Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 312 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 25 тамыздағы
№ 312 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығы.

      2. "Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 146 Жарлығы.

      3. "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығы.

      4. "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 585 Жарлығы.

      5. "Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 604 Жарлығы.

      6. "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 20 және 23-тармақтары.

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 1013 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына нгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 195 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17 және 21-тармақтары.