Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын Еске алу күнiн белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3443.

Қолданыстағы

      1997 жылдың Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялануына байланысты, Республика азаматтары мен қоғамдық бiрлестiктерiнiң тiлектерiн ескере отырып, әрi саяси қуғын-сүргiн құрбандарын мәңгi есте қалдыру мақсатында қаулы етемiн:

      1. 31 мамыр Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын Еске алу күнi деп белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алуға арналған шаралар әзiрлеп, оларды 31 мамырда өткiзетiн болсын.

      3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi