Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 847 Жарлығы.

Жаңартылған

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін. 

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 847 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖАЛПЫҰЛТТЫҚІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

I. Президенттің өкілеттіктері туралы

1.

Мыналарды заңнамада бекіту:
Қазақстан Республикасы Президентінің президенттік өкілеттіктерді атқару мерзімінде саяси партияға мүшелігін тоқтату міндеті;
Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдары мен квазимемлекеттік сектор басшылары лауазымдарын атқаруына тыйым салу;
Қазақстан Республикасы Президентінің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе оларды тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастау;
Қазақстан Республикасы Президентінің аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандағы қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату құқығын жою

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасыҚазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының ЗаңыҚазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы, Қазақстан Республикасы Заңының жобасыҚазақстан Республикасының Конституңиялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, ОСК

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

2.

Қазақстан Республикасының заңнамасына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағалары мен мүшелерінің міндетті түрде партиядан шығуы туралы ережені енгізу

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, ОСК, ЕК, КК

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

3.

Әкімдер мен олардың орынбасарларының саяси партиялар филиалдарында лауазымдар атқаруына заң жүзінде тыйым салу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

II. Өкілді билік тармағын қайта құру

4.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатын жасақтау тәртібі мен оның бірқатар функцияларын қайта қарау, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарту;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының президенттік квота бойынша тағайындалатын 10 депутатының 5-еуінің кандидатурасын Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсыну құқығын айқындау;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған заңдарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын көздеу;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттігін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары лауазымдарына кандидатураларды келісу құқығымен толықтыру

Үкімет, ОСК, КК, ЖСК

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

5.

Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық орындардың санын қысқарту.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне заңдарды қабылдау құқығын беру

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, ОСК

2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

6.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Жоғары аудиторлық палата төрағасының есептерін жылына екі рет тындау құқығын бере отырып, республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылауды күшейту.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата етіп қайта құру

Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, ЕК

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

7.

Қазақстан Республикасының заңнамасына Қазақстан Республикасы Президентінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің лауазымдарына кем дегенде екі кандидатураны баламалы негізде енгізу құқығын регламенттейтін түзетулерді әзірлеу, сондай-ақ мәслихат төрағасы лауазымын енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

III. Сайлау жүйесін жетілдіру

8.

Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізе отырып, азаматтарға сайлану мүмкіндігін беретін аралас сайлау жүйесіне көіпу:
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттардың 30 %-ы - мажоритарлық жүйе бойынша, 70 %-ы -партиялық тізімдер бойынша;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына 50 %-ы- мажоритарлық жүйе бойынша, 50 %-ы - партиялық тізімдер бойынша;
аудандар мен қалалардың мәслихаттарына - мажоритарлық жүйе бойынша

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, ОСК

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

IV. Партиялық жүйе үшін мүмкіндіктерді кеңейту

9.

Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету, оның ішінде: саяси партияларды тіркеу үшін сан шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін азайту;
саяси партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз саны туралы талапты 600 адамнан 200 адамға дейін азайту;
саяси партияны құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз саны женіндегі талапты 1 мыңнан 700 адамға дейін қысқарту; мыналар:
саяси партияны құру жөніндегі құрылтай съезін өткізу мерзімін 2 айдан 3 айға дейін;
жаңадан құрылатын саяси партиялардың филиалдарын құру мерзімін 6 айдан 12 айға дейін ұлғайту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

V. Сайлау процесін жаңғырту

10.

Сайлау процесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде: тиісті регламенттер пен қағидаларды бекіте отырып, сайлау алдындағы үгіттеу кезеңінде әлеуметтік желілерде үгіт жүргізуге рұқсат беру;
байқаушылардың құқықтарын анық жазып және жауапкершілік аймағын нақты белгілей отырып, олардың қызметін заң жүзінде реттеу;
аумақтық сайлау комиссияларын кәсіби негізге ауыстыру арқылы, олардың қызметінің қағидаттарын қайта қарау;
жекелеген адамдардың сайлау барысына ықпал етуіне жол бермеу мақсатында сайлау қорларына салынатын қайырмалдықтың шекті мөлшерін белгілеу;
сайлауға шетелдік араласуға жол бермеу үшін заңнамалық деңгейде шаралар қабылдау;
сайлау науқанына барлық қатысушылардың - кандидаттардың, байқаушылардың, сенім білдірілген адамдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қаржылық жағынан барынша ашық болуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Үкімет, ОСК, ҰҚК, ҚМА

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

11.

Екі рет дауыс беру ықтималдығын болдырмау, сондай-ақ кез келген учаскеде дауыс бере алу мақсатында сайлаушылардың бірыңғай электрондық базасын құрудың орындылығын қарау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, ОСК

2022 жылғы тамыз

12.

Сайлау процесін ұйымдастырудың, сондай-ақ дауыс берудің баламалы нысандарын, оның ішінде электрондық, мерзімінен бұрын, қашықтан, көп күндік дауыс беруді пайдаланудың әлемдік үздік тәжірибесін зерделеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, ОСК

2022 жылғы тамыз

VI. Құқық қорғау институттарын күшейту

13.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын құру, оған азаматтардың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де азаматтардың конституциялық құқықтарын тікелей қозғайтын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы жүгінуіне мүмкіндік беру

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, БП, ЖС, ЖСК, КК, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

14.

Қазақстан Республикасының Конституциясында өлім жазасын жою туралы шешімді бекіту

15.

Азаптау туралы істер бойынша прокуратура органдарының айрықша тергеулігін белгілеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

БП, Үкімет

2022 жылғы маусым

16.

Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін, оның ішінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату қажеттігі мәселесін пысықтай отырып, жүйелі шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БП, Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы мамыр

17.

"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары женіндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу

Үкімет, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, БП

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

18.

"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу

19.

"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, БП, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2023 жылғы 10 шілдеге дейін, тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

20.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің конкурстық рәсімдерінен онлайн-трансляциясын жасауды және олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялауды енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

ЖСК, Үкімет

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

21.

Сот алқабилерінің қатысуымен қарайтын істердің санатын кеңейту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасы Заңы

ЖС, БП, Үкімет

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

VII. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту

22.

Мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы желтоқсан

23.

Мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс- қимылын күшейту бойынша қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың реформаларды дайындау мен іске асыруға, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын ашық талқылау арқылы кеңінен тартылуына бағытталған тәсілдерді тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

СЖРА, Үкімет

2022 жылғы сәуір

24.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жалпыұлттық деңгейде жалғастыру үшін Ұлттық құрылтай құру

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

Үкімет

2022 жылғы сәуір

VIII. Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру

25.

Әкімшілік орталығы Семей қаласында болатын Абай облысын құру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Үкімет, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2022 жылғы маусым

26.

Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында болатын Ұлытау облысын құру

Үкімет, Қарағанды Облысының әкімі

2022 жылғы маусым

27.

Алматы облысын әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында болатын Жетісу облысына және әкімшілік орталығы Қапшағай қаласында болатын Алматы облысына бөлу

Үкімет, Алматы облысының әкімі

2022 жылғы маусым

28.

Қапшағай қаласының атауын өзгерту мәселесін халықтың пікірін ескере отырып пысықтау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, Алматы облысының әкімі

2022 жылғы сәуір

29.

Халықтың санын ескере отырып, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру, оның ішінде әкімдер орынбасарларының үшеуден аспайтын (айрықша жағдайларда әкімдер орынбасарларының төртеуден аспайтын) лимитін белгілеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, МҚІА

2022 жылғы шілде

IX. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру

30.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасы Заңының жобасында мыналарды көздеу:
мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару институттарының функцияларының аражігін ажырату;
халықаралық озық практикаға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін тікелей қаржыландыру тетігі;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншік базасын кеңейту; бюджеттің төртінші деңгейінде сатып алу тәртібін жеңілдету;
халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруы бөлігінде мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы маусым

31.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың еуропалық партиясын Қазақстанның ратификациялауы мәселесін пысықтау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы маусым

X. Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы

32.

Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді топтамасын шұғыл түрде іске асыру, оның ішінде мыналар көзделеді: ұлттық валютаның орнықтылығын қамтамасыз ету, ірі институционалдық ойыншылардың шетел валютасының ұсынылуын қамтамасыз ете отырып, оны сатып алуды өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау аясында ғана жүзеге асыруы;
мемлекет қатысатын компаниялардың экспорттық валюта түсімдерін сатуын ұлғайту мәселесін пысықтау, сондай-ақ жер қойнауын жекеше пайдаланушылармен өз валюта түсімдерін сатуын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау;
екінші деңгейдегі банктердің өз шарттық міндеттемелерін орындауы аясында клиенттерінің валюта сатып алуына бақылау мен мониторингті жүзеге асырудың сақталуына қатаң бақылау орнату

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, ҰБ, ҚНРДА

2022 жылғы сәуір

33.

Егін егу науқанын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету, оның ішінде фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемін бөлу, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын тексеру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, облыстардың әкімдері

2022 жылғы 10 маусым

34.

Азық-түліктің тапшылығы мен бағасының өсуін болғызбау бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік тұрақтандыру қорларына форвардтық сатып алуды жүзеге асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы сәуір, маусым

35.

Туындайтын әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен сын-қатерлерге байланысты отандық бизнестің проблемаларына Ахуалдық орталық режимінде жылдам ден қою тәсілдерін Дағдарысқа қарсы шаралар жәніндегі жедел штабтың аясында тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нүр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы сәуір

36.

Саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқарудағы жаңа құрылымдық реформалар топтамасын дайындау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

СЖРА, Үкімет, ҰБ, МҚІА, БҚДА

2022 жылғы шілде

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

-

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

БҚДА

-

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

БП

-

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ЕК

-

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

ЖС

-

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ЖСК

-

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

КК

-

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

ҚМА

-

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

ҚНРДА

-

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

МҚІА

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ОСК

-

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Президент Әкімшілігі

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

СЖРА

-

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Үкімет

-

Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҰБ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы Ұттық іс-шаралар жоспарының орындалуын БАҚЫЛАУДЫ БЕКІТУ

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындау
бақылау

1

2

3

4

5

6

I. Президенттің өкілеттіктері туралы

1.

Мыналарды заңнамада бекіту:
Қазақстан Республикасы Президентінің президенттік өкілеттіктерді атқару мерзімінде саяси партияға мүшелігін тоқтату міндеті;
Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдары мен квазимемлекеттік сектор басшылары лауазымдарын атқаруына тыйым салу;
Қазақстан Республикасы Президентінің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе оларды тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастау;
Қазақстан Республикасы Президентінің аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандағы қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату құқығын жою

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы, Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституңиялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, ОСК

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ
ІСБ, МҚБ, МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ

2.

Қазақстан Республикасының заңнамасына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағалары мен мүшелерінің міндетті түрде партиядан шығуы туралы ережені енгізу

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, ОСК, ЕК, КК

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МББ
ӘЭМБ, МББ, МҚБ

3.

Әкімдер мен олардың орынбасарларының саяси партиялар филиалдарында лауазымдар атқаруына заң жүзінде тыйым салу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ

II. Өкілді билік тармағын қайта құру

4.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатын жасақтау тәртібі мен оның бірқатар функцияларын қайта қарау, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарту;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының президенттік квота бойынша тағайындалатын 10 депутатының 5-еуінің кандидатурасын Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсыну құқығын айқындау;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған заңдарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын көздеу;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттігін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары лауазымдарына кандидатураларды келісу құқығымен толықтыру

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, ОСК, КК, ЖСК

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МББ, ҚХАХ, МҚКСБ
ІСБ, МБАҰЖБ, МҚБ, МББ, ҚХАХ, МҚКСБ

5.

Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық орындардың санын қысқарту.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне заңдарды қабылдау құқығын беру

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, ОСК

2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МБҚҚХАХ
ҚХАХ, ІСБ, МББ, МҚБ

6.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Жоғары аудиторлық палата төрағасының есептерін жылына екі рет тындау құқығын бере отырып, республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылауды күшейту.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата етіп қайта құру

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, ЕК

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ
ӘЭМБ, МББ, МҚБ, МҚКСБ

7.

Қазақстан Республикасының заңнамасына Қазақстан Республикасы Президентінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің лауазымдарына кем дегенде екі кандидатураны баламалы негізде енгізу құқығын регламенттейтін түзетулерді әзірлеу, сондай-ақ мәслихат төрағасы лауазымын енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ, МҚКСБ

III. Сайлау жүйесін жетілдіру

8.

Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізе отырып, азаматтарға сайлану мүмкіндігін беретін аралас сайлау жүйесіне көшу:
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттардың 30 %-ы - мажоритарлық жүйе бойынша, 70 %-ы -партиялық тізімдер бойынша;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына 50 %-ы - мажоритарлық жүйе бойынша,
50 %-ы - партиялық тізімдер бойынша;
аудандар мен қалалардың мәслихаттарына - мажоритарлық жүйе бойынша

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, ОСК

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МББ
МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ

IV. Партиялық жүйе үшін мүмкіндіктерді кеңейту

9.

Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету, оның ішінде: саяси партияларды тіркеу үшін сан шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін азайту;
саяси партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз саны туралы талапты 600 адамнан 200 адамға дейін азайту;
саяси партияны құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз саны женіндегі талапты 1 мыңнан 700 адамға дейін қысқарту; мыналар:
саяси партияны құру жөніндегі қүрылтай съезін өткізу мерзімін 2 айдан 3 айға дейін;
жаңадан к;үрылатын саяси партиялардың филиалдарын қүру мерзімін 6 айдан 12 айға дейін ұлғайту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

V. Сайлау процесін жаңғырту

10.

Сайлау процесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде: тиісті регламенттер пен қағидаларды бекіте отырып, сайлау алдындағы үгіттеу кезеңінде әлеуметтік желілерде үгіт жүргізуге рұқсат беру;
байқаушылардың құқык;тарын анық жазып және жауапкершілік аймағын нақты белгілей отырып, олардың қызметін заң жүзінде реттеу;
аумақтық сайлау комиссияларын кәсіби негізге ауыстыру арқылы, олардың қызметінің қағидаттарын қайта қарау;
жекелеген адамдардың сайлау барысына ықпал етуіне жол бермеу мақсатында сайлау қорларына салынатын қайырмалдықтың шекті мөлшерін белгілеу;
сайлауға шетелдік араласуға жол бермеу үшін заңнамалық деңгейде шаралар қабылдау;
сайлау науқанына барлық қатысушылардың - кандидаттардың, байқаушылардың, сенім білдірілген адамдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қаржылық жағынан барынша ашық болуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Үкімет, ОСК, ҰҚК,
ҚМА

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ

11.

Екі рет дауыс беру ықтималдығын болдырмау, сондай-ақ кез келген учаскеде дауыс бере алу мақсатында сайлаушылардың бірыңғай электрондық базасын құрудың орындылығын қарау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, ОСК

2022 жылғы тамыз

МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ

12.

Сайлау процесін ұйымдастырудың, сондай-ақ дауыс берудің баламалы нысандарын, оның ішінде электрондық, мерзімінен бұрын, қашықтан, көп күндік дауыс беруді пайдаланудың әлемдік үздік тәжірибесін зерделеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, ОСК

2022 жылғы тамыз

МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ

VI. Құқық қорғау институттарын күшейту

13.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын құру, оған азаматтардың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де азаматтардың конституциялық құқықтарын тікелей қозғайтын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы жүгінуіне мүмкіндік беру

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, БП, ЖС, ЖСК, КК, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, ҚКҚҚЖБ, ҚҚТБ, МББ, МҚКСБ
МҚБ, ІСБ, ҚҚЖБ, ҚҚТБ, МББ, МҚКСБ

14.

Қазақстан Республикасының Конституциясында өлім жазасын жою туралы шешімді бекіту

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым

МҚБ, ІСБ, ҚК ҚҚЖБ, ҚҚТБ, МББ

15.

Азаптау туралы істер бойынша прокуратура органдарының айрықша тергеулігін белгілеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

БП, Үкімет

2022 жылғы маусым

МҚБ, ҚҚТБ, ҚК ҚҚЖБ

16.

Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін, оның ішінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату қажеттігі мәселесін пысықтай отырып, жүйелі шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БП, Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы мамыр

ҚК ҚҚЖБ, ҚҚТБ, ІСБ

17.

"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары женіндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Конституциясына езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
Үкімет, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, БП

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, ҚК ҚҚЖБ, ҚҚТБ, МББ, ҚХАХ, МҚКСБ
ІСБ, МҚБ, МББ, МҚКСБ, ҚК ҚҚЖБ

18.

"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Президент Әкімшілігі, Үкімет
БП, Үкімет

2022 жылғы сәуір
2022 жылғы маусым
2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ, ҚК ҚҚЖБ, ҚҚТБ, МББ
МҚБ, ҚҚТБ, ҚҚ ҚҚЖБ, МББ

19.

"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, БП, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2023 жылғы 10 шілдеге дейін, тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

ҚК ҚҚЖБ, ІСБ, ҚҚТБ

20.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің конкурстық рәсімдерінен онлайн-трансляциясын жасауды жэне олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялауды енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

ЖСК, Үкімет

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ

21.

Сот алқабилерінің қатысуымен қарайтын істердің санатын кеңейту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасы Заңы

ЖС, БП, Үкімет

2022 жылғы тамыз
2022 жылғы желтоқсан

МҚБ

VII. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту

22.

Мемлекеттің мүдцесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы желтоқсан

ІСБ, МББ, МҚБ

23.

Мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс- қимылын күшейту бойынша қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың реформаларды дайындау мен іске асыруға, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын ашық талқылау арқылы кеңінен тартылуына бағытталған тәсілдерді тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

СЖРА, Үкімет

2022 жылғы сәуір

СЖБ, ІСБ

24.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жалпыұлттық деңгейде жалғастыру үшін Ұлттық құрылтай құру

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

Үкімет

2022 жылғы сәуір

ІСБ

VIII. Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру

25.

Әкімшілік орталығы Семей қаласында болатын Абай облысын құру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Үкімет, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2022 жылғы маусым

МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ

26.

Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында болатын Ұлытау облысын құру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Үкімет, Қарағанды Облысының әкімі

2022 жылғы маусым

МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ

27.

Алматы облысын әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында болатын Жетісу облысына және әкімшілік орталығы Қапшағай қаласында болатын Алматы облысына бөлу

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Үкімет, Алматы облысының әкімі

2022 жылғы маусым

МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ

28.

Қапшағай қаласының атауын өзгерту мәселесін халықтың пікірін ескере отырып пысықтау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, Алматы облысының экімі

2022 жылғы сәуір

МБАҰЖБ, ІСБ

29.

Халықтың санын ескере отырып, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру, оның ішінде әкімдер орынбасарларының үшеуден аспайтын (айрықша жағдайларда әкімдер орынбасарларының төртеуден аспайтын) лимитін белгілеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, МҚІА

2022 жылғы шілде

МББ, МБАҰЖБ, МҚКСБ

IX. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру

30.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасы Заңының жобасында мыналарды көздеу:
мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару институттарының функцияларының аражігін ажырату;
халықаралық озық практикаға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін тікелей қаржыландыру тетігі;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншік базасын кеңейту; бюджеттің төртінші деңгейінде сатып алу тәртібін жеңілдету;
халыктың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруы бөлігінде мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы маусым

МББ, МБАҰЖБ, ӘЭМБ, МҚБ, МҚКСБ

31.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың еуропалық хартиясын Қазақстанның ратификациялауы мәселесін пысықтау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы маусым

МББ, МБАҰЖБ, ССХББ, МҚБ

X. Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы

32.

Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді топтамасын шұғыл түрде іске асыру, оның ішінде мыналар көзделеді: ұлттық валютаның орнықтылығын қамтамасыз ету, ірі институционалдық ойыншылардың шетел валютасының ұсынылуын қамтамасыз ете отырып, оны сатып алуды өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау аясында ғана жүзеге асыруы;
мемлекет қатысатын компаниялардың экспорттық валюта түсімдерін сатуын ұлғайту мәселесін пысықтау, сондай-ақ жер қойнауын жекеше пайдаланушылармен өз валюта түсімдерін сатуын қамтамасыз ету мэселесін пысықтау;
екінші деңгейдегі банктердің өз шарттық міндеттемелерін орындауы аясында клиенттерінің валюта сатып алуына бақылау мен мониторингті жүзеге асырудың сақталуына қатаң бақылау орнату

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, ҰБ, ҚНРДА

2022 жылғы сәуір

ӘЭМБ

33.

Егін егу науқанын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету, оның ішінде фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемін бөлу, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын тексеру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, облыстардың әкімдері

2022 жылғы 10 маусым

ӘЭМБ

34.

Азық-түліктің тапшылығы мен бағасының өсуін болғызбау бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік тұрақтандыру қорларына форвардтық сатып алуды жүзеге асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы сәуір, маусым

ӘЭМБ

35.

Туындайтын әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен сын-қатерлерге байланысты отандық бизнестің проблемаларына Ахуалдық орталық режимінде жылдам ден қою тәсілдерін Дағдарысқа қарсы шаралар жәніндегі жедел штабтың аясында тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нүр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы сәуір

ӘЭМБ, СЖБ, МББ

36.

Саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқарудағы жаңа құрылымдық реформалар топтамасын дайындау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

СЖРА, Үкімет, ҰБ, МҚІА, БҚДА

2022 жылғы шілде

СЖБ, ӘЭМБ, МББ, МҚКСБ

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

-

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

БҚДА

-

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

БП

-

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ЕК

-

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

ЖС

-

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ЖСК

-

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

КК

-

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

ҚМА

-

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

ҚНРДА

-

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

МҚІА

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ОСК

-

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Президент Әкімшілігі

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

СЖРА

-

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Үкімет

-

Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҰБ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ӘЭМБ

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

ҚҚТБ

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімі

ҚКҚҚЖБ

-

Қазақстан Республикасы Қәуіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі

ҚХАХ

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы

МБАҰЖБ

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі

МББ

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімі

МҚБ

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі

МҚКСБ

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі

СЖБ

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі

ССХББ

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі

ІСБ

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі