Мемлекеттiк бюджет пен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына қаражат түсiмдерiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 11 сәуiрдегi N 3450. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Мемлекеттiк бюджет пен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына қаражат түсiмдерiн қамтамасыз етудi ынталандыру, сондай-ақ салық қызметi органдарының салықтар мен жарналарды есептеудiң дұрыстығын, толықтығын және олардың уақытылы төленуiн бақылау жөнiнде тиiмдi қызмет етуi үшiн қаулы етемiн: 
      1. Салық қызметi органдарының әлеуметтiк даму мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорының қосымша көзi үстей есептелген және келiп түскен салық сомаларынан, алымдар мен мемлекеттiк бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына жарналардан, бақылау жұмысының нәтижелерi бойынша алынған айыппұлдар мен өсiмдерден 10 процент аударым жасау түрiнде белгiленсiн. 
      2. Салық қызметi органдарының әлеуметтiк даму мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын құру көздерiн пайдалану тәртiбiн Үкiмет анықтайды деп белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi заң актiлерiне осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарынан туындайтын өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзетiн болсын. 
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi