1. Салық қызметi органдарының әлеуметтiк даму мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорының қосымша көзi үстей есептелген және келiп түскен салық сомаларынан, алымдар мен мемлекеттiк бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына жарналардан, бақылау жұмысының нәтижелерi бойынша алынған айыппұлдар мен өсiмдерден 10 процент аударым жасау түрiнде белгiленсiн.
2. Салық қызметi органдарының әлеуметтiк даму мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын құру көздерiн пайдалану тәртiбiн Үкiмет анықтайды деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi заң актiлерiне осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарынан туындайтын өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзетiн болсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi