Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1996 жылғы 2 шiлде N 3051

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 1996 жылғы
2 шiлдедегi N 3051  
Жарлығымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының заңдрын Қазақстан Республикасы
Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды
тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Парламент Мәжiлiсi мақұлдаған және Парламент Сенаты қабылдаған, Қазақстан Республикасы Конституциясының  53-бабында және 61-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Парламент Палаталарының бiрлескен отырыстарында қабылданған Парламент Палаталары әрқайсысының Төрағалары мен Премьер-министрдiң алдын-ала қойылған қолдарымен тиянақталған Қазақстан Республикасының заңы Сенат Төрағасы қол қойған iлеспе хатпен Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға жiберiледi. Егер халықаралық шарт заңмен ратификацияланған болса, онда заңмен бiрге осы шарттың куәландырылған көшiрмелерi қоса берiледi.
      2. Қол қоюға түскен заңды Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Жалпы бөлiмi заңға қол қою немесе онымен келiспейтiнiн бiлдiрiп, Парламент Мәжiлiсiне қайтару жөнiндегi ұсынысы бар қорытынды әзiрлеу үшiн Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiмге жiбередi. Заңның көшiрмелерiн Жалпы бөлiм Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөнiндегi көмекшiсiне мiндеттi түрде, сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне жолдайды.
      3. Президент Әкiмшiлiгiнiң Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiмi Мемлекет басшысы көмекшiлерiнiң, кеңесшiлерiнiң, Президенттiң Парламент Палаталарындағы өкiлдерiнiң, сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгi тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, заң қол қоюға түскен күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қорытынды әзiрлеп, оны заң мәтiндерiнiң түпнұсқаларымен бiрге Президент кеңсесiне табыстайды. Қажет болған жағдайда Президенттiң құқықтық мәселелер жөнiндегi көмекшiсi заң жөнiнде осындай қорытынды әзiрлейдi. Президент Әкiмшiлiгiнiң Заң және құқықтық мәселелер жөнiндегi бөлiмi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысын Мемлекет басшысының қол қоюна ұсынылатын заң туралы хабардар етедi.
      4. Президенттiң кеңсесi қорытындыларымен бiрге заңды Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысына табыстайды, ол қол қоюға ұсынылған заң және ол бойынша жасалған қорытындылар туралы Мемлекет басшысына баяндайды.
      Мемлекет басшысы қол қойған заңды Президенттiң кеңсесi Президент Әкiмшiлiгiнiң жалпы бөлiмiне бередi, ол:
      1) заңға реттiк нөмiр бередi. Бұл орайда нөмiрлеу тиiсiнше сайланған Парламент қызметi кезеңiне жүргiзiледi - ол араб цифрларымен , сайлану ретi - рим цифрларымен (сызықша арқылы) белгiленедi, ал бұдан кейiн ҚРЗ (Қазақстан Республикасының Заңы) бас әрiптер қойылады;
      2) заңды арнаулы журналға қол қойылған күнiн, реттiк нөмiрi мен Парламент сайлауын көрсете отырып, тiркейдi;
      3) тиiстi елтаңбалық мөрмен куәландырылған заң көшiрмесiн мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға бередi;
      4) Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсiне заңның тиiстi елтаңбалық мөрмен куәландырылған екi данасын бередi, ал Сенат пен Мәжiлiс аппараттары белгiленген тәртiппен өз тарапында:
      "Парламент Жаршысында" жариялау және Сенатта заңды талқылау процесiнде түзелетiн алғашқы материалдармен iске қосып тiркеу;
      мүдделi органдар мен ұйымдарға тарату, Мәжiлiсте заңды талқылау процесiнде түзелетiн алғашқы материалдармен iске қосып тiркеу мәселелерiн шешедi.
      5. Мемлекет басшысы қол қойған заңдардың түпнұсқалары Президент Әкiмшiлiгiнiң Жалпы бөлiмiнде сақталады және белгiленген мерзiм өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiне тұрақты сақтауға берiлдi.
      6. Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiгiнiң Жалпы бөлiмiнде елтаңбалық мөрмен куәландырылған заңдардың көшiрмелерi талқылау мен қабылдау барысында түзiлген басқа материалдармен бiрге белгiленген тәртiппен тиiсiнше Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнде iстерге хатталады және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивiне тұрақты сақтауға тапсырылады.
      7. Қол қойылмаған заң Парламенттiң Мәжiлiсiне қайтарылған жағдайда оны қайталап талқылау және дауыс беру үшiн Мемлекет басшысы өзiнiң заңға тұтастай немесе оның жекелеген баптарына (ережелерiне) келiспеушiлiктерде тұтастай заңның немесе оның жекелеген баптарының (қағидаларының) редакциясы берiлуi мүмкiн.
      8. Республика Президентi келiспеушiлiктердi Мәжiлiстiң тұрақты комитетi мен Мәжiлiстiң отырысында талқылау қорытындылары бойынша заңның немесе оның жекелеген баптарының (ережелерiнiң) нақтыланған редакциясын енгiзе алады. Заңның немесе оның жекелеген баптарының (ережелерiнiң) редакцияларын нақтылау қажеттiгi туралы ұсынысты Мемлекет басшысының қарауына Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөнiндегi көмекшiсiмен бiрлесе отырып, Президент Әкiмшiлiгiнiң Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiмi бередi.
      9. Мемлекет басшысының келiспеушiлiктерi Парламентте талқыланған кезде Республика Президентiнiң айқындамасын оның құқықтық мәселелер жөнiндегi көмекшiсi, Президент Әкiмшiлiгi Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiмiнiң меңгерушiсi, Мемлекет басшысының Парламенттiң Палаталарындағы өкiлдерi немесе ол уәкiлдiк берген өзге лауазымды адамдар бiлдiредi.