлекеттiк мекеменің кассирi немесе оны ауыстыратын тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген ақша белгiлерiнің төлемдiлiгiн анықтау белгiлерi мен тәртiбiн басшылыққа алуға мiндеттi.
Мемлекеттiк мекеме кассаларының қолма-қол ақшаны қабылдауы бас бухгалтер немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға қол қойған кассалық кiрiс ордерi бойынша жүргiзiледi.
Қолма-қол ақшаны қабылдау кезiнде бас бухгалтер немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға мен кассир қол қойған және кассирдің мөрi (мөртабаны) басылып расталған кассалық кiрiс ордерi бойынша квитанция берiледi.
14. Мемлекеттiк мекеменiң кассасынан қолма-қол ақша беру кассалық шығыс ордерлерi немесе тиiсiнше ресiмделген басқа да құжаттар бойынша жүргiзiледi, бұл құжаттарға мөртабан басылып, кассалық шығыс ордерiнің деректемелерi толтырылуы керек. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға мемлекеттiк мекеменің басшысы мен бас бухгалтер немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға қол қоюға тиiс.
Мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсететiн орталықтандырылған бухгалтерияда берiлген жалақының жалпы сомасына бiр кассалық шығыс ордерi толтырылады, оның күнi мен нөмiрi әрбiр төлем тiзiмдемесiне қойылады.
15. Жекелеген тұлғаға кассалық шығыс ордерi немесе оны ауыстыратын құжат бойынша ақша беру кезiнде кассир немесе оны ауыстыратын тұлға алушының жеке басын куәландыратын құжат ұсынуды талап етедi, құжаттың атауы мен нөмiрiн, оны кiм және қашан бергенiн жазып алады, алушының қолхатын алып қалады. Егер кассалық шығыс ордерiн ауыстыратын құжат бiрнеше тұлғаға қолма-қол ақша беруге жазылса, онда алушылар өздерiнiң жеке бастарын куәландыратын құжаттарды ұсынады және төлем құжаттарының тиiстi бағанына қол қояды.
Мемлекеттiк мекемелерде ақша беру осы мемлекеттiк мекеме берген қызметтiк куәлiк бойынша жүргiзiледi, онда иесiнiң суретi болуға тиiс.
16. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке басының куәлiгi жеке басты куәландыратын құжат болып табылады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери билетi, қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгінің әскери қызметшiлерінің қызмет куәлiктерi төлқұжатты ауыстыратын құжат бола алады.
17. Қолма-қол ақшаны алудағы қолхат, алынған сомасы: теңге - жазумен, тиын санмен көрсетіле отырып, тек сиямен немесе шариктi қаламсаптың пастасымен өз қолымен жазылады. Қолма-қол ақшаны тiзiмдеме бойынша алған кезде жазумен сомасы көрсетiлмейдi.
18. Мемлекеттiк мекеменiң тiзiмдiк құрамында жоқ тұлғаларға қолма-қол ақша әр тұлғаға жеке-жеке жазылатын кассалық шығыс ордерi бойынша немесе жасалған шарттар негiзiнде жеке тiзiмдеме бойынша берiледi.
19. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оны ауыстыратын тұлға тек кассалық шығыс ордерiнде немесе оны ауыстыратын құжатта көрсетiлген тұлғаға ғана бередi. Егер ақша тиiстi тәртiппен ресiмделген сенiмхат бойынша берiлетiн болса, онда ордердiң мәтiнiнде бухгалтерлiк қызмет ақша алушының тегiнен, аты-жөнiнен кейiн ақша алуға сенiм бiлдiрілген тұлғаның тегiн, аты-жөнiн көрсетедi. Егер ақша тiзiмдеме бойынша берiлетiн болса, онда кассир ақша алу жөнiндегi қолхаттың алдына "Сенiмхат бойынша" деген жазу жазады. Сенiмхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордерiне немесе тiзiмдемеге тiркеледi.
20. Ауруы бойынша немесе басқа да себептермен қол қоюға мүмкiндiгi жоқ тұлғаға ақша берген кезде оның өтiнуi бойынша белгіленген тәртiппен ресiмделген сенiмхатқа, осы мемлекеттiк мекеменің бухгалтерлiк қызметінің немесе кассасының қызметкерлерiн қоспағанда, оған басқа тұлғаның қол қоюына болады. Кассалық шығыс ордерiнде қолма-қол ақшаны iс жүзiнде алушының немесе ол үшiн қол қойған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi мен жерi көрсетiледi.
21. Еңбекке ақы төлеудi, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы, стипендия, сыйлықақы төлеудi кассир алушының әрқайсысына кассалық шығыс ордерiн толтырмастан, төлем (есеп айырысу-төлем) тiзiмдемесi бойынша жүзеге асырады.
22. Төлем (есеп айырысу-төлем) тiзiмдемесінің титул (басты) парағында қолма-қол ақшалай қаражатты беру туралы рұқсат етiлген жазу жазылып, бюджеттiк ұйым басшысы мен бас бухгалтерiнің немесе олар уәкiлеттiк берген тұлғаның қолы қойылып, қолма-қол ақшаның берiлген күнi және жазбаша сомасы көрсетiледi.
Жалақы үшiн қолма-қол ақшаны бiр жолғы беру де (демалысқа кеткен, ауруы себептi, басқа да себептер бойынша), қызмет бабындағы iссапарларға байланысты шығыстар жөнiнде есеп беретiн болып бiрнеше тұлғаға депозитке салынған сома мен қолма-қол ақшалай қаражат беру де осы тәртіппен ресiмделедi.
Жекелеген тұлғаларға жалақы үшiн қолма-қол ақшаны бiр жолғы беру, әдетте, кассалық шығыс ордерi бойынша жүргiзiледi.
23. Жалақы, сыйлықақы, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар төлеудің белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн кассир:
1) төлем тiзiмдемесiнде төлем төленбеген тұлғалардың тегiнің қарсысына мөртабан басуға немесе "Депозитке салынды" деп қолмен белгi соғуға;
2) депозитке салынған соманың тiзiлiмiн жасауға;
3) тiзiмдеменің соңында депозитке салынуға жататын жалақының, сыйлықақының, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақылардың iс жүзiнде төленген сомасы туралы жазу жасауға, бұл соманы төлем тiзiмдемесiндегi жалпы жиынымен салыстыруға және оған өзінің қолын қоюға тиiс. Егер қолма-қол ақшаны кассир немесе басқа тұлға берсе, онда тiзiмдемеде: "Ақшаны тiзiмдеме бойынша берген (қолы)" деген қосымша жазу жазылады. Қолма-қол ақшаны кассирдің немесе таратушының бiр тiзiмдеме бойынша беруiне тыйым салынады;
4) кассалық кiтапқа iс жүзiнде төленген соманы жазуға және тiзiмдемеге: "N ___ кассалық шығыс ордері" деген мөртабан басуға мiндеттi. Бухгалтерлiк қызмет төлем тiзiмдемесiнде кассир жасаған белгiлердi тексеріп, ол бойынша берiлген соманы есептейдi.
Депозитке салынған сома уәкiлеттi банкке өткiзiледi және өткiзiлген сомаға бiр ортақ кассалық шығыс ордерi толтырылады, ол қолма-қол ақшалай салым жөнiндегi хабарландыру жазу үшiн негiз болады, онда бюджеттiк сыныптаманың 10 таңбалы коды мiндеттi түрде көрсетiледi.
24. Кассалық кiрiс ордерлерi мен олардың квитанцияларын, сондай-ақ кассалық шығыс ордерлерi мен оларды ауыстыратын құжаттарды бухгалтерия сиямен немесе шариктi қаламсаптың пастасымен дәл де анық етіп толтыруға немесе машинкамен (жазу, есептеу машинкасымен) жазуға тиiс. Бұл құжаттарда тазартуға, өшiрiп жазуға, түзетуге, ескерту жасалса да, жол берiлмейдi.
Кассалық шығыс ордерлерiнде олардың толтырылуы үшiн негiздеме көрсетiледi, оларға тiркелген құжаттар аталады.
Кассалық шығыс ордерлерiн немесе оларды ауыстыратын құжаттарды қолма-қол ақша алушы тұлғаның қолына беруге тыйым салынады.
25. Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiн немесе оларды ауыстыратын құжаттарды алу кезiнде кассир немесе оны ауыстыратын тұлға:
1) құжаттарда - бас бухгалтердің қолы, ал кассалық шығыс ордерi мен оны ауыстыратын құжатта - мемлекеттiк мекеме басшысының немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғалардың рұқсат еткен қолы болуын және оның растығын;
2) құжаттарды ресiмдеудің дұрыстығын;
3) құжаттарда аталған қосымшалардың болуын тексеруге мiндеттi. Осы талаптардың бiрi болмаса бiрi сақталмаған жағдайда, кассир құжаттарды тиiсiнше ресiмдеу үшiн бухгалтерлiк қызметке қайтарады.
Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiне немесе оларды ауыстыратын құжаттарға қосымшаларымен бiрге, күнi, айы, жылы көрсетiле отырып, мiндеттi түрде "Алынды" немесе "Төленді" деп жазылған мөртабан басылуға немесе бұл жазулар қолмен жазылып, қол қойылуға жатады.
26. Жалақы төлеуге арналған төлем (есеп айырысу-төлем) тiзiмдемелерiнде ресiмделген кассалық шығыс ордерлерi жалақы берiлгеннен кейiн тiркеледi.
4. Кассалық кітапты, ақшаны
пайдалану кітабын жүргізу тәртібі
және ақшаны сақтау ережесі
27. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу үшiн әрбiр мемлекеттiк мекеме, егер мемлекеттiк мекемеде бюджеттiк қаражат және ақылы қызмет көрсетулердi сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек түрiнде алынатын қаражат бойынша ақшалай операциялары бар болса, белгiленген N КО-4 нысаны немесе N 440 нысаны бойынша кассалық кiтап жүргiзуге тиiс.
28. Әрбiр мемлекеттiк мекеме нөмiрленген, жiппен қайымдалған және сүргiштi немесе мастикалық мөр басылған тек бiр ғана кассалық кiтапты жүргiзедi. Кассалық кiтаптағы парақтардың саны басшының, бас бухгалтердің немесе осы мемлекеттiк мекеменің бухгалтерлiк есебiн қамтамасыз ететiн бөлiмшенi басқаратын тұлғаның қолымен расталады.
Кассалық кiтаптағы жазу өшiргi қағаз арқылы шариктi қаламсаппен немесе сиямен 2 дана етiп жазылады. Парақтардың екiншi даналары жыртылмалы болуға тиiс және кассирдің есеп беруiне керек болады. Парақтардың бiрiншi даналары кассалық кiтапта қалады. Парақтардың бiрiншi және екiншi даналары бiрдей нөмiрлермен нөмiрленедi.
Кассалық кiтапта өшiруге және ескертiлмеген түзету енгiзуге тыйым салынады. Кiтапта қатенi түзету, түзетудің күнi көрсетіле отырып, "Түзетiлдi" деген жазумен ескертiлуге және мемлекеттiк мекеменің кассирi мен бас бухгалтерiнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның қойылған қолымен расталуға тиiс.
29. Кассалық кiтапқа жазуды кассир немесе оны ауыстыратын тұлға әрбiр ордер немесе оны ауыстыратын құжат бойынша қолма-қол ақшаны алғаннан кейiн немесе бергеннен кейiн жазуға тиiс. Күн сайын, жұмыс күнiнiң аяғында кассир бiр күнге операциялардың қорытындысын есептеп, келесi күнге кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шығарады, сөйтiп екiншi жыртылмалы парақты (кассалық кiтаптағы бiр күнгi жазбалардың көшiрмесiн) кассалық кiрiс және шығыс құжаттарымен бiрге есеп ретiнде бухгалтерлiк қызметке берiп, кассалық кiтапқа қол қояды. Сонымен бiрге кассадағы қолма-қол ақша қалдығын iс жүзiндегi қолма-қол ақшамен салыстырады.
30. Кассалық шығыс ордерiнде немесе оны ауыстыратын құжатта алушының қойылған қолымен расталмайынша кассадан қолма-қол ақша беру кассадағы қолма-қол ақша қалдығын растау үшiн қабылданбайды. Бұл сома кемалым болып саналады және кассирден өндiріп алынады. Кассалық кiрiс ордерiмен расталмаған қолма-қол ақша кассаның артық ақшасы деп саналып, 203109 "Өзге де санкциялар мен айыппұлдар" коды бойынша тиiстi бюджеттің кiрiсiне есепке алынады.
31. Мемлекеттiк мекемелердің уәкiлеттi банктерден алған қолма-қол ақшасы қатаң түрде мақсатына жұмсалады. Қолма-қол ақшаның нысаналы мақсатқа пайдаланылуын бақылау үшiн барлық мемлекеттiк мекемелер мемлекеттiк қаражат үшiн N 453 нысаны бойынша (N 2 қосымша) қолма-қол ақшаның нысаналы мақсатқа пайдаланылуын бақылау кiтабын және N 454 нысаны бойынша (N 3 қосымша) ақылы қызмет көрсетулердi сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттiк сома түрiнде түсетiн қолма-қол ақшаның мақсатты пайдаланылуына бақылау кiтабын жүргiзуi қажет. Екi кiтап бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша айдың басындағы қолма-қол ақшаның қалдығы, ақшаның түсуi, шығысы және айдың аяғындағы ақшаның қалдығы көрсетiледi. Екi кiтап бойынша қолма-қол ақша қалдығы жиынының сомасы айдың аяғындағы кассалық кiтап бойынша қолма-қол ақшаның қалдығына сәйкес келуi тиiс. Кітапқа жазуды кассир немесе оны ауыстыратын тұлға жазады.
32. Кассалық кiтап пен қолма-қол ақшаның нысаналы мақсатқа пайдаланылуын бақылау кiтаптарының (N 2 және N 3 қосымшалар) дұрыс және уақытылы жүргiзiлуiн бақылау бас бухгалтерге немесе мемлекеттiк мекемеде бухгалтерлiк есеп жүргiзудi қамтамасыз ететiн бөлiмшенi басқаратын тұлғаға жүктеледi.
33. Әрбiр мемлекеттiк мекеменің қолма-қол ақшамен есеп айырысу жүргiзу үшiн кассасы болуға тиiс. Касса - қолма-қол ақшаны сақталуын қамтамасыз ету үшiн техникалық талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және қолма-қол ақшаны қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналып оқшауландырылған бөлме. Мемлекеттiк мекеменің басшысы оның кiнәсiнен қолма-қол ақшаны сақтау мен тасымалдау кезiнде оның сақталуын қамтамасыз ететiн қажеттi жағдайлар жасалмаған жағдайда тиiстi заңнамада белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Касса бөлмесi оқшауландырылуға, ал кассаға кiретiн есiк операциялар жасау кезiнде iш жағынан кiлттелiп жабылуға тиiс. Кассаның жұмысына қатысы жоқ тұлғалардың оның бөлмесiне кiруiне тыйым салынады. Әрбiр мемлекеттiк мекемеде кассаға кiретiн тұлғалардың тiзiмi жасалады, оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
34. Мемлекеттiк мекемелердің барлық қолма-қол ақшасы, чектерi және бағалы қағаздары, әдетте, сейфтерде немесе отқа жанбайтын металл жәшiктерде, ал жекелеген жағдайларда құрамдастырылған және жай металл жәшiктерде сақталады, олар жұмыс аяқталғаннан кейiн кiлттелiп, сүргiш мөр басылады. Металл жәшiктердің кiлттерi мен мөрлер кассирлерде сақталады және олардың кiлттердi шартты жерлерде қалдыруына, бөгде тұлғаларға беруiне не ескерiлмеген қосымша даналарын жасатуына тыйым салынады.
Кассирлер пакеттерге, қобдишаларға немесе басқа да орауыштарға салып мөрлеген кiлттердің ескерiлген қосымша даналары мемлекеттiк мекемелердің басшыларында сақталады. Кемiнде тоқсанына бiр рет оларға комиссиялық тергеу жүргiзiледi. Кiлттің жоғалғаны анықталған жағдайда, мемлекеттiк мекеменің басшысы болған оқиғаны iшкi iстер органдарына хабарлап, металл жәшiктің құлпын дереу ауыстыру шараларын қолданады.
Осы мемлекеттiк мекемеге тиесiлi емес қолма-қол ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады.
35. Кассаның бөлмесi мен металл жәшiктердi ашар алдында кассир құлыптардың, есiктердің, терезе торлары мен мөрлердiң бүлiнген-бүлiнбегенiн қарап шығуға, күзет дабылының бұзылмағандығына көз жеткiзуге тиiс.
Мөр бүлiнген немесе алынған, құлыптар, есiктер мен терезе торлары сындырылған жағдайда, кассир мұны дереу мемлекеттiк мекеменің басшысына хабарлауға мiндеттi, ол болған оқиғаны iшкi iстер органдарына хабарлап, милиция қызметкерлерi келгенше, кассаны күзету шараларын қолданады.
Мұндай жағдайда мемлекеттiк мекеменің басшысы, бас бухгалтерi немесе оны ауыстыратын тұлға, сондай-ақ кассир iшкi iстер органдарының рұқсатын алғаннан кейiн кассада сақтаулы қолма-қол ақша мен басқа да құндылықтардың бар екендігiн тексередi. Бұл тексеру кассалық операциялар басталмастан бұрын жеткiзiледi. Тексеру нәтижелерi туралы 3 данада акт жасалады, оған тексеруге қатысушы барлық тұлғалар қол қояды. Актiнің бiрiншi данасы - iшкi iстер органдарына, екiншiсi - бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жiберiледi, үшiншiсi - мемлекеттiк мекемеде қалады.
36. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушiлердің материалдық жауапкершілігi туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кассирге өзi қабылдап алған барлық құндылықтар үшiн қасақана әрекеттермен де, өзiнің мiндеттерiне салдыр-салақ қарауы немесе адал қарамауы салдарынан да мемлекеттiк мекемеге келтiрілген қандай да болсын зиян үшiн толық материалдық жауапкершiлiкте болады.
37. Кассирдi жұмысқа қабылдау туралы бұйрық берiлгеннен кейiн мемлекеттiк мекеменің басшысы кассирге осы Ережемен таныстырып, қолын қойдыруға мiндеттi, кассирмен немесе оны ауыстыратын тұлғамен оның толық материалдық жауапкершiлiгi туралы шарт жасалады.
38. Кассирдің өзiне жүктелген жұмысты басқа бiреуге сенiп тапсыруына тыйым салынады.
39. Бiр кассирi бар мемлекеттiк мекемелерде оны уақытша ауыстыру қажет болған жағдайда, кассирдің мiндетi мемлекеттiк мекеме басшысының жазбаша бұйрығымен кассирдің мiндетiн атқару басқа қызметкерге жүктеледi. Бұл қызметкермен осы Ереженің 37-тармағында көзделген жазбаша шарт жасалады.
Кассир кенеттен жұмыста болмай қалған жағдайда, (сырқаттанып қалуы, басқа да себептермен) оның есебiнде тұрған құндылықтарды олар өзiне табыс етiлетiн тұлға мемлекеттiк мекеменің басшысы тағайындаған тұлғалардан тұратын комиссияның қатысуымен дереу санайды. Құндылықтарды қайта санау және табыстау нәтижелерi туралы көрсетiлген тұлғалардың қолы қойылған акт жасалады.
40. Басшылар, бас бухгалтерлер және кассалық құжаттарға қол қою құқығын пайдаланатын басқа да қызметкерлер кассирлердiң мiндеттерiн атқаруына болмайды.
Жекелеген жағдайларда, мемлекеттiк мекеме басшысының жазбаша өкiмiмен кассирдің мiндеттерiн толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасаса отырып, бас бухгалтер немесе мемлекеттiк мекеменің басқа қызметкерi атқара алады.
5. Кассаны тексеру және кассалық
тәртіптің сақталуын бақылау
41. Мемлекеттiк мекеменiң басшысы белгiлеген мерзiмде, бiрақ тоқсанына бiр реттен жиi емес, барлық қолма-қол ақшаны парақтап толық қайта есептей отырып және кассадағы басқа да құндылықтарды тексере отырып, кассаға тексерiс жүргiзедi. Кассаға тексерiс жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығымен акт жасайтын комиссия тағайындалады.
42. Тексерiс кезiнде кассада құндылықтар жетiспеген не артық болған жағдайда актiде жетiспеген немесе артық шыққан сома және оның пайда болуының мән-жайы көрсетiледi.
Кассалық кiтап компьютерлендiрілген әдiспен жүргiзілетiн жағдайда кассалық құжаттарды өңдеудің бағдарламалық құралдарының дұрыс жұмыс iстеуiне тексеру жүргiзiледi.
43. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қаржы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері, қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуының қамтамасыз етілуіне, есеп айырысуда қолма-қол ақшаның шекті пайдаланылу мөлшерінің сақталуына, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қолма-қол ақшаның, сондай-ақ ақылы қызмет көрсетулерді сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттік сома түрінде түскен ақшаның мақсатты
пайдаланылуына ерекше назар аудара отырып, мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеріспен тексеру жүргізген кезде кассаға міндетті түрде тексеріс жүргізіледі. 44. Кассалық тәртіптің сақталуы үшін жауапкершілік мемлекеттік мекеменің басшысына, бас бухгалтеріне, қаржылық қызметтің және кассирдің басшысына жүктеледі. N 1 қосымша Кассадағы қолма-қол ақшаның қалдық лимитін ЕСЕПТЕУ ______________________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы) (мың теңге) -------------------------------------------------------------------- N Ерекшелік Бюджеттік қаржыландырудың жылдық сомасы -------------------------------------------------------------------- 1 2 3 -------------------------------------------------------------------- 136 "Ел ішіндегі іссапарлар мен қызмет бабындағы жолсапарлар" 137 "Елден тысқары жерлерге іссапарлар мен қызмет бабындағы жолсапарлар" -------------------------------------------------------------------- Жиыны -------------------------------------------------------------------- Кассадағы ақшаның қалдық лимиті шығыстар сметасында көзделген жылдық сомаға байланысты мынадай мөлшерде белгіленеді: 5 млн. теңгеге дейін - 20 мың теңге; 5-тен 10 млн. теңгеге дейін - 40 мың теңге; 10-нан 20 млн. теңгеге дейін - 100 мың теңге; 20 млн. теңгеден жоғары - 150 мың теңге. Мемлекеттік мекеменің басшысы_____________ __________________ қолы (аты-жөні) 200__жылғы _______ __________мөлшердегі кассадағы қолма-қол ақшаның (сомасы) қалдық лимитін өзім тексерген сметалардың негізінде растаймын: ____ ______________________________ қолы (жауапты атқарушының аты-жөні) Күні 200__жылғы "___"____________ N 2 қосымша N 453 нысан Қолма-қол ақшаның мақсатты пайдаланылуын бақылау Кітабы Мемлекеттік мекеменің атауы___________________________ 200__жылғы ______айы -------------------------------------------------------------------------- N Операцияның мазмұны Күні Құжат Ерекшеліктер бойынша қолма-қол ақшаның нөмірі түскені (жұмсалғаны) -------------------------------------------------------------------------- 111 112 113 121 131 132 133 134 136 -------------------------------------------------------------------------- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 -------------------------------------------------------------------------- Айдың басына қалғаны -------------------------------------------------------------------------- Кіріс -------------------------------------------------------------------------- Кіріс бойынша жиыны -------------------------------------------------------------------------- Шығыс -------------------------------------------------------------------------- Шығыс бойынша жиыны -------------------------------------------------------------------------- Айдың аяғына қалғаны -------------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы ----------------------------------------------------- 137 139 147 151 және т.б. Ерекшеліктер бойынша жиыны ----------------------------------------------------- 14 15 16 17 18 19 ----------------------------------------------------- N 3 қосымша N 454 нысан Ақылы қызмет көрсетулерді сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттік сома түрінде түскен қолма-қол ақшаның мақсатты пайдаланылуын бақылау кітабы Мемлекеттік мекеменің атауы___________________________ 200__жылғы ______айы -------------------------------------------------------------------------- N Операцияның мазмұны Күні Құжат Ерекшеліктер бойынша қолма-қол ақшаның нөмірі чегі бойынша банктен түскені (жұмсалғаны) -------------------------------------------------------------------------- 111 112 113 121 131 132 133 134 136 -------------------------------------------------------------------------- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 -------------------------------------------------------------------------- Айдың басына қалғаны -------------------------------------------------------------------------- Кіріс -------------------------------------------------------------------------- Кіріс бойынша жиыны -------------------------------------------------------------------------- Шығыс -------------------------------------------------------------------------- Шығыс бойынша жиыны -------------------------------------------------------------------------- Айдың аяғына қалғаны -------------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы --------------------------- 137 139 147 151 және т.б. --------------------------- 14 15 16 17 18 --------------------------- таблицаның жалғасы -------------------------------------------------------------------------- Келесі шоттарға есепке алу үшін Банкке түскен кассаға қолма-қол түскені (тапсырылған) қолма-қол ақшаның жиыны -------------------------------------------------------------------------- ақылы қызм. депозиттік демеушілік және Алматы қаласы көрс. түскен сомадан қайыр. көмектен әкімінің бюдж. тыс қорынан -------------------------------------------------------------------------- 19 20 21 22 23 -------------------------------------------------------------------------- Оқығандар: Омарбекова А.Т. Багарова Ж.А.