Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін және Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 1999 жылғы 29 желтоқсан N 318

Жаңартылған

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі;
      2) Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздерінің құрылымдары мен штат кестелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде және Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының тізбесінде көрсетілген лауазымдар атауына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атаулар қолдануға құқық берілсін.

      4. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілік сыныптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 12 шілдедегі N 3055 Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 31, 279-құжат);

      2) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығымен белгіленген лауазымдар санаттарына мемлекеттік қызметшілердің жекелеген лауазымдарын жатқызу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 қыркүйектегі N 3117 Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 37, 351-құжат);

      3) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 8-бабын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 шілдедегі N 3575 Жарлығы.
      5. Осы жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің 1999 жылғы  
29 желтоқсандағы N 318   
Жарлығымен         
бекітілген         

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының
тізілімі

А санаттарының тобы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

      Мемлекеттік хатшының кеңесшісі
      Әкімшілік Басшысының кеңесшісі
      Мемлекеттік хатшының көмекшісі
      Әкімшілік Басшысының көмекшісі
      Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының көмекшісі
      Сектор меңгерушісі, бас сарапшы
      Консультант, аға сарапшы
      Аға референт
      Сарапшы
      Референт
      Аға маман
      Маман

В санаттарының тобы

Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының
Аппараттары

Премьер-Министр Кеңсесі
Жоғарғы Сот Аппараты
Конституциялық Кеңес Аппараты
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы

      Құрылымдық бөлімшенің басшысы
      Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары
      Премьер-Министрдің көмекшісі, кеңесшісі
      Премьер-Министр Кеңсесінің бас инспекторы
      Парламент Палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
      Жоғарғы Сот төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
      Конституциялық Кеңес төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
      Жоғарғы Сот аппаратының бас консультанты
      Сектор меңгерушісі
      Премьер-Министр орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі
      Парламент Палатасы аппараты жетекшісінің көмекшісі
      Парламент Палатасы төрағасы орынбасарының көмекшісі
      Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, Қазақстан
      Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының көмекшісі, кеңесшісі
      Жоғарғы Сот Төралқасы мүшесінің көмекшісі
      Консультант
      Референт
      Парламент депутатының көмекшісі
      Аға маман
      Маман
      Ескерту. В санаттарының тобы  өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2002.03.21. N 825 жарлығымен.

С санаттарының тобы

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін органдар
Орталық атқарушы органдар
Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар
Орталық атқарушы орган ведомстволары
Облыстық, аудандық аумақтық органдар *

      <*> - Облыстық органдарға сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың және астананың органдары да теңгеріледі; аудандық органдарға сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардағы және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандық органдары да теңгеріледі.

     Департамент директоры **

      <**> - Орталық атқарушы органдардың ведомстволарынан басқа, өйткені ведомство құрамында департаменттер құрылмайды.

      Қазақстан Республикасы СІМ Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі
      Департамент директорының орынбасары
      Қазақстан Республикасының Бас консулы
      Кеңесші-Уәкіл (Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары)
      Облыстық аумақтық органның жетекшісі
      Ұлттық банк өкілдігінің басшысы
      Орталық орган басқармасының бастығы
      Қазақстан Республикасы СІМ шетелдегі мекемелерінің кеңесшісі
      Орталық сайлау комиссиясының бөлім меңгерушісі
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік
комиссиясының бас сарапшысы
      Облыстық аумақтық органның жетекшісінің орынбасары
      Орталық органның басқарма бастығының орынбасары
      Орталық органның бөлім бастығы
      Орталық органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі,
баспасөз хатшысы
      Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің консультанты
      Қазақстан Республикасы СІМ орталық аппаратының кеңесшісі
      Орталық органның бас маманы
      Облыстық аумақтық органның бөлім бастығы
      Аудандық аумақтық органның жетекшісі
      Қазақстан Республикасы консулы
      Қазақстан Республикасы СІМ бірінші хатшысы
      Орталық сайлау комиссиясының референті
      Аудандық аумақтық органның жетекшісінің орынбасары
      Облыстық аумақтық органның аға приставы
      Облыстық аумақтық органның аға сот атқарушысы
      Қазақстан Республикасы СІМ екінші хатшысы
      Қазақстан Республикасы вице-консулы
      Орталық органның жетекші маманы
      Қазақстан Республикасы СІМ үшінші хатшысы
      Облыстық аумақтық органның бас маманы
      Облыстық аумақтық органның приставы 
      Облыстық аумақтық органның сот атқарушысы
      Қазақстан Республикасы СІМ атташесі
      Қазақстан Республикасы СІМ референті
      Орталық органның маманы
      Облыстық аумақтық органның жетекші маманы
      Аудандық аумақтық органның құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі
      Аудандық аумақтық органның бас маманы
      Облыстық аумақтық органның маманы
      Аудандық аумақтық органның жетекші маманы
      Аудандық аумақтық органның маманы

D санаттарының тобы

Облыстық, аудандық, поселкелік, ауылдық (селолық) әкімдердің
аппараттары *

Облыстық, аудандық мәслихаттардың аппараттары
Облыстық, аудандық соттардың аппараттары

      <*> - Облыстарға сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астана да теңгеріледі
      Аудандарға сондай-ақ облыстық маңызы бар қала мен республикалық маңызы бар қалалардағы және астананың аудандары да теңгеріледі.

      Облыстық аппараттың жетекшісі
      Облыстық аппарат жетекшісінің орынбасары
      Аудан әкімінің орынбасары
      Облыстық аппараты құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі
      Облыс әкімінің көмекшісі, кеңесшісі, бас инспекторы
      Аудандық аппараттың жетекшісі
      Поселке, ауыл (село) әкімінің орынбасары **
      Облыстық аппараттың бас маманы
      Аудандық аппараттың бөлім бастығы
      Аудан әкімінің көмекшісі, кеңесшісі
      Облыстық аппараттың жетекші маманы
      Аудандық аппараттың бас маманы
      Облыстық аппараттың маманы
      Аудандық аппараттың жетекші маманы
      Поселкелік, ауылдық (селолық) аппараттың бас маманы
      Облыстық аппараты сот мәжілісінің хатшысы
      Аудандық аппараттың маманы
      Аудандық аппарат сот мәжілісінің хатшысы
      Поселкелік, ауылдық (селолық) аппараттың маманы

      <**> - Тұрғын саны 5 мың адамнан кем емес жағдайда енгізілуі мүмкін

Е санаттарының тобы

Жергілікті атқарушы органдар

      Облыстық органның жетекшісі
      Облыстық орган жетекшісінің орынбасары
      Облыстық органның бөлім бастығы
      Аудандық органның жетекшісі
      Аудандық органның жетекшісінің орынбасары
      Облыстық органның бас маманы
      Облыстық органның жетекші маманы
      Аудандық органның құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі
      Аудандық органның бас маманы
      Облыстық органның маманы
      Аудандық органның жетекші маманы
      Аудандық органның маманы

Қазақстан Республикасы  
Президентінің 1999 жылғы 
29 желтоқсандағы N 318 
Жарлығымен        
бекітілген        

Әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттарының тізбесі

А санаттарының тобы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

А-1

      Мемлекеттік хатшының кеңесшісі
      Әкімшілік Басшысының кеңесшісі

А-2

      Мемлекеттік хатшының көмекшісі
      Әкімшілік Басшысының көмекшісі
      Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының көмекшісі
      Сектор меңгерушісі, бас сарапшы

А-3

      Консультант, аға сарапшы

А-4

      Аға референт
      Сарапшы

А-5

      Референт

А-6

      Аға маман

А-7

      Маман

В санаттарының тобы

Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының
Аппараттары
Премьер-Министр Кеңсесі
Жоғарғы Соты Аппараты
Конституциялық Кеңесі Аппараты
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы

В-1

      Құрылымдық бөлімшенің жетекшісі

В-2

      Құрылымдық бөлімше жетекшісінің орынбасары
      Премьер-Министрдің көмекшісі, кеңесшісі
      Премьер-Министр Кеңсесінің бас инспекторы
      Парламент Палатасы төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
      Жоғарғы Сот төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
      Конституциялық Кеңес төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
      Жоғарғы Сот аппаратының бас консультанты

В-3

      Сектор меңгерушісі
      Премьер-Министр орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі
      Парламент Палатасы аппараты жетекшісінің көмекшісі
      Парламент Палатасы төрағасы орынбасарының көмекшісі
      Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, Қазақстан
      Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының көмекшісі, кеңесшісі
      Жоғарғы Сот Төралқасы мүшесінің көмекшісі

В-4

      Консультант

В-5

      Референт

В-6

      Аға маман

В-7

      Маман

С санаттарының тобы

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін органдар
Орталық атқарушы органдар
Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар
Орталық атқарушы орган ведомстволары
Облыстық, аудандық бөлімшелер *

      <*> - Облыстық органдарға сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың және астананың органдары да теңгеріледі; аудандық органдарға сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардағы және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандық органдары да теңгеріледі.

С-1

      Департамент директоры **
      Қазақстан Республикасы СІМ Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі
      <**> - Орталық атқарушы органдар ведомстволарынан басқалары, өйткені ведомстволардың құрамында департаменттер құрылмайды.

С-2

      Департамент директорының орынбасары
      Қазақстан Республикасының Бас консулы
      Кеңесші-Уәкіл (Қазақстан Республикасының халықаралық
ұйымдардың жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары)
      Облыстық аумақтық органның жетекшісі
      Ұлттық банк өкілдігінің басшысы

С-3

      Орталық орган басқармасының бастығы
      Қазақстан Республикасы СІМ шетелдегі мекемелерінің кеңесшісі
      Орталық сайлау комиссиясының бөлім меңгерушісі
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік
комиссиясының бас сарапшысы
      Облыстық аумақтық органның жетекшісінің орынбасары

С-4

      Орталық органның басқарма бастығының орынбасары
      Орталық органның бөлім бастығы
      Орталық органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі,
баспасөз хатшысы
      Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің консультанты

С-5

      Қазақстан Республикасы СІМ орталық аппаратының кеңесшісі
      Орталық органның бас маманы *
      Облыстық аумақтық органның бөлім бастығы
      Аудандық аумақтық органның жетекшісі

      <*> - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен басқа

С-6

      Қазақстан Республикасы консулы
      Қазақстан Республикасы СІМ бірінші хатшысы
      Орталық сайлау комиссиясының референті
      Аудандық аумақтық органның жетекшісінің орынбасары 

С-7

      Қазақстан Республикасы СІМ екінші хатшысы
      Қазақстан Республикасы вице-консулы

С-8

      Орталық органның жетекші маманы
      Қазақстан Республикасы СІМ үшінші хатшысы
      Облыстық аумақтық органның аға приставы
      Облыстық аумақтық органның аға сот атқарушысы

С-9

      Қазақстан Республикасы СІМ атташесі
      Облыстық аумақтық органның бас маманы

С-10

      Қазақстан Республикасы СІМ референті
      Орталық органның маманы
      Облыстық аумақтық органның жетекші маманы
      Облыстық аумақтық органның приставы
      Облыстық аумақтық органның сот атқарушысы
      Аудандық аумақтық органның құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі

С-11

      Аудандық аумақтық органның бас маманы

С-12

      Облыстық аумақтық органның маманы
      Аудандық аумақтық органның жетекші маманы

С-13

      Аудандық аумақтық органның маманы

D санаттарының тобы

Облыстық, аудандық, поселкелік, ауылдық (селолық) әкімдердің
аппараттары *
Облыстық, аудандық мәслихаттар аппараттары
Облыстық, аудандық соттар аппараттары

      <*> - Облыстарға сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астана теңгеріледі; Аудандарға сондай-ақ облыстық маңызы бар қала мен республикалық маңызы бар қалалардағы және астананың аудандары да теңгеріледі.

D-1

      Облыс аппаратының жетекшісі

D-2

      Облыс аппараты жетекшісінің орынбасары
      Аудан әкімінің орынбасары

D-3

      Облыстық аппарат құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі
      Облыс әкімінің көмекшісі, кеңесшісі, бас инспекторы
      Аудандық аппараттың жетекшісі

D-4

      Поселке, ауыл (село) әкімінің орынбасары *
      Облыстық аппараттың бас маманы
      Аудандық аппараттың бөлім бастығы
      Аудан әкімінің көмекшісі, кеңесшісі

      <*> - Тұрғын саны 5 мың адамнан кем емес жағдайда енгізілуі мүмкін

D-5

      Облыстық аппараттың жетекші маманы
      Аудандық аппараттың бас маманы

D-6

      Облыстық аппараттың маманы
      Аудандық аппараттың жетекші маманы
      Поселкелік, ауылдық (селолық) аппараттың бас маманы
      Облыстық сот мәжілісінің хатшысы

D-7

      Аудандық аппараттың маманы
      Аудандық сот мәжілісінің хатшысы

D-8

      Поселкелік, ауылдық (селолық) аппараттың маманы

Е санаттарының тобы

Жергілікті атқарушы органдар

Е-1

      Облыстық органның жетекшісі

Е-2

      Облыстық орган жетекшісінің орынбасары

Е-3

      Облыстық органның бөлім бастығы
      Аудандық органның жетекшісі

Е-4

      Аудандық органның жетекшісінің орынбасары

Е-5

      Облыстық органның бас маманы

Е-6

      Облыстық органның жетекші маманы
      Аудандық органның құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі

Е-7

      Аудандық органның бас маманы

Е-8

      Облыстық органның маманы
      Аудандық органның жетекші маманы

Е-9

      Аудандық органның маманы