"Қазақстан Республикасының Президентi мен Жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығының шығуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
I. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Қазақ КСР-i мен Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 сәуiрдегi N 2229 Заң күшi бар Жарлығымен енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен "Валюталық реттеу туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына Z932100_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 10, 240-құжат):
4-баптың, 1-тармағы "операцияларда" сөзiнен кейiн "және Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен" сөздерiмен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Z952155_ Заң күшi бар Жарлығына:
39-бап "төлем құралы" сөздерiнен кейiн "заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда" сөздерiмен толықтырылсын.
3. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заң күшi бар Жарлығына:
9-баптың 37-тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
"37) жекелеген кеден режимдерi шеңберiнде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кеден қызметтерiн көрсету".
4. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына:
2-баптың 2-тармағы "төлемнiң заттай түрi көзделген жағдайлардан басқа кезде" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ салық төлеу Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес шетел валютасында жүзеге асырылған жағдайда" сөздерiмен толықтырылсын.
II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi