2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 5 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2000 жылғы 29 наурыз N 145 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 сәуірде тіркелді Тіркеу N 1108

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Z970111_ "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" , 1999 жылғы 7 маусымдағы Z990389_ "Бiлiм беру туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 332 U000332_ "Терроризм мен экстремизм көрiністерiнің алдын алу және тию жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығына Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 227 "Жол саласын реформалау мәселелерi" туралы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
      "3.5 Жеке тұлға, қоғам және мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызмет" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "3.5.251 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы iшкi iстер органы
      3.5.251.33 Терроризм мен экстремизм көріністерiнiң алдын алу және тию жөнiндегi шаралар";
      "4.9.263.40.30 Әдiстемелiк кабинеттер" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "4.9.263.51 Дамуында проблемасы бар балаларды оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу";
      "5.9.254.44 Дәрi-дәрмек және медициналық жабдықтарды

орталықтандырылған сатып алу" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "5.9.254.44 Дәрi-дәрмек, медициналық жабдықтар және санитарлық 
көліктердi орталықтандырылған сатып алу";
     "12.1.215.34.12 Автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету"
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "12.1.215.34.30 Автомобиль жолдары мемлекеттiк мекемелерi
     12.1.215.34.31 "Инжиниринг" автомобиль жолдарының ақпарат орталығы" 
мемлекеттiк мекемесi";
     "12.1.215.34.31 Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Қызыләскер-Киров 
автомобиль жолын салу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен 
толықтырылсын:
     "12.1.215.36.32 Орал қаласы ауданында Орал өзені арқылы көпiр
құрылысы".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Министр
     
     
     Оқығандар:
           Омарбекова А.Т.
           Багарова Ж.А.