Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан әрі қарышты мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.НАЗАРБАЕВ |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.08.2020 № 395; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының мемлекеттің өңірлік саясат саласындағы жұмысты үйлестіруші орынбасары
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Астана қаласының әкімі
Алматы қаласының әкімі
Шымкент қаласының әкімі
Ақмола облысының әкімі
Ақтөбе облысының әкімі
Алматы облысының әкімі
Атырау облысының әкімі
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Жамбыл облысының әкімі
Қарағанды облысының әкімі
Қостанай облысының әкімі
Қызылорда облысының әкімі
Маңғыстау облысының әкімі
Павлодар облысының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Түркістан облысының әкімі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі
"AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы (келісім бойынша)
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)
Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"Егемен Қазақстан" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"Қазақстан Республикасының ардагерлері ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
"Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
"Жұлдыз" журналының бас редакторы (келісім бойынша)
"Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы (келісім бойынша)
"Коммерческий телевизионный канал" акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)
"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
JI.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)
Әбдікұлы Төлен - қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Ақсұңқар Серік - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)
Паттеев Шәмшідин Әшенқожаұлы - журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)