Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 1999 жылғы 3 желтоқсан N 280

Жаңартылған

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын  іске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
      2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.

      2. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы Агенттіктің аумақтық органдары қосымшаға сәйкес құрылсын.

      3. Агенттік Төрағасының бір орынбасары болады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:
      1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін құрсын;
      2) Агенттік пен оның аумақтық органдарының қызметін қаржыландыруды республикалық бюджетте көзделген қаржының есебінен қамтамасыз етсін;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Агенттік бір ай мерзімде Мемлекет басшысының бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізсін.

      6. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері Агенттіктің аумақтық органдарының ұйымдық-техникалық мәселелерін шешуде жәрдем көрсетсін.

      7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 12 қарашадағы N 4141 өкімінің  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, N 40, 361-құжат) күші жойылған деп танылсын.

      8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      9. Осы Жарлық 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
1999 жылғы 3 желтоқсандағы
N 280 Жарлығымен  
Бекітілген    

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Агенттік туралы ережені, сондай-ақ оның құрылымы мен штат санын Агенттік Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Агенттік өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      Агенттіктің, егер оған заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      5. Агенттік пен оның аумақтық органдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін құрайды.
      Аумақтық органдар өз қызметін заңдарда белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      6. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      7. Агенттік пен оның аумақтық органдары заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар нысанында шешімдер қабылдайды.

2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және
құқықтары

      8. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) мемлекеттік қызмет ісін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
      3) мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу;
      4) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру;
      5) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылау.

      9. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асыруға қатысады;
      2) мемлекеттік қызмет қызметшілері және мемлекеттік қызметтің кадр резерві жөнінде республикалық мәліметтер базасын түзеді;
      3) мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық жүйесін әзірлейді және қалыптастырады;
      4) әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      5) Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тізілімін және өзге де актілерді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
      6) мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      7) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіреді;
      8) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестіреді;
      9) мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқаруға үміткерлерді сынақтан өткізеді;
      10) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      10-1) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған және Қызмет этикасы ережесiн бұзған С-1, С-2, С-3 санаттарындағы әкiмшілiк мемлекеттiк қызметшiлерiне, сондай-ақ орталық құқық қорғау органдарының және арнаулы қызметтердiң бiрiншi басшыларынан, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарларынан басқа, осы органдардың тәртiптік жауапкершілiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған басқарма басшыларына дейiн қоса алғандағы лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптiк iстердi қарайды, бұл орайда орталық құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердiң аталған лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсынымдарды, сондай-ақ олардың тәртiптiк жауапкершілігi туралы бұл органдар мен қызметтер басшыларына ұсыныстарды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілеттi органның тәртіптiк комиссиясы енгiзуге құқылы; мемлекеттiк органдардың өзге санаттардағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тәртiптiк iстерiн қарау жөнiндегi тәртiптiк комиссияларының жұмысын үйлестiредi; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерінің қызметін үйлестіреді, олардың жұмысына бақылау жасайды және тексереді, олардың басшыларын тағайындауға келісім береді; <*>
      11) мемлекеттік қызмет туралы заңдарды қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеті мен шешімдеріне мемлекеттік қызметшілердің шағымдарын қарайды;
      12) мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша олардың қызметіне тексеру жүргізеді;
      13) мемлекеттік қызмет туралы заңдар бұзыла отырып қабылданған мемлекеттік органдардың шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
      14) мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда кеңес береді;
      15) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқаруға конкурстар өткізудің шарты мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
      16) республика Президентінің шешімі бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстар өткізеді;
      17) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысады және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен және тапсырмаларымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 2000.10.09. N 459 Жарлығымен.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002.06.21. N 895 Жарлығымен.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.02.27. N 1032 жарлығымен.

      10. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін жетілдіру мәселелері жөнінде Мемлекет басшысына және Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      2) республика Президентінің шешімі бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуге;
      3) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
      4) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңдарды сақтау мәселелері жөніндегі қызметіне тексерулер жүргізуге;
      5) тексерулер жүргізуге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға;
      6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, лауазымды адамдардан өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      7) заңдар бұзыла отырып қабылданған шешімдердің күшін жою немесе өзгерту туралы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар енгізуге;
      8) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
      9) аумақтық органдардың құзыретін белгілеуге;
      10) Қазақстан Республикасы заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және тапсырмаларына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға хақылы.

3. Агенттік мүлкі

      11. Агенттіктің жедел басқару құқында оқшауланған мүлкі болады.
      Агенттік мүлкі мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Агенттіктің балансында көрсетілетін өзге де мүлік есебінен құралады.

      12. Агенттікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      13. Агенттік өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінен басқаға беруге немесе өзге де жолмен билік етуге хақысыз.
      Агенттікке заңдармен белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

4. Агенттік қызметін ұйымдастыру

      14. Агенттікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Агенттік Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында ұдайы есеп беріп отырады.

      15. Агенттік Төрағасының Қазақстан Республикасының Президенті Төрағаның ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.

      16. Агенттік Төрағасы заңдарға сәйкес:
      1) Агенттік жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      2) орынбасардың, департаменттер директорлары мен Агенттіктің басқа да жауапты қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
      3) бұйрықтар шығарады;
      4) Агенттіктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
      5) Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлерін, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) басқа органдармен және ұйымдармен қарым-қатынастарда заңдарға сәйкес Агенттік атынан өкілдік етеді;
      7) өз құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      17. Агенттік Төрағасының орынбасары Төраға болмаған кезде оның орнын басады, Агенттіктің Төрағасы өзіне жүктеген өзге де міндеттерді орындайды.

      18. Агенттік Төрағасының алқа және өзге де консультативтік-кеңесші органдар құруға құқығы бар.

      19. Агенттік жұмысына материалдық-техникалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
1999 жылғы 3 желтоқсандағы
N 280 Жарлығымен   
Бекітілген     

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттігінің
құрылымы

      Басшылық
      Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті
      Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті
      Ұйымдық қамтамасыз ету басқармасы

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
1999 жылғы 3 желтоқсандағы
N 280 Жарлығына    
қосымша          

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі агенттігінің құрылатын
мемлекеттік органдарының
Тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      6. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      7. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      8. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      9. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      12. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      13. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      14. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      15. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      16. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.