Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 17 тамыздағы N 4021 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 26 наурыз N 91. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.11.28. N 271 Жарлығымен. ~U990271

Күшін жойған
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің мәселелері" атты 1998 жылғы 17 тамыздағы N 4021 U984021_ Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "85" саны "76" санымен алмастырылсын;
      аталған Жарлықтың 1 қосымшасында:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Агенттік Төрағасының орынбасары - департамент директоры болады, оны Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметінен босатады";
      11-тармақтың 2) тармақшасындағы "Атқарушы Директор" сөзі алынып тасталсын;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Агенттік Төрағасының орынбасары - департамент директоры Төраға орнында болмаған кезде, оның орнын басады, оған Агенттік Төрағасы жүктеген өзге де міндеттерді атқарады";
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Агенттікте Директорлар кеңесі құрылады, оның құрамына лауазымы бойынша Агенттік Төрағасы (Директорлар кеңесінің төрағасы), Төрағаның орынбасары - департамент директоры, департаменттер директорлары, сондай-ақ Агенттік Төрағасының шешімі бойынша Агенттіктің басқа

жауапты қызметкерлері кіреді";
     Аталған Жарлықтың 2 қосымшасында:
     "Әкімшілік - ақпарат департаменті" деген жол "Ұйымдық - 
ақпараттық жұмыс басқармасы" деген жолмен алмастырылсын.
     
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Икебаева Ә.Ж.)