1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 3299

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2235 Заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., N 9-10, 66-бап) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Мемлекеттiк жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндiрiстiк орталығына "Жерге орналастыру жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк жобалау институтын Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 ақпандағы N 230  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 12, 112-бап) қосымшаға сәйкес өндiрiстiк бөлiмшелердiң негiзiнде еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн және екi ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен олардың жарғыларын бекiтсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндiрiстiк орталығының (МемжерҒӨБ) жарғысын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiрсiн.

      3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары