Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімін іске асыру жөніндегі құзыретті мемлекеттік органдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 65 Жарлығы.

Қолданыстағы

      2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашхабадта жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Келісімнің ережелерін іске асыру жөніндегі құзыретті орған болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ