"Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 21 желтоқсан N 2702

Қолданыстағы
      Мемлекеттiк шығыстарды ретке келтiру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 U931344_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-құжат) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      3-тармақтың "б" тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- кезектi жылға арналған республика бюджетiнде белгiленген мөлшерде және тәртiппен мемлекет мүлкiн жекешелендiруден алынатын қаражат ұзақ мерзiмдi кредит ресурстары ретiнде";
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттiк бағдарламасы және оны жүзеге асыру тетiктерi "Мемлекеттiк тұрғын үй саясаты" II бөлiмiнiң 8-тарауының 8,2,1-тармағындағы "1995" саны "2000" санымен алмастырылсын.
      II. Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi