"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 8-бабын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 1 шiлде N 3575. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.12.29. N 318 жарлығымен. ~U990318

     Қаулы етемiн:
     "Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел капиталын тарту процестерiн мемлекеттiк басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 2035  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 4, 44-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
     2-тармақтың бесiншi абзацы алынып тасталсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi