Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 605 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 26 маусымдағы
№ 605 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      2. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:

      "

Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Ахметжанов Марат Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы

      ".

      3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығында:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құрылымы осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) қызмет бабында пайдалану үшін.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір
жарлықтарына
енгізілетін өзгерістерге
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 74 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық Төрағаның хатшылығы Превенция қызметі Сотқа дейінгі тергеу қызметі Анықтау және жолын кесу қызметі Арнайы департамент Ұйымдастыру-бақылау департаменті (Штаб) Кадр жұмысы департаменті Жеке қауіпсіздік департаменті Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету департаменті

      _________________________

      _______________________