"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заң күшi бар Жарлығының 1-бабына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 қаңтардағы N 2742 Жарлығымен және "Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнің, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланның әскери нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 қарашадағы N 3228 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы ереженiң 11-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нышандарының сипаттамалары мен үлгiлерi, айырым белгiлерi(суреттерi) бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру
жөнiнде шаралар қолданатын болсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 15 қазандағы
N 3673 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысандарының
СИПАТТАМАСЫ
1 ТАРАУ
Жоғары офицерлiк құрамның киiм нысаны
а) Парадтық-салтанатты киiм нысаны
- айнала жиегi көк барқын түстес, тiгiмi мен кокардасы алтын
түстес көк барқын түстес фуражка;
- ашық қаусырмалы өңiрлi, көк барқын түстес парадтық мундир,
мундирдiң жағасындағы тiгiсi алтын түстес;
- ашық қаусырмалы өңiрлi ашық-сұр түстi парадтық-салтанатты
мундир, мундирдiң жағасындағы тiгiсi алтын түстес;
- қара галстуктi ақ жейде;
- бұлығы тiк жолағы көк барқын түстес әдiптелген, балағы
сыртқа жiберiлген шалбар;
- парадтық алтын түстес белбеу;
- ақ түстi қолғап;
- қысқа қонышты қара (қоңыр) бәтеңке
/N 1 сурет/
б) Күнделiктi киiм нысаны
- айнала жиегi қорғаныш түстес келген күнделiктi қорғаныш
түстi фуражка (пилотка), тiгiсi мен кокардасы алтын түстес;
- ашық қаусырмалы өңiрлi қорғаныш түстi (немесе iлме өңiрлi
кеудесiнде жапсырмалы қалталары бар) кителiнiң жағасындағы
тiгiсi алтын түстес күнделiктi мундир;
- қорғаныш түстес галстугi бар қорғаныш түстi жейде;
- кеуде тұсында жабық жапсырма және қапталында сыдырмалы
жарма қалталары бар сыдырмалы күрте;
- бұлығы мен тiк жолағы қызыл түспен әдiптелген, балағы
сыртқа жiберiлген шалбар;
- қысқа қонышты қара (қоңыр) бәтеңке;
(N 2, 3 суреттер)
Жаздық жеңiлдетiлген түрi - жеңiлдетiлген фуражка,галстуксiз
қысқа жеңдi жейде, балағы сыртқа жiберiлген шалбар.
Барлық жинақ жеңiлдетiлген матадан тұрады:
- қысқа қонышты қара (қоңыр) бәтеңке
(N 4 сурет)
Күн суытқан кездегi жаздық киiм нысанында:
- қорғаныш түстi плащ;
- қорғаныш түстi кашне;
- қысқа қонышты қара (қоңыр) бәтеңке
(N 5 сурет)
Қысқы күнделiктi киiм-кешек жиынтығы:
- кокардасы бар қаракөл (құлақшын) бөрiк;
- қалыңдатылған қаракөл жағасы бар қаракөк түстi және үш
түймемен iлгектелген, сол жағында үш әрлеуiш түймелерi,
жабық жарма қалталары бар қаусырмалы өңiрлi драп пальто;
- сұр түстi кашне;
- жылы қара (қоңыр) бәтеңке;
- жылы қара (қоңыр) түстi былғары қолғап.
(N 6 сурет)
Көктемде және күзде:
- қорғаныш түстi iлме өңiрлi күздiк драп пальто;
- қорғаныш түстi кашне;
- қысқа қонышты қара (қоңыр) бәтеңке;
(N 7 сурет)
в) Далалық киiм нысан:
- алабажақ түстi далалық фуражка;
- алабажақ түстi тiк пiшiмдi күрте мен шалбар;
- ұзын қонышты далалық бәтеңке;
- жабдықтар.
Қысқы жиынтық:
- қаракөлден тiгiлген құлақшын-бөрiк;
- алабажақ түстi жылы күрте мен шалбар;
- жылы бәтеңке;
- қара (қоңыр) түстi қолғап.
(N 8, 9 суреттер)
2 ТАРАУ
Офицерлер, прапорщиктер және әскери қызметшi әйелдердiң
киiм-нысаны:
а) Парадтық-салтанатты киiм нысаны
- айнала жиегi және бұлығы көгiлдiр түспен әдiптелген көк
барқын түстес фуражка, әскери қызметшi әйелдердiң беретi көк барқын
түстес;
- парадтық-салтанатты көк барқын түстi ашық мундир;
- алтын түстес погондар;
- қара галстуктi ақ жейде;
- бұлығы көгiлдiр түспен әдiптелген, балағы сыртқа жiберiлген
шалбар, әскери қызметшi-әйелдердiң юбкасы көк барқын түстес;
- парадтық алтын түстес белбеу;
- қысқа қонышты (бәтеңке) қара бәтеңке;
- ақ түстi қолғап;
/N 10 сурет/
б) Күнделiктi киiм нысаны
- айнала жиегi мен бұлығы көгiлдiр түстi және өрме бауы
алтын түстес, қорғаныш түстi күнделiктi (пилотка) фуражка,
әскери қызметші әйелдердiң беретi қорғаныш түстi; - төрт түймеге iлгектелген, кеуде тұсында жапсырма қалталары, қапталында жабық жапсырмалы қалталары, жағасында -
эмблемасы бар күнделiктi ашық iлме өңiрлi китель;
- қорғаныш түстес галстугi бар қорғаныш түстi көйлек;
- бұлығы көгiлдiр түспен әдiптелген балағы сыртқа жiберiлген
шалбар, әскери қызметшi әйелдердiң юбкасы қорғаныш түстi;
- кеуде тұсында жабық жапсырма, қапталында жарма сыдырмалы
қалталары бар сыдырмалы күрте;
- қысқа қонышты қара (қоңыр) бәтеңке;
Жеңiлдетiлген жаздық түрi:
- жаздық жеңiлдетiлген фуражка, галстуксiз қысқа жеңдi жейде,
балағы сыртқа жiберiлген шалбар, қысқа қонышты қара (қоңыр)
бәтеңке. (N 11, 12, 13 суреттер)
Қысқы күнделiктi киiм-кешек жиынтығы:
- қырықпа (қаракөл) терiден жасалған кокардалы
құлақшын-бөрiк (бөрiк);
- қалыңдатылған және қырықпа (қаракөл) терiден жағасы бар,
жарма қалталы, қорғаныш түстi драп пальто;
- қорғаныш түстi кашне;
(N 11 сурет)
Күн суытқан кездегi жаздық киiм нысанында:
- жарты жүн матадан жасалған белдiгi бар қорғаныш түстi плащ;
- қорғаныш түстi кашне;
- қара (қоңыр) бәтеңке
(N 15 сурет)
в) Далалық киiм нысаны:
- мақта-матадан жасалған алабажақ түстi далалық фуражка;
- мақта-матадан жасалған тiк пiшiмдi алабажақ түстi күрте мен
шалбар;
- мақта-матадан жасалған қара-көк түстi комбинезон;
- мақта-матадан жасалған қара-көк түстi фуражка;
- ұзын қонышты бәтеңке;
- былғары жабдық.
(N 16 сурет)
Қысқы жиынтық:
- қырықпа терiден жасалған құлақшын-бөрiк;
- жағасы қырықпа терiден немесе жасанды мехтан жасалған
жылы күрте мен шалбар;
- ұзын қонышты жылы бәтеңке;
- былғары жабдықтар.
(N 17 сурет)
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 15 қазандағы
N 3673 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
әскери қызметшiлерiнiң бас киiмдерi мен киiм-
кешектерiндегi погондарының, кокардаларының,
эмблемаларының, жең белгiлерi мен тiгiстердiң
СИПАТТАМАСЫ
1 ТАРАУ
Жалпы ережелер
Парадтық, күнделiктi және далалық погондар белгiленген. Киiм-кешекке бекiтiлу тәсiлi жөнiнен олар қадамалы, тiгiлген,
алмасы-салмасы немесе жеңсiздерде болуы мүмкiн.
Погондардың бетiнде берiлген әскери атаққа сәйкес Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi, бес бұрышты жұлдыздар
мен жұлдызшалар, жолақтар, тiгiстер, эмблемалар орналасады.
2 ТАРАУ Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметi
әскери қызметшiлерiнiң погондары
1. Жоғары офицерлiк құрамның погондары
а) Парадтық погондар
Бетiнде алтынмен апталған жiптен ерекше өрiлген оқасы бар погондар (қаракөк түстi жiбектен тiгiлген пальтода).
Армия генералының погондарында жалпы әскерлiк эмблема өрнектелген, төменiрек алтынға суарылған сым жiппен кестеленiп, диаметрi 40 мм қызыл жiбекпен жиектелген.
Генералдардың погонында диаметрi 22 мм жұлдызшалар алтынға суарылған сым жiппен кестеленiп, қырлары қызыл жiбекпен жиектелген.
(N 1 сурет)
Сыртқы көйлекте бұлықсыз погондар болады. Погондардың бетi
көйлек тiгiлген матадан, алтындатылған жарқырауықпен кестеленген
оқаның суретi салынған.
Генералдардың погондарындағы жұлдыздар мен эмблемалар мундирге тiгiлетiн погондар тәрiздi, бiрақ жұлдызшалары жиексiз болады.
б) күнделiктi погондар
Бетiнде қорғаныш түстес ерекше өрнектi жiбек оқасы бар
погондар (қаракөк түстi пальтода).
Генералдардың погондарындағы бейне, сондай-ақ жұлдыздар,
жұлдызшалар мен эмблемалар генералдардың жиексiз погондарындағы
тәрiздi.
(N 2 сурет)
Сыртқы көйлектi погондар мундирдiң көйлегiндегiдей, погондардың
бетi күнделiктi киiлетiн көйлектер тiгiлген матадан.
б) Далалық погондар
Бетiнде қорғаныш түстес ерекше өрiлген жiбек оқасы бар погондар. Генералдардың погондарындағы жұлдызшалар жиексiз қорғаныш түстес болып келедi.
(N 3 сурет)
2. Офицерлер погондары
а) парадтық погондар
Бетiнде алтын түстес металл оқасы бар, көгiлдiр түстес бұлықтары мен жолақтары бар погондар.
Аға офицерлiк құрамның погондарында екi жолақ пен диаметрi 20 мм алтын түстес жұлдызшалар бар. Кiшi офицерлiк құрамның
погондарында бiр жолақ пен диаметрi 13 мм алтын түстес жұлдызшалар
бар. Погондардағы жұлдызшалардың саны әскери атаққа сәйкес болады.
(N 4 сурет)
Сыртқы көйлекте ақ түстi жiбек оқалы, көгiлдiр түстес бұлықтары мен жолақтары бар погондар.
Түймелер мен эмблемалар тиiсiнше 14х14 мм. және 15х15 мм. нысанды киiм-кешектегi тәрiздi.
(N 5 сурет)
б) Күнделiктi погондар
Бетiнде қорғаныш түстес жiбек оқасы бар, бұлықтарсыз, көгiлдiр
түстi жолақтары бар погондар.
Погондардағы жолақтар мен жұлдызшалар парадтық погондардағы
тәрiздi болады.
Сыртқы көйлекте бетiнде қорғаныш түстес жiбек оқасы бар немесе көйлек тiгiлген матадан жасалған, бұлықсыз көгiлдiр түстi жолақтары мен эмблемалары бар погондар. Погондардағы жолақтар, жұлдызшалар мен эмблемалар парадтық погондардағы тәрiздi.
(N 6, 7, 8 суреттер)
в) Далалық погондар
Қорғаныш немесе алабажақ түстес бұлықсыз және жолақтарсыз
киiм-кешекке тiкелей тiгiлген погондар, Қорғаныш түстес жұлдызшалар.
(N 9 сурет)
3. Прапорщиктер погондары
а) парадтық погондар
Бетiнде жiбек оқасы бар көгiлдiр түстi бұлықсыз погондар.
Погондарда диаметрi 13 мм алтын түстес жұлдызшалар.
Погондардағы жұлдызшалар саны әскери атаққа сәйкес болады.
(N 10 сурет)
б) күнделiктi погондар
Бетiнде жiбек оқасы бар қорғаныш түстес бұлықсыз погондар.
Погондардағы жұлдызшалар парадтық погондардағы тәрiздi.
Сыртқы көйлекте бетiнде қорғаныш түстi жiбек оқасы бар,
бұлықсыз немесе эмблемалары бар көйлектiң матасынан жасалған погондар.
Погондардағы жұлдызшалар парадтық погондардағы тәрiздi.
(N 11 сурет)
в) Далалық погондар
Далалық погондар офицерлердiң погондары тәрiздi.
Погондарындағы жұлдызшалар қорғаныш түстес келедi.
(N 12 сурет)
4 ТАРАУ
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметi әскери
қызметшiлерiнiң бас киiмдерi мен киiм-кешегiндегi кокардалар,
эмблемалар мен тiгiстер
1. Генералдардың парадтық және күнделiктi фуражкаларындағы кокарда жартылай дөңгеленген пiшiмдi, биiктiгi бойынша диаметрi 36 мм. Енi бойынша 28 мм. анодталған алюминий мен түстi металдардың басқа да қорытпаларынан жасалады, алтын түстес бес бұрышты жұлдыз, кокарданың қырлары шашыраңқы сәуле түрiнде жиектелген.
Фуражкалардағы тiгiс алтындатылған жалтырауықтан жасалады. Кокарданың екi жағы төрт бұтақшадан кестеленедi.
2. Генералдардың папахасы мен беретiндегi кокардалар жартылай дөңгеленген пiшiмдi, биiктiгi бойынша диаметрi 36 мм, енi бойынша 28 мм. Анодталған алюминий мен түстi металдардың басқа да қорытпаларынан жасалады, алтын түстес бес бұрышты жұлдыз, кокарданың қырлары шашыраңқы сәуле түрiнде жиектелген - жұлдыздың ортасында сәуле шашқан күнмен оның астында алтын түстес қалықтап ұшқан қыранның айшықты бейнесi орналасқан.
(N 14 сурет)
Фуражкадағы мата-мақта далалық кокардалар нақ осындай нышандармен, бiрақ қорғаныш түстi болып жасалады.
3. Офицерлердiң, прапорщиктердiң парадтық-салтанатты және күнделiктi фуражкаларындағы эмблемалары кокардалар алтын түстес қорытпадан бiр тұтас ретiнде жасалады.
Екi жағынан және астыңғы тұсынан үш бұтақшамен жиектелген кокарда енi созылыңқы, жартылай дөңгеленген пiшiмдi болады. Эмблеманың өлшемi биiктiгiнен 40 мм, енiнен 70 мм.
(N 15 сурет)
4. Генералдар мен офицерлердiң парадтық-саланатты және күнделiктi фуражкаларының қатырмасындағы эмблема алтын түстес алюминий қорытпадан Республика елтаңбасының элементтерi түрiнде жасалады.
(N 16 сурет)
5. Парадтық-салтанатты және күнделiктi киiм-кешектiң жағасындағы тiгiс алтын түстес сым жiптен бұтақтар түрiнде жасалады. Ұзындығы 75 мм, енi 25 мм.
(N 17 сурет)
6. Генералдардың, офицерлердiң, прапорщиктердiң парадтық белбеулерiнiң қапсырмасы түстi металдардың қорытпаларынан жасалып, дөңгелек нысанды болады.
Қапсырманың диаметрi биiктiгi бойынша 50 мм, енi бойынша 42 мм.
Генералдардың қапсырмасының ортасында диаметрi 23 мм болатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы салынған. Офицерлерде бес бұрышты жұлдыз. Қапсырма мен ондағы нышандардың бәрi алтын түстес болып келедi.
7. Қазақстан Республикасының Президентi Кұзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң нысанды киiм-кешегiнiң түймелерiнiң диаметрлерi, генералдар үшiн үлкен 24 мм қалған әскери қызметшiлерi үшiн 22 мм, шағындары 14 мм болып жасалады. Генералдардың түймелерiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы, басқа әскери қызметшiлерде ортасында Қазақстан Республикасының нышаны бар бес бұрышты жұлдыз бейнеленген.
(N 19 сурет)
8. Әскери қызметшiлердiң парадтық-салтанатты және күнделiктi киiм нысанының эмблемалары 15 мм х 15 мм өлшемдi көгiлдiр жасыл түстес бес бұрышты жұлдыз түрiндегi алюминий қорытпасынан жасалады. Оның iшiнде сәуле шашқан күн мен астыңғы жағында қалықтап ұшқан қыранның айшықты бейнесi орналасқан. Жұлдыз жалқын сары түстес сұлбамен жиектелген. Киiмнiң далалық нысанындағы эмблема нақ осындай нышанмен, бiрақ қорғаныш түсте жасалады.
(N 20 сурет)
9. Жең белгi көгiлдiр түстес матаның негiзiнде жасалады, жең белгiнiң периметрi бойынша 2 мм, арақашықтықта енi 2 мм болатын ал жалқын сары түстес қырмен көктей тiгiледi. Белгiнiң биiктiгi 8 мм, жоғары жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген қызыл түстi жазба орналасқан. Белгiнiң ортасында көгiлдiр жасыл түстес бес бұрышты жұлдыз орналасқан оның iшiнде сәуле шашқан күн мен астыңғы жағында алтын түстес қалықтап ұшқан қыранның айшықты бейнесi салынған. Жұлдыз жалқын сары түстес сұлбамен жиектелген. Жұлдыз сұлбасының енi оны бiр қырының ұзындығының 1/10 құрайды. Сол жағынан жоғарыдан төмен қарай периметрi бойынша әрiптерiнiң "ПРЕЗИДЕНТТIҢ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТI" деген жазба салынады. Жең белгi парадтық-салтанатты, күнделiктi және далалық киiм-кешектiң сол жеңiне жеңнiң жоғарғы тiгiсiнен 12 см қашықтықта тiгiледi.
(N 21 сурет).