Республиканың сыртқы сауда саласында мемлекеттiк реттеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында және "Кеден тарифi және баж салығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемiн:
1-5 <*>
Ескерту. 1-5 тармақтардың күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.14. N
2686
жарлығымен.
6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 ақпандағы N 129 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҰАЖ-s6 1993 ;76 N 5, 56-бап/ тиiстi өзгертулер енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға осы кеден тарифi күшiне енген сәттен бастап:
экспортқа шығарылатын тауарларға баж салығын төлеу жөнiндегi кейбiр кәсiпорындар мен ұйымдарға жеңiлдiктер беру туралы бұрын қабылданған шешiмдер;
"Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 Жарлығының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi