1. “Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 жыл, № 13, 87-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енгізілсін:
Аймағамбетов | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, |
Айтаханов | - | Шымкент қаласының әкімі, |
Есқалиев | - | Батыс Қазақстан облысының әкімі, |
Ысқақов | - | Қызылорда облысының әкімі, |
Қалиев | - | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, |
Нығыметов | - | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, |
Райымқұлова | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, |
Сағынтаев | - | Алматы қаласының әкімі, |
Танысбай | - | “Қазақстан” республикалық телерадиокорпорациясы” акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы (келісім бойынша), |
Тұрымов | - | Маңғыстау облысының әкімі, |
Құрманғали | - | Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы; |
мына жолдар:
“Балаева | - | Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, хатшы”, |
"Әшімбаев | - | “Нұр Отан” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)”, |
"Байбек | - | Алматы қаласының әкімі”, |
"Карин | - | “Қазақстан” республикалық телерадиокорпорациясы” акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша)”, |
"Көлгінов Алтай Сейдірұлы | - | Батыс Қазақстан облысының әкімі” |
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
“Балаева | - | Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі, хатшы”, |
“Әшімбаев | - | Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі”, |
“Байбек | - | "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)”, |
“Карин | - | Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі”, |
“Көлгінов Алтай Сейдірұлы | - | Нұр-Сұлтан қаласының әкімі; |
жоғарыда аталған комиссия құрамынан шығарылсын: Ғ.Р. Әбдірахымов, Е.Ж. Бабақұмаров, Қ.Е. Көшербаев, А. Мұхамедиұлы, А.Ш. Нұразхан, Б.Т. Сұлтанов, Е.Л. Тоғжанов, К.Н. Шәмшидинова.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |