Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 494 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағанда
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Әбілқасымқызы Әзімова Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссияның (бұдан әрі - Венеция комиссиясы) мүшесі;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары болып тағайындалсын.

      2. "Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 289 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев