Қазақстан Республикасы Конституциясының 90-бабының
2-тармағына және "Қазақстан Республикасының Президентi мен
жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993
жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының
Z933600_
1-бабына сәйкес, қазақстандық патриотизм сезiмiн тәрбиелеу
мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
1. Мына күн Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесi болып
жариялансын:
25 қазан - Республика күнi
2. Мына күндер Қазақстан Республикасының мереке күндерi болып
саналсын:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнi
22 наурыз - Наурыз мейрамы
1 мамыр - Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi
9-мамыр - Жеңiс күнi
30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының күнi
16 желтоқсан - Тәуелсiздiк күнi
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi