Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 8 желтоқсандағы N 3783. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасында көшi-қон және демографиялық процестердi реттеу мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн Орталық атқарушы орган (бұдан былай - Агенттiк) құрылсын. 
      Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi көшi-қон процесiн басқару және халық санының өсуi жөнiндегi саясатты қамтамасыз ету болып табылады.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
     1) бiр ай мерзiмде Агенттiк туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
     2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
     3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi