Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 21 тамыз N 4021. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.11.28. N 271 Жарлығымен. ~U990271

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.17 № 1207 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Орталық атқару органдары, барлық деңгейдегi әкiмдер: 
      1) "Қазақстан Республикасында тiл туралы"  Заңның 23-бабына сәйкес, мемлекеттiк iстiң барлық салаларында мемлекеттiк тiлдiң белсендi қолданылуы үшiн басым жағдай жасау қажеттiгiн ескере отырып, мемлекеттiк органдарында iс қағаздарын кезең-кезеңiмен қазақ тiлiне көшiруге байланысты iс шаралар жоспарын жасап, жүзеге асырсын; 
      2) iс қағаздарын жүргiзу және ресми құжаттар әзiрлеуге қатысты құрылымдар мамандарының мемлекеттiк тiлдi бiлуi мен оны мемлекет қаржысының есебiнен оқып-үйренуi кәсiби бiлiктiлiк талаптары қатарына жатқызылсын; 
      3) 1998 жылдың 1 қазанына дейiн жоғарғы ұйымдармен қызметтiк хат-хабар, ақпарат алмасуды, статистикалық және қаржылық есептер жасасуды, сондай-ақ есептiң басқа да түрлерiн мемлекеттiк тiлде қосымша қаржысыз қамтамасыз ете алатын мүмкiншiлiктерi бар облыстар мен аудандарды анықтасын және оларда мемлекеттiк тiлде iс қағаздарын жүргiзуге қолайлы жағдай туғызсын. Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк тiлде тапсырылған құжаттарды, есептер мен ақпараттарды қабылдамай қайтару жағдайын болғызбасын; 
      4) министрлiктер мен басқа да орталық атқару органдарының орталық аппараттарында iшкi мүмкiншiлiктер есебiнен мемлекеттiк тiлдi iс қағаздарына енгiзу жөнiнде құрылымдық бөлiмшелер құруды толық шешсiн. Мемлекеттiк ұйымдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң штат кестелерiне қазақ тiлiнде iс жүргiзушiлер мен аудармашылардың лауазымдарын енгiзсiн; 
      5) орталық атқарушы органдар қабылдайтын шешiмдерiнiң мемлекеттiк тiлде шығарылуын қамтамасыз етсiн; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi министрлiктер мен басқа да орталық атқару органдарынан келiп түскен мемлекеттiк тiлдегi құжаттардың сапасын оқтын-оқтын сараптан өткiзiп, оны жақсарту жөнiнде Үкiмет қарауына ұсыныстар енгiзiп отыратын болсын; 
      6) жұртшылықтың тiлдiк қажеттiлiктерiн өтеу және тiларалық салада азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Сыртқы iстер министрлiгiнiң және Iшкi iстер министрлiгiнiң тиiстi органдарында мемлекеттiк аударма қызметiн құру мәселесi шешiлсiн; 
      7) барлық мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртабандары, бланкiлерi, маңдайша жазулары мен басқа да деректемелерi, көрнекi ақпараттары "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының 21-бабына сәйкес рәсiмделуi қатаң қадағалансын; 
      8) орталық атқару органдары 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiн өздерiнiң ресми шараларын, алқа мәжiлiстерi мен түрлi жиындарын өткiзетiн залдарын iлеспе аударма жасауға қажеттi техникалық құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз етсiн. 
      2. Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мемлекеттiк тiлдi үйрету мен iс қағаздарына енгiзудiң кешендi компьютерлiк бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi 1998-1999 оқу жылынан бастап жоғары және арнайы оқу орындарының бағдарламаларына "Қазақ тiлiнде iс қағаздарын жүргiзу" арнайы курсын енгiзсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi: 
      1) Қазақстан Республикасы Парламентiне ұсынылатын заң жобаларының мемлекеттiк тiлде сапалы әзiрленуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) үш ай мерзiм iшiнде Тiлдер туралы заңдарды сақтауды бақылаудың тәртiбi жөнiнде ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынсын.<*> 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1999.01.08.  N 16 қаулысымен.  
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi: 
      1) көлiк, сауда және байланыс салаларын мемлекеттiк тiлдегi сапалы анықтама-ақпараттармен қамтамасыз етсiн; 
      2) облыс орталықтарындағы, қалалар мен аудандардағы, кенттер мен селолардағы жұртшылыққа қызмет ететiн байланыс тораптарын қазақ қарпiлi аппараттармен, сондай-ақ қазақ тiлiнде қызмет жасай алатын кадрлармен қамтамасыз етсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметiнде, екi жақты халықаралық шарттар жасау, басқа да мемлекетаралық шаралар өткiзу кезiнде мемлекеттiк тiлдiң белсендi қолданылуын жүзеге асырсын. 
      7. Осы қаулының жүзеге асырылуына министрлiктердiң, басқа да орталық атқару органдарының бiрiншi басшылары мен барлық деңгейдегi әкiмдер тiкелей жауапты.
      Оны үйлестiру мен бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне жүктелсiн. Аталмыш Министрлiк қаулының орындалуы жөнiнде жыл сайын 1 қарашада Қазақстан Республикасы Үкiметiне ақпарат берiп отыратын болсын. 
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2005.01.28.  N 73   қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi