Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына және "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 12-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
әскери қызметкерлердiң лауазымды жалақылары N 1-7 қосымшаларға сәйкес; Мемлекеттiк тергеу комитетi органдары мен iшкi iстер органдары әскери қызметкерлерiнiң (шақыру бойынша әскери қызметiн өткерiп жүрген әскери қызметкерлерден басқа) әскери атақтарына орай, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының арнайы атақтарына орай жалақылары N 8 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметiне министрлiктер мен ведомстволардың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсыныстары бойынша осы Жарлықта белгiленген жалақыларға орай басқа да лауазымдар жөнiнде лауазымдық жалақылар белгiлеу құқығы берiлсiн.
3. Жаңа лауазымды жалақылар сызбасының енгiзiлуiне байланысты әскери қызметкерлердiң қолданылып жүрген лауазымдық жалақыларының күшi жойылсын.
4. Iшкi iстер органдары әскери қызметкерлерiнiң, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының зейнетақысын индекстеу 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап, "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығының 12-бабында белгiленген есептiк көрсеткiштiң қолданылуы негiзiнде жүргiзiледi деп айқындалсын.
5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының территориясында әскери қызметкерлердi және әскери қызметтен босаған адамдарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 16 наурыздағы N 674 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 7, 113-құжат);
"Iшкi iстер органдары әскери қызметкерлерiнiң, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының ақшалай үлестерiн төлеудi реттеу және олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 12 сәуiрдегi N 1165 қаулысының 3, 4, 5 тармақтары.
6. Қазақстан Республикасының аумағында шалғайлығы үшiн әскери қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларын өсiрудi қарастыратын бұрынғы КСР Одағы нормативтiк актiлерiнiң күшi тоқтатылады деп белгiленсiн.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын қабылданған шешiмдердi осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 2844 Жарлығына
N 1 Қосымша
Негiзгi бiрүлгi лауазымдар бойынша офицер
құрамындағы адамдардың
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
___________________________________________________________________
Лауазымды атауы |Айлық лауазымдық
|жалақысы (теңгемен)
___________________________________________________________________
I. Әскерлер бойынша
Әскерлер түрiнiң қолбасшысы 5800
Корпус командирi 5650
Дивизия командирi 5250
Бригада командирi 4850
Полк командирi 4500
Батальон, дивизия командирi 3850
Рота, батарея командирi 3500
Взвод командирi 2950
II. Шекара әскерлерi бойынша
1. Шекара отрядының бастығы 5250
2. Шекара отряды бөлiмшесiнiң бастығы 3850
3. Шекара отрядының аға офицерi 3800
4. Шекара отрядының офицерi 3400
5. Шекара комендатурасының коменданты 4000
6. Шекара заставасының бастығы 3500
7. Шекара заставасы бастығының орынбасары 3350
III. Республикалық ұлан бойынша
Республикалық ұлан қолбасшысы 6900
Республикалық ұлан қолбасшысының бiрiншi
орынбасары 6750
Республикалық ұлан қолбасшысының орынбасары 6700
Бөлiм бастығы 6300
Бөлiмше бастығы 5450
Аға офицер 5200
Офицер 4600
Полк командирi 5400
Батальон командирi 4600
Рота командирi 4200
Взвод командирi 3500
IV. Iшкi әскерлер бойынша
Iшкi әскерлер қолбасшысы 5800
Iшкi әскерлер қолбасшысының бiрiншi
орынбасары 5650
Iшкi әскерлер қолбасшысының орынбасары 5600
Бөлiм бастығы 5250
Аға офицер 4350
Офицер 3850
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1998 жылғы 29 сәуiрдегi
N 2844 Жарлығына
N 2 Қосымша
Мерзiмiнен тыс қызметтегi прапорщиктердiң, мичмандардың,
әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ солдаттар, матростар,
сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, мичмандар атқаратын әскери лауазымдарда келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
_________________________________________________________________
Тарифтiк разряды |Айлық лауазымдық
|жалақысы (теңгемен)
___________________________________________________________________
I 1160-1290
II 1230-1440
III 1440-1550
IV 1550-1800
V 1800-1920
VI 1920-2200
VII 2200-2390
VIII 2390-2560
IХ 2560-2750
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 2844 Жарлығына
N 3 Қосымша
Республикалық ұланның мерзiмiнен тыс қызметтегi
прапорщиктердiң, әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ
солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар,
прапорщиктер, атқаратын әскери лауазымдарда
келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүрген
әскери қызметшiлердiң
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
_________________________________________________________________
Тарифтiк разряды |Айлық лауазымдық
|жалақысы (теңгемен)
___________________________________________________________________
I 1510-1680
II 1680-1870
III 1870-2010
IV 2010-2340
V 2340-2500
VI 2500-2860
VII 2860-3110
VIII 3110-3330
IХ 3330-3570
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 2844 Жарлығына
N 4 Қосымша
Әскери оқу орындары мен әскери бөлiмдер курсанттарының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
___________________________________________________________________
Курсанттардың санаты | Айлық лауазымдық жалақысы
| (теңгемен)
___________________________________________________________________
1. Оқуға қабылданар алдында мiндеттi
әскери мерзiмдi қызметте тұрмаған
адамдардың қатарындағы курсанттар:
жоғары әскери оқу орындарында:
бiрiншi және екiншi курстарда 640
үшiншi және одан кейiнгi курстарда 1180
орта әскери оқу орындарында:
бiрiншi және екiншi курстарда 500
үшiншi және одан кейiнгi курстарда 970
2. Мiндеттi әскери мерзiмдi қызметке
тiкелей шақырудан кейiн оқуға
қабылданған адамдардың қатарындағы
курсанттар:
техниктер, прапорщиктер мектебiнде 420
әскери оқу бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнде 280
3. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер әскери бөлiмдердегi
қатарындағы курсанттар (2 тармақты соңғы штаттық
көрсетiлген курсанттардан басқасы) лауазымдар бойынша,
бiрақ 1 және 2
тармақтарда
көзделген
жалақылардан кем
емес
4. Офицерлiк атағы жоқ және казармалық
жағдайда ұсталмайтын жоғары әскери
оқу орындарының тыңдаушылары 675
5. Суворовшылар, нахимовшылар, әскери-
музыка училищелерi мен әскери
бөлiмдердiң тәрбиеленушiлерi 75
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 2844 Жарлығына
N 5 Қосымша
Мерзiмдi әскери қызметшiлердiң
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
___________________________________________________________________
Тарифтiк разряды | Айлық лауазымдық жалақысы
| (теңгемен)
___________________________________________________________________
I 280
II 370
III 430
IV 500
V 560
VI 640
Ескерту: Офицер құрамы лауазымына тағайындалған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге жалақы бiрiншi тарифтiк разряд бойынша прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге көзделген лауазымдық жалақының ең төменгi
мөлшерi деңгейiнде төленедi.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 2844 Жарлығына
N 6 Қосымша
Республика ұланының мерзiмдi әскери қызметшiлердiң
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
___________________________________________________________________
Тарифтiк разряды | Айлық лауазымдық жалақысы
| (теңгемен)
___________________________________________________________________
I 560
II 740
III 860
IV 1000
V 1120
VI 1280
Ескерту: Офицер құрамы лауазымына тағайындалған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге жалақы бiрiншi тарифтiк разряд
бойынша прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге көзделген лауазымдық жалақының ең төменгi мөлшерi деңгейiнде төленедi.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 2844 Жарлығына
N 7 Қосымша
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметi
офицерлерiнiң, прапорщиктерiнiң, жұмысшыларының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
___________________________________________________________________
Тарифтiк разряды | Айлық лауазымдық жалақысы
| (теңгемен)
___________________________________________________________________
Қызмет бастығы 6600
Қызмет бастығының бiрiншi орынбасары 6450
Қызмет бастығы орынбасары 6400
Бөлiмнiң, жұмылдыру бөлiмшесiнiң
бастығы, комендант 6100
Бөлiм бастығының, коменданттың орынбасары 6000
Жеке күзет, медициналық жабдықтау
бөлiмшесiнiң; техникалық жабдықтау
бөлiмiнiң бастығы; гараж бастығы 5980
Бөлiмше бастығының орынбасары 5800
Арнайы және әскери дайындық
тобының бастығы 5700
Хатшылықтың, техникалық жабдықтау
тобының бастығы 5650
Жеке немесе көшпелi күзеттiң, шұғыл
түрде жабдықтау, кадр, қаржы,
шаруашылық бөлiмдерiнiң аға офицерi,
көлiктi пайдалану, жеке қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету тобының аға офицерi;
аға заң кеңесшiсi;
негiзгi машинаның аға жүргiзушiсi 5650
Арнайы және әскери дайындық жөнiндегi,
сапарларды қамтамасыз ету бөлiмiнiң,
техникалық жабдықтау бөлiмiнiң
аға офицерi; комендатура ауысымының
бастығы, дәрiгер-маман; шаруашылық
бөлiмiнiң аға инженерi; аға оперативтi
өкiл; оперативтi кезекшi; қаржы
бөлiмiнiң офицерi 5300
Жеке күзет, көшпелi күзеттiң, басқа
да басшылардың күзет офицерi 5250
Басқа басшылар машинасының, отбасы
машинасының жүргiзушiсi 5200
Комендатура, сапарларды қамтамасыз
ету күзетiнiң офицерi, техникалық
жабдықтау кадр бөлiмi, хатшылықтың,
оперативтi өкiлеттiк офицерi; iлесiп
жүру машинасының жүргiзушiсi 4900
Аға механик 4100
Механик; оперативтi жүргiзушi;
I дәрежелi күзет қызметкерi 3950
II дәрежелi күзет қызметкерi 3750
III дәрежелi күзет қызметкерi 3550
Ағаш шеберi, электрик, сантехник 2250
Аула сыпырушы 1200
Қызмет бөлмелерiн жинаушы 1100
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 2844 Жарлығына
N 8 Қосымша
Әскери қызметшiлердiң (шақырылуы бойынша қызметiн
өткерiп жүрген әскери қызметшiлерден басқаларының) әскери атақтары және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың арнаулы атақтары бойынша, сондай-ақ келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
__________________________________________________________________
Әскери атақтар | Айлық лауазымдық жалақысы
| (теңгемен)
|_____________________________
|Әскери атағы |Арнайы атақтары
| бойынша | бойынша
___________________________________________________________________
Қатардағы жауынгер, матрос 700 600
Ефрейтор, аға матрос 720 620
Кiшi сержант, II-баптың старшинасы 740 640
Сержант, 1-баптың старшинасы 780 680
Аға сержант, бас старшина 800 700
Старшина, бас корабль старшинасы 820 720
Прапорщик, мичман 920 820
Аға прапорщик, аға мичман 980 880
Кiшi лейтенант 1060 980
Лейтенант 1160 1080
Аға лейтенант 1300 1200
Капитан, капитан-лейтенант 1400 1300
Майор, III-рангалы капитан 1520 1420
Подполковник, II-рангалы капитан 1600 1570
Полковник, 1-рангалы капитан 1720 1620
Генерал-майор, контр-адмирал 1880 1780
Генерал-лейтенант, вице-адмирал 2060 1960
Генерал-полковник, адмирал 2200 2100
Армия генералы, флот адмиралы 2380 2280
Ескерту: Республикалық ұланда келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүрген офицер құрамы адамдарының, прапорщиктердiң,
солдаттардың, сержанттардың және старшиналардың әскери лауазымына қарай жалақысы әскери лауазымға қарай бекiтiлген 10 процентке жоғары белгiленедi.