"Салық салу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 22 қарашадағы N 485-1 Z990485_ Қазақстан Республикасының Заңын, "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндетi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 492-1 Z990492_ Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бiрыңғай жер салығын есептеу және енгiзу тәртiбi туралы" нұсқауды бекiту туралы" V990968_ 1999 жылғы 16 қыркүйектегi бұйрыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) нұсқаудың 23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Есептi жыл үшiн бiрыңғай жер салығын төлеу аумақтық салық органдарымен келiсiм бойынша төлемдер екi мерзiмге бөлiнiп жүргізіледі:
1 қазанға дейiн - есептi кезең үшiн төлеу көзделiп отырғанның кемiнде 1/2 бөлiгiн;
есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн - салықтың жалпы сомасының қалған бөлiгiн.
Салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығының барлық сомасын есептi кезең бiткенге дейiн алдын-ала төлеуге құқылы. Қожалықтың қызметi тоқтаған жағдайда бiрыңғай жер салығының төленген сомасы қайтаруға немесе қайта есептеуге жатпайды.
Қожалықтың қызметi бiрыңғай жер салығын төлеудiң белгiленген мерзiмдерiне дейiн тоқтаған жағдайда салық органдары жер учаскесiн ағымдағы жылы әр ай сайын иеленудiң iс жүзiндегi уақытына қарай бiрыңғай жер салығының сомасын қайта есептейдi.
Қожалық (фермерлiк) шаруашылықтар әрбiр жалдамалы қызметкер, Шаруашылық Басшысы мен әрбiр мүшесi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 35 % мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi. Қожалық (жұмыс берушi) жалданған қызметкер үшiн төлеу көзiнен табыс салығын ұстауды, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды кiрiс берiлуiне қарай белгiленген мерзiмдерде дербес жүргiзедi.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер:
бiрыңғай жер салығын төлеуге Заңда белгiленген мерзiмде есептi кезеңнiң әрбiр айы үшiн әрбiр жалдамалы қызметкердiң табыс салығын, әлеуметтiк салықты төлеудi жүргiзедi;
бiрыңғай жер салығы бойынша декларация тапсыру үшiн Заңда белгiленген мерзiмде әлеуметтік салық бойынша декларация тапсырады;
зейнетақы заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау мен аударуды жүргiзедi;
Заңға сәйкес жалпы белгiленген тәртiпте мыналар бойынша төлеу және декларация тапсыруды жүзеге асырады:
1) өзiндiк емес өндiрiс тауарларын (жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн)
сату жөнiндегi айналымдар бойынша қосылған құнға салық бойынша; 2) өзiндiк емес өндiрiс тауарларын сату жөнiндегi айналымдар бойынша табыс салығы бойынша; 3) қажеттiлiктiң белгіленген нормативтен тыс мүлкi мен көлiк құралдарына мүлiк салығын және көлiк құралдарына салық бойынша. Заңдарға сәйкес өзге де алымдар мен төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер туындаған жағдайда (су үшiн төлем, қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер және басқалар) Қожалықтар оларды төлеудi жалпы белгiленген тәртiпте жүргiзедi. 2) Нұсқау мынадай мазмұндағы 7 қосымшамен толықтырылсын: N 7 Қосымша ________________ үшін бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған әлеуметтік салық бойынша Декларация Салық төлеушінің атауы ___________________________________ СТТН_______________, мекен-жайы, телефон_________________ Ауданы_______________ облысы ____________________________ Банк атауы__________________ банк шоттары________________ __________________________________________________________________ Салық төлеуші N Көрсеткіш мәліметтер бойынша __________________________________________________________________ 1 ҚР азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен аза. маттығы жоқ адамдар-басшы,шаруашылық мүшеле. рі, жұмысшылардың жұмыс айларының жалпы саны __________________________________________________________________ 2 Айлық есеп көрсеткіші __________________________________________________________________ 3 Осы топ бойынша салық ставкасы(АЕК-нен) 35 % __________________________________________________________________ 4 Осы топ бойынша бір ай үшін бюджетке төлеуге тиісті әлеуметтік салық сомасы,мың теңге (2 бет х 3 бет) __________________________________________________________________ 5 ҚР азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен аза. маттығы жоқ адамдар-басшы,шаруашылық мүшеле. рі, жұмысшылары үшін әлеуметтік салық сомасының жиынтығы, мың теңге (1 бет х 4 бет) __________________________________________________________________ 6 Шетел мамандары мен шетел жұмысшылары үшін төлеуге тиісті әлеуметтік салық сомасы, мың теңге* __________________________________________________________________ 7 Есептелуге әлеуметтік салық сомасы, мың теңге (5 бет + 6 бет) __________________________________________________________________ 8 Есепті кезең үшін салық төленді, мың теңге __________________________________________________________________ 9 Қайталап төлеуге тиісті салық, мың теңге (7 бет - 8 бет) __________________________________________________________________ * Шетел азаматтары және Қазақстан Республикасында уақытша болған азаматтығы жоқ адамдардың шаруашылық пайдалану кезінде 6-жол толтырылды. Төлем мерзімі: 1 қазан ____________ 1 науырыз____________ Заң алдындағы салық төлеушінің жауапкершілігі Біз осы Декларацияда келтірілген мәліметтердің растығы мен толықтығы үшін Заң алдында жауап береміз М.О. ______________________________ _________ Күні _________ (Шаруашылық басшысының аты-жөні) (қолы) Салық органы ______________________________ _________ (декларация қабылдағанның аты-жөні, (қолы) тұлғаның лауазымы) Күні _________ Бiртұтас жер салығын төлеушілердiң Әлеуметтiк салық бойынша декларацияны толтыру жөнiндегi басшылығы
1. Декларацияның 1-жолында жиынтықтағы Қожалық басшысының, қызметкерлерi мен мүшелерiнiң (ҚР азаматтары мен тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар) жұмыс iстеген айларының жалпы саны көрсетiледi.
2. Айлық есептiк көрсеткiш тиiстi жылға республикалық бюджет туралы Заңмен белгiленедi. Орташа жылдық айлық есептiк көрсеткiш (2-жол) 12 санына (жылдағы айлар саны) айлық есептiк көрсеткiштердi жылдық сомаға бөлумен айқындалады
3. Бiртұтас жер салығын төлеушiлер үшiн әлеуметтiк салық ставкасы (3-жол) қожалық басшысы, қызметкерi және мүшелерi үшiн айлық есептiк көрсеткiштен 35 % мөлшерiнде Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген.
4. Қожалық басшысы, қызметкерi және мүшелерi үшiн (4-жол) бiр айға төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы 2 және 3 жолдардың сомасын көбейту жолымен есептеледi.
5. Осы топ бойынша (5-жол) төленуге тиiстi әлеуметтiк салық сомасы 1 және 4 жолдардың сомасын көбейту жолымен есептеледi.
6. 6 жол қожалық еңбек қызметiне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасына уақытша келетiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың (мамандар мен жұмысшылардың) еңбегiн пайдалану жағдайларында толтырылады.
Осы топтар бойынша әлеуметтiк салық сомасын айқындау тәртiбi қожалық қызметкерлерi - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн әлеуметтiк салық сомасын есептеу тәртiбiне ұқсас. Мұның өзiнде, шетел мамандары мен шетел жұмысшылары үшiн әлеуметтiк салық ставкасы тиiсiнше айдағы есептiк көрсеткiштiң бес және он есе айлық мөлшерiнде белгiленгенiн ескеру қажет.
7. 7-жолда 5 және 6 жолдардың қосу жолымен алынған есептеуге әлеуметтiк салық сомасы көрсетiледi.
8. 8 жолда есептi кезең iшiнде қожалық төлеген әлеуметтiк салық сомасы көрсетiледi.
9. 9 жолда 7 және 8 жолдардың айырымы ретiнде алынған қосымша ақыға әлеуметтiк салық сомасы көрсетiледi.
Декларацияны толтыру тәртiбiн бiр қожалықтың мысалында қараймыз.
"Алуа" шаруа қожалығының құрамында ҚР азаматтары - 8 қожалық мүшесi, оның iшiнде қожалықтың басшысы мен мүшелерi бар, олар толық күнтiзбелiк жыл жұмыс iстедi. Қожалық жыл iшiнде 10 қызметкердi - Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтарын және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларды жалдаған. Олардың iшiнде 7 адам 5 ай, 2 адам 1 ай жұмыс iстедi.
Осы декларация бойынша есептi кезең болып 2000 жыл табылады.
Есептi кезеңде қожалық 21400 теңге сомасына әлеуметтiк салық төлеген.
1) Қожалықтың басшысы, қызметкерлерi және мүшелерi жұмысының жалпы саны мынаны құрады: (8 х 12) + (7 х 5) + (2 х 1) = 133 ай
2) Айлық есептiк көрсеткiш 2000 жылы 725 теңге мөлшерiнде белгiленген.
3) Бiртұтас жер салығын төлеушiлер үшiн әлеуметтiк салық ставкасы (3-жол) қожалықтың басшысы, қызметкерлерi және мүшелерi үшiн айлық есептiк көрсеткiштен 35 % мөлшерiнде "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген.
4) Бiр ай үшiн бюджетке төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы (4-жол) мынаны құрайды: 725 теңге х 35 % = 254 теңге.
5) Қожалықтың басшысы, қызметкерлерi және мүшелерi үшiн есептi кезеңде төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы (5-жол) мынаны құрайды:
133 ай х 254 теңге = 33782 теңге
6) 6 жол осы мысалда толтырылмайды, өйткенi еңбек қызметiне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасына уақытша келетiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбегiн қожалық пайдаланбады.
7) Осындай жолмен, 7 жолға 5 жолда көрсетiлген сома 33782 теңге көшiрiледi.
8) 8 жолда есептi кезеңде қожалық төлеген 21400 теңге әлеуметтiк салық сомасы көрсетiледi.
9) 9 жолда 7 және 8 жолдардың айырым сомасы ретiнде алынған қосымша
төлеуге тиiс (33702 - 21400) = 12302 теңге әлеуметтiк салық сомасы көрсетiледi. 2. Өндiрiстiк емес төлемдер департаментi (Д.Баймұрзин): - осы бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлсiн; - осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберілсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Өндiрiстiк емес төлемдер департаментiнiң директоры Л.К.Баймұрзинге жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Министрдің м.а. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.