Қазақстан Республикасындағы мереке күндерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 қазандағы N 2534 Заң күшi бар жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.13. N 267 Заңымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 90-бабының


      2-тармағына және "Қазақстан Республикасының Президентi мен

      жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993

      жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының

      Z933600_

      1-бабына сәйкес, қазақстандық патриотизм сезiмiн тәрбиелеу

      мақсатында осы Жарлықты шығарамын.

      1. Мына күн Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесi болып

      жариялансын:

      25 қазан - Республика күнi

      2. Мына күндер Қазақстан Республикасының мереке күндерi болып

      саналсын:

      1-2 қаңтар - Жаңа жыл

      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнi

      22 наурыз - Наурыз мейрамы

      1 мамыр - Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi

      9-мамыр - Жеңiс күнi

      30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының күнi

      16 желтоқсан - Тәуелсiздiк күнi

      3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi