Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 шiлдедегі N 3051 Жарлығы

Жаңартылған

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН
      1. Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн. 
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң 1996 жылғы 
2 шiлдедегi N 3051   
Жарлығымен      
бекiтiлген      

       Ескерту. Мәтін бойынша "Заң және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі" деген сөздер "Заңнама және құқықтық сараптау" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.09.21.  N 413  Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасының заңдрын Қазақстан Республикасы
Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды
тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Парламент Мәжiлiсi мақұлдаған және Парламент Сенаты қабылдаған, Қазақстан Республикасы  Конституциясының  53-бабында және 61-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Парламент Палаталарының бiрлескен отырыстарында қабылданған Парламент Палаталары әрқайсысының Төрағалары мен Премьер-министрдiң алдын-ала қойылған қолдарымен тиянақталған Қазақстан Республикасының заңы Сенат Төрағасы қол қойған iлеспе хатпен Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға жiберiледi. Егер халықаралық шарт заңмен ратификацияланған болса, онда заңмен бiрге осы шарттың куәландырылған көшiрмелерi қоса берiледi. 

      2. Қол қоюға түскен заңды Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi заңға қол қою немесе онымен келiспейтiнiн бiлдiрiп, Парламент Мәжiлiсiне қайтару жөнiндегi ұсынысы бар қорытынды әзiрлеу үшiн Мемлекеттік құқық бөліміне жiбередi. Заңның көшiрмелерiн де Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмі Президент Әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне жолдайды.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.09.21  N 413 , 2008.04.24  N 576  Жарлықтарымен. 

      3. Президент Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлiмi Мемлекет басшысы көмекшiлерiнiң, кеңесшiлерiнiң, Президенттің Парламенттегі өкілдігі басшысының, сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгi тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, заң қол қоюға түскен күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қорытынды әзiрлеп, оны заң мәтiндерiнiң түпнұсқаларымен бiрге Президент кеңсесiне табыстайды.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.09.21  N 413 , 2008.04.24  N 576  Жарлықтарымен. 

      4. Президенттiң кеңсесi қорытындыларымен бiрге заңды Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысына табыстайды, ол қол қоюға ұсынылған заң және ол бойынша жасалған қорытындылар туралы Мемлекет басшысына баяндайды. 
      

      4-1. Республика Президенті Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.
       Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.09.21.  N 413  Жарлығымен.

      5. Мемлекет басшысы қол қойған заңды Президенттiң кеңсесi Президент Әкiмшiлiгiнiң Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне бередi, ол: 
      1) заңға реттiк нөмiр бередi. Бұл орайда нөмiрлеу тиiсiнше сайланған Парламент қызметi кезеңiне жүргiзiледi - ол араб цифрларымен , сайлану ретi - рим цифрларымен (сызықша арқылы) белгiленедi, ал бұдан кейiн ҚРЗ (Қазақстан Республикасының Заңы) бас әрiптер қойылады; 
      2) заңды арнаулы журналға қол қойылған күнiн, реттiк нөмiрi мен Парламент сайлауын көрсете отырып, тiркейдi; 
      3) тиiстi елтаңбалық мөрмен куәландырылған заң көшiрмесiн тиісті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға бередi; 
      4) Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсiне заңның тиiстi елтаңбалық мөрмен куәландырылған екi данасын бередi, ал Сенат пен Мәжiлiс аппараттары белгiленген тәртiппен өз тарапында: 
      "Парламент Жаршысында" жариялау және Сенатта заңды талқылау процесiнде түзелетiн алғашқы материалдармен iске қосып тiркеу; 
      мүдделi органдар мен ұйымдарға тарату, Мәжiлiсте заңды талқылау процесiнде түзелетiн алғашқы материалдармен iске қосып тiркеу мәселелерiн шешедi.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.04.24  N 576  Жарлығымен. 

      6. Мемлекет басшысы қол қойған заңдардың түпнұсқалары Президент Әкiмшiлiгiнiң Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады және белгiленген мерзiм өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiне тұрақты сақтауға берiлдi.
      Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiгiнiң Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде елтаңбалық мөрмен куәландырылған заңдардың көшiрмелерi талқылау мен қабылдау барысында түзiлген басқа материалдармен бiрге белгiленген тәртiппен тиiсiнше Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнде iстерге хатталады және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивiне тұрақты сақтауға тапсырылады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.04.24  N 576  Жарлығымен. 

      7. Қол қойылмаған заң Парламенттiң Мәжiлiсiне қайтарылған жағдайда оны қайталап талқылау және дауыс беру үшiн Мемлекет басшысы өзiнiң заңға тұтастай немесе оның жекелеген баптарына (ережелерiне) келiспеушiлiктерде тұтастай заңның немесе оның жекелеген баптарының (қағидаларының) редакциясы берiлуi мүмкiн. 

      8. Республика Президентi келiспеушiлiктердi Мәжiлiстiң тұрақты комитетi мен Мәжiлiстiң отырысында талқылау қорытындылары бойынша заңның немесе оның жекелеген баптарының (ережелерiнiң) нақтыланған редакциясын енгiзе алады. Заңның немесе оның жекелеген баптарының (ережелерiнiң) редакцияларын нақтылау қажеттiгi туралы ұсынысты Мемлекет басшысының қарауына Президент Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлiмi бередi.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.09.21.  N 413 , 2008.04.24  N 576  Жарлықтарымен.

      9. Мемлекет басшысының келiспеушiлiктерi Парламентте талқыланған кезде Республика Президентiнiң айқындамасын Президент Әкiмшiлiгi Мемлекеттік құқық бөлiмiнiң меңгерушiсi, Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы немесе ол уәкiлдiк берген өзге лауазымды адамдар бiлдiредi.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.09.21.  N 413 , 2008.04.24  N 576  Жарлықтарымен.