Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 13 қарашадағы N 2630

Қолданыстағы
      "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 U952120_ Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заң күшi бар N 2371 U952371_ Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
      1. "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 8 тамыздағы N 2400 қаулысына сәйкес берiлiп келген әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi әскери қызметшiлерден басқаларының) және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарының лауазымдық жалақылары мен әскери атақтары және арнаулы әскери атақтары бойынша жалақыларына 1995 жылғы 1 қазаннан бастап 1,07 түзетiлген есеп айырысу коэффициентi қолданылсын.
      2. Қызметте тұрған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер

органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының осы
Жарлыққа сәйкес өсiрiлген лауазымдық жалақылары мен әскери атақтары 
бойынша және арнаулы әскери атақтары бойынша жалақыларына қарай 
бұрын тағайындалған зейнетақылары 1995 жылғы 1 қазаннан бастап қайта 
есептелсiн.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi