1. "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
"6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау)" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"6.2.258.30.30 Жұмыспен қамту орталығы
6.2.258.30.31 Қоғамдық жұмыстар
6.2.258.32 Жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау";
"6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы";
"6.2.258.46 Тiс салдыру бойынша әлеуметтiк көмек көрсету" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"6.2.258.46 Көп балалы отбасыларды әлеуметтiк қорғау";
"6.2.258.46.23 Көп балалы аналар" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"6.2.258.46.31 Аналар мен жалпы бiлiм беретін мектеп оқушылары үшiн қала iшiндегi көлікте (таксиден басқа), сондай-ақ қала сыртындағы және аудан iшi желiсіндегi автобустарда жүруге әлеуметтiк көмек";
"6.2.258.46.23 Көп балалы аналар" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"6.2.258.46.30 Көп балалы аналарға тiс протездерін дайындау және
жөндеуге (қымбат бағалы металдардан жасалған протездерді қоспағанда) әлеуметтік көмек"; "6.2.258.57.32 Санаторлық-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "6.2.258.57.33 Техникалық және өзге құралдармен қамтамасыз ету"; "7.1.274.43.30 "Тұрғындардың аса мұқтаждарын тұрғын үймен қамтамасыз ету" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "7.1.274.45 Мемлекеттік қажеттілік үшін тұрғын үйлер мен жер учаскелерін босату". 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.