Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағанда жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Әбілқасымқызы Әзімова Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссияның (бұдан әрі - Венеция комиссиясы) мүшесі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 15.02.2025 № 789 Жарлығымен.2. "Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 289 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |