"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 816 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 442 Жарлығымен

Күшін жойған

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 29.01.2024 № 442 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 48-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      1-тармақта:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кеңестің функциялары:

      1) Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) Қордың даму стратегиясын мақұлдау және оның іске асырылу барысы туралы Қордың жыл сайынғы есебін қарау, сондай-ақ Қор өз қызметін жүзеге асыратын экономиканың басым секторлары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) әлеуметтік маңызы бар және индустриялық-инновациялық жобаларды, оның ішінде республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөле отырып іске асыруды қоса алғанда, қазақстандық экономиканы әртараптандыру және жаңғырту мемлекеттік бағдарламаларына Қордың қатысуы жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстарын қарау;

      4) Қордың тәуелсіз директорларын сайлау үшін кандидатураларды, сондай-ақ Қордың тәуелсіз директорларына сыйақы төлеу мөлшерін және шарттарын келісу;

      5) Қор тобына кіретін ұйымның директорлар кеңесінің немесе қадағалау кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесін немесе өзге мемлекеттік қызметшіні сайлау үшін ұсынымдар беру болып табылады.";

      7-тармақта:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңесінің құрамы (лауазымы бойынша) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 816 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1116 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Кеңес төрағасы

      кеңес мүшелері:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      екі отандық бизнес өкілі

      шетелдік бизнес өкілі.