"Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 U931344_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
6-тармақтағы соңғы сөйлем алынып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттiк бағдарламасы мен оны жүзеге асыру тетiктерiнде:
"Тұрғын үй саласын қаржыландыру" деген II бөлiмнiң 10-тарауында:
жетiншi абзац алынып тасталсын;
сегiзiншi абзацтағы "Соңғы мiндеттi шешу" сөздерi "Тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығын дотациясыз жұмыс iстеуге көшiру" сөздерiмен ауыстырылсын; оныншы абзацтағы "мен жәрдем көрсету" сөздерi алынып тасталсын; он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Аталған өтемақылар отбасыларға тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшiн төленетiн ақыны азайту ретiнде аударым түрiнде берiледi. Өтемақылар берудiң тәртiбiн Үкiмет белгiлейдi"; он екiншi абзац алынып тасталсын; 10.1.2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "10.1.2. Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшiн төленетiн ақыны көбейту кезең-кезеңiмен жүргiзiлсiн, бұл ретте осы шығыстардың сомасы отбасының жиынтық табысының 30 процентiнен аспауға тиiс"; 10.1.4. және 10.2.2. тармақшалары алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Президентi