Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 184 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
1) 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі";
мына:
"
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | Президент | Әкімшілік Басшысы | Парламент Сенаты |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры** | Президент | Әкімшілік Басшысы | Парламент Сенаты |
"; |
мына:
"
Ұлттық Банкі Төрағасы | Президент | Әкімшілік Басшысы | Парламент Сенаты |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ұлттық Банк Төрағасы** | Президент | Әкімшілік Басшысы | Парламент Сенаты |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | Президент | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | Президент | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | Президент | Әкімшілік Басшысы | Парламент Сенаты |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы** | Президент | Әкімшілік Басшысы | Парламент Сенаты |
"; |
мына:
"
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы және екі мүшесі | Президент | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы** және екі мүшесі | Президент | Әкімшілік Басшысы |
"; |
мына:
"
Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының министрлері | Президент | Премьер-Министр |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының министрлері | Президент | Премьер - Министр | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы |
"; |
мына:
"
Сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлері | Президент |
"; |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлері** | Президент |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Президент | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Президент | Әкімшілік Басшысы | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы |
"; |
мына:
"
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері | Президент | тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері | Президент | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары | Президент | Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы | Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Әкімшілік Басшысы тағайындайтын хатшылықтар меңгерушілерін қоспағанда) | Президент | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы | Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы | Президент | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, Қорғаныс министрінің орынбасарлары | Президент | Қорғаныс министрі | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Әкімшілік Басшысы |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары | Президент | қорғаныс, сыртқы істер министрлері | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарлары | Президент | Сыртқы істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
"; |
мына:
"
Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары | Үкімет | министрлер | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары | Үкімет | министрлер | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы*** |
"; |
мына:
"
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қауіпсіздік қызметінің бастығы | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы |
" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарлары | Президент | Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар басшыларының орынбасарлары | Президент | Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар басшыларының орынбасарлары | Президент | Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы**** |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры | Президент | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры | Президент | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары, түрлері әскерлері тектерінің қолбасшылары | Президент | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары, түрлері әскерлері тектерінің қолбасшылары | Президент | Қорғаныс министрі | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Әкімшілік Басшысы |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары | Президент | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары | Президент | Қорғаныс министрі | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Әкімшілік Басшысы |
"; |
мына:
"
Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы | Президент | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы | Президент | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы | Президент | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы | Президент | Ішкі істер министрі | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Әкімшілік Басшысы |
"; |
мына:
"
Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы*** |
"; |
мына:
"
Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Комиссия* |
" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Бас прокуратураның аппарат басшысы | Бас прокурор | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Бас прокуратураның Аппарат басшысы | Бас Прокурор | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аппарат басшысы | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы | Комиссия* |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) агенттігінің аппарат басшысы | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысы | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысы | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар | Бас Прокурор | Бас Прокурор | Комиссия* |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар | Бас Прокурор | Бас Прокурор | Президент, Комиссия* |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы ҰҚК орталық аппаратының және орталық аппараты жанындағы Қызметтердің бастықтары, Қызмет бастықтарының орынбасарлары, Қызмет департаменттерінің бастықтары, департаменттердің бастықтары, Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы ҰҚК орталық аппаратының және орталық аппараты жанындағы қызметтердің бастықтары, қызметтер бастықтарының орынбасарлары, қызметтер департаменттерінің бастықтары, департаменттердің бастықтары, Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
ҰҚК Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарлары | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
ҰҚК Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарлары | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ҰҚК департаменттерінің бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ҰҚК департаменттерінің бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
" |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары, орынбасарлары | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары, орынбасарлары | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Бас штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары, штабтар бастықтары - Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Бас штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары, штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының орынбасарлары | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
"; |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының орынбасарлары | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Қарулы Күштер Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қарулы Күштер Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің бастықтары, Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің бастықтары, Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Ұлттық ұлан бас басқармаларының бастықтары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ұлттық ұлан бас басқармаларының бастықтары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы | Комиссия* |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша департаменттерінің басшылары | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы | Комиссия* |
"; |
мына:
"
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мына:
"
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары | ""Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасы | Премьер- Министр | Әкімшілік Басшысы |
" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ басқармасының төрағасы | Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі | Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"*лауазымға тағайындауды келісу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның шешімімен жүзеге асырылады;
** кандидатураларды талқылау "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабы 8) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады;
*** Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы Ереженің 17-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген лауазымдарға кандидатураларға қатысты;
**** Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарларына қатысты.";
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Орталық атқарушы органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымына тағайындауға ұсынылатын (қарастырылатын) кандидатуралар Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен келісілуге тиіс.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Президенті осы Ережеде көзделген рәсімдерді сақтамай, қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізе алады.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен кандидатураларды келісуге ұсынуға бұрыштама қою арқылы да жүзеге асырылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекет басшысы, Әкімшілік Басшысы немесе өзге де лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен тиісті шешім шығарғанға дейін, олармен келісілуге тиіс кандидатураларды қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы актілерді қабылдауға жол берілмейді.";
бірінші бөлікте "Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы" деген сөздер "уәкілетті лауазымды адамдар" сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры, Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарлары, қызметтердің бастықтары және олардың орынбасарлары, қызметтер департаменттерінің, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана департаменттерінің, ҰҚК академиясының бастықтары;";
бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау мәселелерін қадағалайтын орынбасары;";
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Ұлттық экономика министрінің жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту мәселелерін қадағалайтын орынбасары, Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы;";
үшінші абзацында "Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің" деген сөздер "Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацында "Қоғамдық" деген сөз "Ақпарат және қоғамдық" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
""Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ басқармасының төрағасы";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінде:
Бас Прокурордың бірінші орынбасары, орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокурорлары, оларға теңестірілген басқа да прокурорлар; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасы; Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, бірінші проректоры;
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ішкі істер министрлігінің Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары, Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің, криминалдық полиция, тергеу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;
Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Ішкі істер министрлігі аппараттарының басшылары;
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттерінің басшылары.";
19-тармақ алып тасталсын.
2."Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 6-1 және 8-1-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы";
"8-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы";
13-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2, 14-3 және 23-1-тармақтармен толықтырылсын:
"14-1. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары
14-2. Тұңғыш Президент – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
14-3. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)";
"23-1. Тұңғыш Президент – Елбасының көмекшілері";
25-1, 25-2-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 25-3, 42-1 және 42-2-тармақтармен толықтырылсын:
"25-3. Тұңғыш Президент – Елбасының кеңесшілері";
"42-1. Тұңғыш Президент – Елбасының Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
42-2. Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 6-1 және 9-1-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы";
"9-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы";
15-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3 және 27-1-тармақтармен толықтырылсын:
"16-1. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары
16-2. Тұңғыш Президент – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
16-3. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)";
"27-1. Тұңғыш Президент – Елбасының көмекшілері";
29-1, 29-2-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29-3, 46-1 және 46-2-тармақтармен толықтырылсын:
"29-3. Тұңғыш Президент – Елбасының кеңесшілері";
"46-1. Тұңғыш Президент – Елбасының Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
46-2. Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)".
3. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 379-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссия Тізбеде* көзделген құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы мәселелерді қарайды.";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"* Тізбе – "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесі.";
11-тармақта ", әдетте, тоқсанына бір рет" деген сөздер "қажеттігіне қарай" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Комиссияның шешімін сырттай дауыс беру тәртібінде қабылдауға Комиссия төрағасының келісімімен жол беріледі.".
4. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығына:
Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Президенттік резервті қалыптастыру "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде көзделген лауазымдарға қатысты жүзеге асырылады.";
8-тармақтың 1) тармақшасында "біліктілік" деген сөз алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жыл сайын 1 қазанға дейін арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына Президенттік резервке енгізу үшін ұсынылған қызметкерлердің тізімін жолдайды.
Президенттік резервке енгізу үшін құқық қорғау органдары ұсынған қызметкерлердің тізімдері Құқық қорғау жүйесі бөліміне тиісті тоқсанның соңғы айының 1 күніне дейін, тоқсан сайын жолдануы тиіс.
Президенттік резервке енгізу үшін ұсынылған қызметкерлердің тізімдеріне мынадай материалдар қоса берілуге тиіс:
1) қызметкердің іскерлік және жеке қасиеттері көрсетілген, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынуы;
2) белгіленген нысандағы фотосуреті бар қызметтік анықтама (қызметтік тізім);
3) қызметкердің міндетті арнайы тексеруден өткені туралы мәліметтер.
Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы іссапармен барған қызметкерлерге қатысты мінездеме беретін материалдарды тиісті қызметкер қызмет өткеріп жатқан органның (ұйымның) басшысынан сұратуға құқылы.
Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір дәл емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайда, Президенттік резервке енгізуге ұсынылған қызметкерлерге қатысты материалдарды Құқық қорғау жүйесі бөлімі және Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы кері қайтармай, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюына болады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы жыл сайын:
1) ұсынылған материалдардың анықтығына, толық болуына және Президенттік резервке ұсынылған қызметкердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеруді 30 қарашаға дейін жүзеге асырады, қажеттігіне қарай мәліметтерді сұрату арқылы қосымша тексеру шараларын жүргізеді;
2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша Президенттік резервке ұсынылған қызметкерлердің тізімін 20 желтоқсанға дейін қалыптастырады;
3) Президенттік резерв бекітілгеннен кейін он күн ішінде арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына хабарлайды.
Құқық қорғау жүйесі бөлімі тоқсан сайын:
1) ұсынылған материалдардың анықтығына, толық болуына және Президенттік резервке ұсынылған қызметкердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеруді тиісті тоқсанның соңғы айының 15 күніне дейін жүзеге асырады, қажеттігіне қарай мәліметтерді сұрату арқылы қосымша тексеру шараларын жүргізеді;
2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша Президенттік резервке ұсынылған қызметкерлердің тізімін тиісті тоқсанның соңғы айының 30 күніне дейін қалыптастырады;
3) Президенттік резерв бекітілгеннен кейін он күн ішінде құқық қорғау органдарының бірінші басшыларына хабарлайды.";
19-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген мерзімнің өтуі;".
5. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:
мына:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары";
"2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:
"Б" корпусы" бөлімінде:
"А" санаттары" тобында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі" кіші тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты".
6. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 өкімінде:
атауында және бүкіл мәтін бойынша "сыныптық шендер", "сыныптық шендерді", "сыныптық шендерден" деген сөздерден кейін тиісінше ", біліктілік сыныптары", ", біліктілік сыныптарын", ", біліктілік сыныптарынан" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия құрылсын.";
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы ережеде:
"4. Комиссияның құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру" тарауында:
2-тармақта "2/3 қатысса," деген сөздер "кемінде 2/3 қатысса," деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның шешімдері хаттамалық шешімдермен ресімделеді.";
4-тармақ алып тасталсын.