Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеден мәселелерi жөнiндегi Жарлықтарының күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 14 желтоқсандағы N 2686

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заң күшi бар Жарлығының шығуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының импортталатын тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1498 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 14-құжат) 1-4 тармақтары;
      "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1499 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 3, 20-құжат) 1-5 тармақтары;
      "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифiн енгiзу мерзiмi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 12 ақпандағы N 1566 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 9, 88-құжат).
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi