Азаматтық мәселелер жөнiндегi комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасы Конституциясының  

K951000_

  44-бабының
20-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
     1. Қазақстан Республикасының азаматтығына және шетел азаматтары
мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында саяси баспана
беруге байланысты мәселелердi алдын ала қарау және ұсыныстар әзiрлеу
үшiн Қазақстан Республикасының Президентi жанынан
консультативтiк-кеңесшi орган - Азаматтық мәселелерi жөнiндегi
комиссия құрылсын.
     2. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия мынадай құрамда
бекiтiлсiн:
     Комиссия төрағасы

     Бәйменов Әлихан              - Қазақстан Республикасы 
     Мұхамедияұлы                   Президентiнiң Әкiмшiлiгi
                                    Басшысының орынбасары -
                                    Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнiң
                                    меңгерушiсi 
     
     Комиссия төрағасының орынбасары 
<*>

     
     Ушуров Игорь Арлиевич        - Қазақстан Республикасы Президенті 
                                    Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі 
                                    меңгерушісінің орынбасары 
     

     Комиссия мүшелерi:

     
     
     Шер                          - Қазақстан Республикасы
     Раиса Петровна                 Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты
     
     Окшин Юрий                   - Қазақстан Республикасы Парламентi
     Васильевич                     Сенатының депутаты
<*>

     
     Мұқашев Рахмет               - Қазақстан Республикасы
     Желдібайұлы                    Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты 
<*>

     
     Избанов Мұхит                - Қазақстан Республикасының
     Кәрімұлы                       Көші-қон және демография жөніндегі
                                    агенттігі төрағасының орынбасары 
<*>
  
     ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.02.07.
              N 3349 жарлығымен.  

U973349_

 
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚР Президентiнiң 2000.02.11. N 336           
              жарлығымен.  

U000336_

 
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚР Президентiнiң 2001.11.07. N 719           
              жарлығымен.  

U010719_

 



      3. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамына, сондай-ақ лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, ал олар орнында болмаған жағдайда осы республикалық органдар басшыларының орынбасарлары кiредi.
      4. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның жұмыс органы Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауы үшiн азаматтық және саяси баспана беру мәселелерi жөнiндегi қажеттi материалдарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Азаматтық және кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi бөлiмi болып табылады деп белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.02.07.
               N 3349 жарлығымен.
      5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 1789 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 1789 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 тамыздағы N 2425 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
     Президентi