2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2000 жылғы 18 ақпандағы N 65 Бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 16 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1081. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

Күшін жойған

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 18 ақпандағы N 65 (тіркелген N 1081) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Халықты жұмыспен қамту туралы"  Z980341_  және 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 4 желтоқсандағы N 1002 "Көп балалы отбасыларды әлеуметтiк қолдау жөніндегi шаралар туралы" жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 199  P000199_  "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ақша бөлу туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_  бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына; 
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы: 
      "6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау)" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
      "6.2.258.30.30 Жұмыспен қамту орталығы 
      6.2.258.30.31 Қоғамдық жұмыстар 
      6.2.258.32 Жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау"; 
      "6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы"; 
      "6.2.258.46 Тiс салдыру бойынша әлеуметтiк көмек көрсету" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "6.2.258.46 Көп балалы отбасыларды әлеуметтiк қорғау"; 
      "6.2.258.46.23 Көп балалы аналар" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "6.2.258.46.31 Аналар мен жалпы бiлiм беретін мектеп оқушылары үшiн қала iшiндегi көлікте (таксиден басқа), сондай-ақ қала сыртындағы және аудан iшi желiсіндегi автобустарда жүруге әлеуметтiк көмек"; 
      "6.2.258.46.23 Көп балалы аналар" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "6.2.258.46.30 Көп балалы аналарға тiс протездерін дайындау және жөндеуге (қымбат бағалы металдардан жасалған протездерді қоспағанда) әлеуметтік көмек";
      "6.2.258.57.32 Санаторлық-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "6.2.258.57.33 Техникалық және өзге құралдармен қамтамасыз ету";
      "7.1.274.43.30 "Тұрғындардың аса мұқтаждарын тұрғын үймен қамтамасыз ету" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "7.1.274.45 Мемлекеттік қажеттілік үшін тұрғын үйлер мен жер учаскелерін босату".
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр