Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 19994 жылғы 11 қаңтардағы N 1499

Қолданыстағы

      Республиканың сыртқы сауда саласында мемлекеттiк реттеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында және "Кеден тарифi және баж салығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемiн:
      1-5 <*>
      Ескерту. 1-5 тармақтар күшiн жойған - ҚР Президентiнiң 1995.12.14. N 2686 жарлығымен.  

      6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 ақпандағы N 129 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҰАЖ-s6 1993 ;76 N 5, 56-бап/ тиiстi өзгертулер енгiзсiн.

      7. Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға осы кеден тарифi күшiне енген сәттен бастап:
      экспортқа шығарылатын тауарларға баж салығын төлеу жөнiндегi кейбiр кәсiпорындар мен ұйымдарға жеңiлдiктер беру туралы бұрын қабылданған шешiмдер;
      "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 Жарлығының күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi