"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 474 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен

Күшін жойған

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 10.09.2022 № 1005 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 397-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:

      "5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген бөлімде:

      "5.1. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттары" деген кіші бөлім:

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "2021 жьшғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз ету үшін нысаналы сипатта болады.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кепілдендірілген трансферт

      Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2021 жылы - 2 700 млрд теңгені; 2022 жылы - 2 400 млрд теңгені құрайтын болады.

      2023 жылдан бастап Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін айқындау инфляция бойынша ұзақ мерзімді мақсатқа ұлғайтылған нысаналы ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейінде мемлекеттік шығыстардың өсу қарқынына тікелей шектеу белгілейтін контрциклдік бюджет қағидасына негізделетін болады.

      Кепілдендірілген трансферт тиісті жоспарлы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының кепілдендірілген трансферт туралы заңында айқындалатын кесімді баға кезінде мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдердің мөлшерінен аспайтын мөлшерде айқындалатын болады.

      Бұл ретте мемлекеттік шығыстардың көлемі кесімді баға кезінде болжанатын бюджеттің мұнайға қатысты емес кірістерімен және кепілдендірілген трансфертпен, нысаналы трансфертпен, сондай-ақ осы Тұжырымдаманың 5.2-кіші бөлімінде белгіленген мұнайға қатысты емес тапшылық бойынша шектеулерді ескере отырып жоспарланатын тапшылықпен шектелетін болады.

      Кейіннен, мұнай бағасының конъюнктурасына тікелей байланысты бюджетке түсімдердің ұлғаюы кезінде кепілдендірілген трансферт мөлшері төмендейтін болады.

      Контрциклдік бюджет қағидасы Ұлттық қордың активтерін одан әрі жинақтауға бағытталатын болады және мұнайға қатысты емес тапшылықты төмендетуге ықпал ететін болады.

      Контрциклдік бюджет қағидасының тетігі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен регламенттеледі және 2023 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қолданылатын болады.";

      "5.2. Бюджеттің және Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз ету" деген кіші бөлімде:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұнайға қатысты емес тапшылық деңгейі 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 6,0 %-ға дейін төмендетілетін болады.";

      кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "


2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Мұнайға қатысты емес тапшылық, ЖІӨ-ге қатысты %

9,3

7,4

7-8,5

11,1

6,6-9,1

6,5

6,4

6,1

6,0

      ";

      "5.3. Ұлттық қор активтерін басқару" деген кіші бөлімде:

      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Активтерді жаңа стратегиялық бөлуге көшуді 2017 жылы бастау жоспарланып отыр, таргеттелетін жаңа стратегиялық бөлуге 2022 жылдың соңына дейін қол жеткізіледі.";

      "6. Күтілетін нәтижелер" деген бөлімде:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      Болжам бойынша мұнайға қатысты емес тапшылық деңгейі 2025 жылы ЖІӨ-ге шаққанда 6,0 %-ға дейін және 2030 жылы ЖІӨ-ге шаққанда 5 %-ға дейін төмендейді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев