"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 605 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Агенттіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6.";

      13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру;";

      14-тармақта:

      1) тармақшада:

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдарды, оның ішінде кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын, сараптама комиссияларын құру;";

      оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агенттіктің, оның ведомствосының, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      Агенттікке, оның ведомствосына және ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;";

      жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстарды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алу және пайдалану;";

      жиырмасыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "өткізу және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтай отырып, әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіру;

      тексеру нәтижелеріне қоса беру үшін құжаттарды (мәліметтерді) қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алу және қажет болған жағдайда оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалану;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік алу;

      әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тарту;

      аудио-, фото- және бейнетүсiрiлiмді жүзеге асыру;

      әкімшілік дереккөздің "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге түсіріп алу;";

      2) тармақшада:

      он төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасын, әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабында белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау және тексеру жүргізу;

      тексеру жүргізу кезеңінде әкімшілік дереккөздің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;

      әкімшілік дереккөз басшысына немесе басшының міндетін атқарушы адамға тексерулер жүргізу кезінде қатысуға, тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге кедергі келтірмеу;

      әкімшілік дереккөзге тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беру;

      әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытынды немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды беру;

      қашықтан бақылау және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындау;";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3), 14-4), 14-5), 14-6), 14-7), 14-8) және 14-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту;

      14-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;

      14-3) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;

      14-4) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      14-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

      14-6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;

      14-7) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "32-1) әкімшілік деректер негізінде қалыптастырылатын әкімшілік көрсеткіштердің бірыңғай анықтамалығын әзірлеу;";

      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну;";

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын әзірлеу, бекіту және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде олардың жұмысын ұйымдастыру;";

      80) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "80) әкімшілік дереккөздерге қатысты мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 80-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "80-1) мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы қорытындылардың нысандарын, әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы тексерулерді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату, ұзарту туралы актілердің нысандарын әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев