1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн Орталық атқарушы орган (бұдан былай - Агенттiк) құрылсын.
Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi көшi-қон процесiн басқару және
халық санының өсуi жөнiндегi саясатты қамтамасыз ету болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) бiр ай мерзiмде Агенттiк туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын; 2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн; 3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын. 3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi