Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығына және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында саяси баспана беруге байланысты мәселелердi алдын ала қарау және ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Президентi жанынан
консультативтiк-кеңесшi орган - Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.
2. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия мынадай құрамда бекiтiлсiн:
Комиссия төрағасы
Георгий Владимирович Ким - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі <*>
Комиссия төрағасының орынбасары
Николай Васильевич Белоруков - Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық
бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Шер - Қазақстан Республикасы
Раиса Петровна Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты
Избанов Мұхит - Қазақстан Республикасының
Кәрімұлы Көші-қон және демография жөніндегі
агенттігі төрағасының орынбасары
Қожағалиев Асқар - Қазақстан Республикасы Парламенті Орынбасарұлы Сенатының депутаты <*>
Көпенова Бақыт Қайыркешқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.02.07. N 3349
жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚР Президентiнiң 2000.02.11. N 336
жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚР Президентiнiң 2001.11.07. N 719
жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚР Президентiнiң 2002.02.19. N 808
жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚР Президентiнiң 2003.04.04. N 1064
жарлығымен.
3. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамына, сондай-ақ лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, ал олар орнында болмаған жағдайда осы республикалық органдар басшыларының орынбасарлары кiредi.
4. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның жұмыс органы Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауы үшiн азаматтық және саяси баспана беру мәселелерi жөнiндегi қажеттi материалдарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Азаматтық және кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi бөлiмi болып табылады деп белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.02.07. N 3349 жарлығымен.
5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 1789 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 1789 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 тамыздағы N 2425 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi