Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 тамыздағы № 979 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:

      14-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқықтары:

      стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет, институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;

      өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Ұлттық Банкінен, орталық мемлекеттік органдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;

      халықаралық шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келісімдерге қол қою;

      шетелдік сарапшылар мен консультанттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа тарту;

      өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдарды, ведомствоаралық жұмыс топтарын, сараптама комиссияларын құру;

      респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, алғашқы және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;

      Агенттіктің, оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      Агенттікке, ведомствоға және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;

      Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ұсынымдар жолдау;

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық санақтарды өткізу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізу;

      сотқа жүгіну;

      байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу;

      мемлекеттік статистика саласындағы өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомствоға беру;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жасауға қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;

      сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында жиналатын алғашқы статистикалық деректерді иесіздендірілген түрде өтеусіз негізде алу;

      статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстарды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алу және пайдалану;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";

      2) тармақшада:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "респонденттерді алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға қажетті статистикалық нысандармен және (немесе) бағдарламалық қамтылыммен өтеусіз негізде қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сұрау салуы негізінде иесіздендірілген алғашқы статистикалық деректерді үшінші тұлғаларға берусіз тек статистикалық мақсаттарда пайдалану үшін ұсыну;

      ақпараттық жүйеде техникалық ақаулардың пайда болғаны, сондай-ақ респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және оны техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күніне ауыстыру туралы хабарламаны ресми интернет-ресурста орналастыру;

      интернет-ресурста және "электрондық үкімет" веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы пайдаланушылардың сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинамен оқылатын деректер форматында және статистикалық әдіснамаға бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарын қамтамасыз ету.";

      15-тармақта:

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындылары негізінде алдағы күнтізбелік жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз ету;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу, сондай-ақ талдау жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұрату;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекіту;";

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша статистикалық әдіснаманы әзірлеу және бекіту;";

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) сәйкестендірілмеген түрдегі дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "64) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен статистикалық әдіснаманы келісу;";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      18. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      19. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      20. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      2) "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      18. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      19. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      20. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 15 тамыздағы
№ 979 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.