"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 606 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Агенттік республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жазылған рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шоттары бар.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.";

      14-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 82-5) және 82-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "82-5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін бірлесіп сақтандырудың үлгілік шартын келісу;

      82-6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 90-1) және 90-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "90-1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындау;

      90-2) қаржы нарығында биометриялық сәйкестендіру өткізу тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 95-1) және 95-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "95-1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру талаптары мен тәртібін айқындау;

      95-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, айыру туралы шешімдер қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы 96-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "96-1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 100-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "100-2) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 122-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "122-1) шетелдік кәсіптік ұйымдардың тізбесін айқындау;";

      143) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "143) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 143-1), 143-2), 143-3), 143-4), 143-5), 143-6), 143-7), 143-8) және 143-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "143-1) тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды белгілеу;

      143-2) жеке тұлғаға банктік қарызды немесе микрокредитті беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу тәртібін, жеке тұлғаға банктік қарызды немесе микрокредитті алуға жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төмен мөлшерін айқындау;

      143-3) банк омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      143-4) банк омбудсманының ішкі қағидаларын, банк омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау және орындау тәртібін келісу;

      143-5) банк омбудсманының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы анықталған жағдайларда банк омбудсманының қызметі туралы ұсынымдарды банк омбудсманы өкілдерінің кеңесіне жіберу;

      143-6) микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      143-7) микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларын, микроқаржы омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау және орындау тәртібін келісу;

      143-8) микроқаржы омбудсманының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы анықталған жағдайларда микроқаржы омбудсманының қызметі туралы ұсынымдарды микроқаржы омбудсманы өкілдерінің кеңесіне жіберу;

      143-9) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың және (немесе) микрокредиттің бар-жоғы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу тәртібін айқындау;";

      186) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 197-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "197-2) коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 200-1) және 200-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "200-1) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін өзге де мәліметтерді айқындау;

      200-2) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін мәліметтер тізбесін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 235-1) және 235-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "235-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұсынымдық сипаттағы қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктіліктерді тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, реттелетін саладағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;

      235-2) "Кәсіптік біліктіліктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген кәсіптік біліктіліктерді тану саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыру;";

      18-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) Қазақстан Республикасының Президентінің не оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының келісуі бойынша Агенттіктің стратегиялық жоспарын бекітеді;";

      13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені қоспағанда, Агенттіктің бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      14) ішкі аудит бөлімшесінің есептерін қоспағанда, Агенттік бөлімшелерінің атқарған жұмысы туралы есептерін тыңдайды;";

      17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Агенттік бөлімшелерінің ішкі аудитінің нәтижелерін қарайды;

      18) Агенттіктің ішкі қызметі, оның ішінде Агенттікке бекітіліп берілген мүлікті пайдаланумен, еңбек қатынастарымен және еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастармен байланысты мәселелер бойынша және Агенттік Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер бойынша актілерді бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Агенттіктің бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін, шоттардың үлгілік жоспарын және қаржылық есептілік нысандарын бекітеді;

      18-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды;";

      21-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "27-1) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені бекітеді;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Агенттік қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, сондай-ақ Агенттік қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету шарттарын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) Агенттіктің ішкі аудитінің стандарттарын бекітеді;

      32-2) аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Агенттік Қазақстан Республикасының атынан Агенттіктің құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзіне бекітілген, өз балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.".

      2. Осы Жарлық:

      осы Жарлықтың 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма алтыншы, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы және қырқыншы абзацтарын;

      осы Жарлықтың 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма жетінші абзацын;

      осы Жарлықтың 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының отыз алтыншы және отыз жетінші абзацтарын;

      осы Жарлықтың 2024 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын;

      осы Жарлықтың 2024 жылғы 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев