"Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 651 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауында:

      "Б" корпусы" деген бөлімінде:

      D санаттарының тобында:

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттарына (хатшылықтарына)

      қатысты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізбесінен кейін мынадай мазмұндағы жаңа кіші топпен толықтырылсын:

      "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық атқарушы органдарға есеп беретін және бақылауындағы аудандық атқарушы органдар, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары

      D-R-1 санаты

      Бөлім басшысы

      D-R-2 санаты

      Бөлім басшысының орынбасары

      D-R-3 санаты

      Сектор меңгерушісі

      D-R-4 санаты

      Бас маман

      D-R-5 санаты

      Жетекші маман";

      2) "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, мемлекеттік қызметшіні ротациялау жүзеге асырылған бұрынғы лауазымына тағайындауға ол басқа мемлекеттік лауазымға ротацияланған күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін жол беріледі.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімі мемлекеттік саяси қызметшіге және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қатысты тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынысы бойынша қабылдануы мүмкін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметшіні ротациялау жүзеге асырылған оның бұрынғы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындауға ол басқа мемлекеттік лауазымға ротацияланған күннен бастап бір жыл ішінде жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев